"Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Күршім ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 250 қаулысын жою туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 153 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27706 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Күршім ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 250 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8807 болып тіркелген) қаулысынның күші жойылды деп танылсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы "Күршім ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің орынбасары Р.Д.Умутбаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының әкімі Д. Қажанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады