Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты, ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 21-202/VI "Сот шешімімен Үржар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5317 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының хатшысы | К. Карашев |