Сноска. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Каменевский ауылдық округі әкімінің 08.07.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 1 наурыздағы № 35 ұсынысының негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округінің әкімі |
Б. Тайтөлеуов |