Көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 сәуірде № 27729 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35- бабының 2- тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 11 маусымдағы қорытындысының негізінде және Урунхайка, Шанағаты, Бұғымүйіз, Балықтыбұлақ, ауылдарының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылдық округі Урунхайка, Шанағаты, Бұғымүйіз, Балықтыбұлақ ауылдарының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      1) Урунхайка ауылының атауы жоқ көшесіне – "Абай" көшесі;

      2) Шанағаты ауылының атауы жоқ көшесіне – "Батырлар" көшесі;

      3) Бұғымүйіз ауылының атауы жоқ көшесіне – "Қара Қаба" көшесі;

      4) Балықтыбұлақ ауылының атауы жоқ көшесіне – "Арасан" көшесі.

      2. "Төсқайың ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім оның ресми жариялағанынан кейін Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының Төсқайың ауылдық округінің әкімі А. Беткенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады