Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 – бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35 – бабының 2 – тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Күршім ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Күршім ауданың Күршім ауылдық округі Күршім ауылының Көкшетау көшесі Асылбек Сабеков көшесіне қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Күршім ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Респуликасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімнің ресми жарияланғанынан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауылдық округінің әкімі | Е. Нурсоветов |