"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына,"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шемонаиха қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының келесі көшелері мен тұйық көшесі қайта аталсын:
Северная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Кооперативная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Фестивальная көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Транспортная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Дальняя көшесін Міржақып Дулатұлы көшесіне;
Тихий тұйық көшесін Мұхтар Әуезов тұйық көшесіне.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |