Шектеу іс – шараларын тоқтату және "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 желтоқсанда № 31527 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35 – бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 – бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2022 жылғы 06 желтоқсандағы № 264 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі Берел ауылының аумағында ірі қара малдың арасында бруцеллез ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық - санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округінің Берел ауылында шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 27587 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл ауылдық округінің әкімі А. Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады