"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27–бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 01 қыркүйектегі № 582 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Мүйізді ұсақ малдары құтырық ауруы ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Бөктер" қыстағының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 15 "Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округінің "Бөктер" қыстағына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4115 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Екпін ауылдық округінің әкімі | А. Караталов |