Зырян ауданының елді мекендерінде көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 маусымдағы № 185 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зырян аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 шілдеде № 5-12-162 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 01.12.2022 № 602 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 27-баптарына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының елді мекендері аумағында сауда қызметін реттеу мақсатында, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Зырян ауданы елді мекендерінің аумағында мына орындар көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары болып белгіленсін:

      1) Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан 1-қосымшаға сәйкес орындар;

      2) Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы мұздатқыш құралдарынан балмұздақ, салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін 2-қосымшаға сәйкес орындар;

      3) Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан 3-қосымшаға сәйкес орындар.

      2. "Зырян қаласының әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) Зырян ауданының әділет басқармасында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) әкімдіктің осы қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның қазақ және орыс тіліндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Зырян ауданы аумағында таратылатын мерзімдік баспаға оның көшірмесі ресми жариялауға жіберілуін;

      4) қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында осы қаулының орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зырян ауданының әкімі Н. Токсеитов

  Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 185 қаулысына
1-қосымша

Зырян қаласында автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

      1. "Восток" шағын базарында, Бочарников – Стахановская көшелерінің қиылысында.

      2. Солнечная көшесінің бойындағы шағын базарда.

      3. Бочарников көшесінің бойындағы қалалық шағын базарда.

      4. Панфилов – Бухтарминская көшелерінің қиылысында.

  Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 185 қаулысына
2-қосымша

Зырян ауданының елді мекендерінде арнайы тоңазытқыш құралдарынан балмұздақ және салқындатқыш сусындарды палаткалардан сату үшін көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

      1. Автобекеттер ауданында.

      2. Киоскілер, дүкендер мен сауда үйлерінің ауданында.

      3. Ресторандар, кафелер, барлар және асханалар ауданында.

      4. Теміржол вокзалдары мен станцияларының ауданында.

      5. Саябақтарда, скверлерде, аллеяларда және алаңдарда.

  Зырян ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 12 маусымдағы
№ 185 қаулысына
3-қосымша

Серебрянск қаласында, кенттерде және ауылдарда автосөрелерден және палаткалардан көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар

      1. Серебрянск қаласында:

      1) Тохтаров көшесінің бойындағы Орталық базардың ауданында жаяу жүргіншілер жолында;

      2) Некрасов көшесінің бойында "Снежинка" дүкенінің алдында;

      3) Комсомольская көшесінің бойындағы № 80, № 82, № 84 үйлердің ауданындағы алаңда;

      4) теміржол вокзалы.

      2. Прибрежный кентінде наубайхана ауданындағы алаңда.

      3. Зубовск кентінде теміржол вокзалына іргелес аумақта.

      4. Тұрғысын ауылында "Камилла" кафесінің алдында, "Қаратай" кафесінің алдында, орталық алаңда.

      5. Феклистовка ауылында "Достық" дүкенінің жанында.

      6. Северное ауылында "Радуга" дүкенінің жанында.

      7. Малеевск ауылында Бухтарминская көшесі бойынша және Бұқтырма өзені арқылы өтетін көпір жанында.

      8. Первороссийское ауылында автобус аялдамасының жанында.

      9. Васильевка ауылында автобус аялдамасының жанында.

      10. Жаңа Бұқтырма кентінде жеке кәсіпкер "Литвиновтың", жеке кәсіпкер "Жигловтың" базарында.

      11. Жаңа Бұқтырма кентінде "Бұқтырма" жай бақшашылық серіктестігіне іргелес аумақта.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады