Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 14.06.2024 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1- тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ұлан аудандық мәслихатының шешімдерінің күшi осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы | Г. Калиева |
2022 жылғы 21 ақпандағы № 129 Шешімге 1 қосымша |
Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы және мөлшері
Ескерту. Шешімнің 1 қосымшасының атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 14.06.2024 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Заңына сәйкес әзірленеді және Катонқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.
2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
3. Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 27.06.2023 № 52 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Әлеуметтік қолдау Ұлан ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 14.06.2024 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,3759 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 14.06.2024 № 144 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2022 жылғы 21 ақпандағы № 129 Шешімге 2 қосымша |
Күші жойылған шешімдердің тізбесі
1) Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы" 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 376 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7063 тіркелген);
2) Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 "Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс еңгізу туралы" 2017 жылғы 30 наурыздағы № 87 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4967 тіркелген);
3) Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 "Ұлан ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 11 қазандағы № 236 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-202 тіркелген);
4) Ұлан аудандық мәслихатының "Ұлан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 маусымдағы № 37 "Ұлан ауданының ауылдық елдi мекендерде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 334 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6504 тіркелген).