Алтай ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 602 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 7 желтоқсанда № 31014 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 тіркелген) сәйкес, Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтай ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Зырян ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-12-162 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. "Алтай ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрілігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының оның ресми жарияланғанынан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік ететін Алтай ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Е. Мустафин

  Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 1 желтоқсандағы
№ 602 қаулысына
қосымша

Алтай ауданының елді мекендерінде стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

№    

Нақты орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Қызмет саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1.

Алтай қаласы, Бочарников көшесі, "Восток" дүкеніне қарама-қарсы

60

5

азық-түлік тауарларды сату

"Восток" дүкені

2.

Алтай қаласы, Солнечная көшесі, "Мир моды" дүкенінің сол жағынан

45

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"96" дүкені

3.

Алтай қаласы, Бочарников көшесі, "Снежинка" дүкенінің оң жағынан

55

5

азық-түлік тауарларды сату

"Снежинка" дүкені

4.

Алтай қаласы, Панфилов көшесі, "Сириус" дүкенінің оң жағынан

20

5

азық-түлік тауарларды сату

"Сириус" дүкені

5.

Алтай қаласы, Солнечная көшесі, "96" дүкеніне қарама-қарсы

25

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"96" дүкені

6.

Алтай қаласы, Астана көшесі, "Шик" дүкеніне қарама-қарсы

20

5

азық-түлік тауарларды сату

"Шик" дүкені

7.

Алтай қаласы, Тимофеев көшесі, "Союз" дүкенінің оң жағынан

140

3

азық-түлік тауарларды сату

"Союз" дүкені

8.

Серебрянск қаласы, Тохтаров көшесі, "Элита" дүкеніне қарама-қарсы

10

5

азық-түлік тауарларды сату

"Элита" дүкені

9.

Серебрянск қаласы, Некрасов көшесі, "Снежинка" дүкенінің оң жағынан

10

5

азық-түлік тауарларды сату

"Снежинка" дүкені

10.

Серебрянск қаласы, Комсомольская көшесі, "Серебряночка" дүкенінің сол жағынан

25

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Серебряночка" дүкені

11.

Серебрянск қаласы, Привокзальная көшесі, "Идеал" дүкеніне қарама-қарсы

10

5

азық-түлік тауарларды сату

"Идеал" дүкені

12.

Прибрежный кенті, 2 квартал, "Ника" дүкеніне қарама-қарсы

6

5

азық-түлік тауарларды сату

"Ника" дүкені

13.

Зубовск кенті, Железнодорожная көшесі, "Асель" дүкеніне қарама-қарсы

6

5

азық-түлік тауарларды сату

"Асель" дүкені

14.

Тұрғысын ауылы, Садовая көшесі, "Камилла" кафесіне қарама-қарсы

15

5

азық-түлік тауарларды сату

"Камилла" кафесі

15.

Тұрғысын ауылы, Садовая көшесі, "Каратай" кафесінің сол жағынан

6

5

азық-түлік тауарларды сату

"Каратай" кафесі

16.

Тұрғысын ауылы, Бухтарминская көшесі, "Тургусун" дүкенінің сол жағынан

15

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Тургусун" дүкені

17.

Феклистовка ауылы, Гагарин көшесі, "Достык" дүкенінің сол жағынан

9

5

азық-түлік тауарларды сату

"Достык" дүкені

18.

Северное ауылы, Береговая көшесі, "Радуга" дүкенінің оң жағынан

12

5

азық-түлік тауарларды сату

"Радуга" дүкені

19.

Малеевка ауылы, Бухтарминская көшесі, "Иса" дүкенінің оң жағынан

6

5

азық-түлік тауарларды сату

"Иса" дүкені

20.

Полянское ауылы, Максим Горький көшесі, "У Влада" дүкеніне қарама-қарсы

9

5

азық-түлік тауарларды сату

"У Влада" дүкені

21.

Полянское ауылы, Фрунзе көшесі, "Восток" дүкенінің оң жағынан

6

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

"Восток" дүкені

22.

Васильевка ауылы, Васильевка ауылының аялдама павильонының оң жағынан

9

5

азық-түлік тауарларды сату

жоқ

23.

Дородница ауылы, Школьная көшесі, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің "Дородница негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағынан

6

5

азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сату

жоқ

24.

Жаңа Бұқтырма кенті, Абай көшесі, "Лимон" дүкеніне қарама-қарсы

100

5

азық-түлік тауарларды сату

"Лимон" дүкені

25.

Жаңа Бұқтырма кенті, Абай көшесі, "№ 1" дүкенінің оң жағынан

15

5

азық-түлік тауарларды сату

"№ 1" дүкені

26.

Жаңа Бұқтырма кенті, Молодежная көшесі, № 1 "А" ғимаратының оң жағынан

9

5

азық-түлік тауарларды сату

жоқ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады