Алтай ауданы Алтай қаласының тұйық көшелеріне атаулар беру және көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 459 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 22/4-VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 қазанда № 30033 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы, 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындыларына сәйкес және Алтай ауданы Алтай қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Алтай ауданы Алтай қаласының келесі тұйық көшелеріне атаулар берілсін:

      атауы жоқ тұйық көшеге Балдәурен тұйық көшесі;

      атауы жоқ тұйық көшеге Весенний тұйық көшесі;

      атауы жоқ тұйық көшеге Арман тұйық көшесі;

      атауы жоқ тұйық көшеге Счастья тұйық көшесі.

      2. Алтай ауданы Алтай қаласының Стахановская көшесі Александр Несмиянов көшесі болып қайта аталсын.

      3. "Алтай ауданының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен қаулы мен шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен қаулы және шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімінің интернет-қорында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Е. Мустафин
      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады