Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округiнiң "Бөктер" қыстағына шектеу іс-шарасын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 15 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда № 4115 болып тіркелді. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 17 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды-Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Екпін ауылдық округі әкімінің 26.08.2022 № 17 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2015 жылғы 07 шілдедегі № 425 ұсынысы негізінде, Екпін ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Бөктер" қыстағында мүйізді ұсақ малдарынан құтырық ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шарасы белгіленсін.

      2."Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына (Б. Қажыкенов) тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екпін ауылдық округінің әкiмiнің
міндетін уақытша атқарушы
Б. Қоңыров
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және қадағалау
Комитетінің Тарбағатай аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі басшысы
"19" шілде 2015 жыл
Б. Қажыкенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады