Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 63 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 мамырда № 28189 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 - бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Ақжар ауылы халқының пікірін ескере отырып және Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тарбағатай ауданы Ақжар ауылдық округі Ақжар ауылының Б.Майлин көшесі Қабыкен Жарылғасынов көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар ауылдық округінің әкімі Д. Ниязбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады