Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI "Үржар ауданында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 14-219/VII шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 4 сәуірде № 27377 болып тіркелді

      Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымындағы № 53-656/VI "Үржар ауданында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7281 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы";

      шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшерін осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Үржар аудандық мәслихатының хатшысы К. Карашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 14-219/VII шешіміне
қосымша

Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидасы мен мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республика-сының Заңына сәйкес әзірленді және Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

      3. Үржар ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде, "Қазпошта" акционерлік қоғамы бөлімшелері арқылы әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау Үржар ауданы аумағындағы ауылдық елді мекендерде тұрақты тұратын және жұмыс істейтін тұлғаларға көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 11,091 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады