Көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 17 маусымдағы № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 маусымда № 28582 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Боран ауылдық округінің Қазақстан ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысының негізінде, ШЕШТІМ:

      1.Күршім ауданы Боран ауылдық округі Қазақстан ауылының атаусыз көшесіне Қожабек Сатжанов атауы берілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының Боран
ауылдық округінің әкімі
А. Наурызбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады