Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жөне отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасын бекіту туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 26 қазандағы № 11/113-VII шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 25081 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген қосымшасындағы 5 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,091 (он бір бүтін мыңнан тоқсан бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Д. Бралинов |