Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 наурыздағы "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Каменевский ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 8 шілдедегі № 4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 13 шілдеде № 28796 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шемонаиха аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 136 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылының аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шемонаиха ауданының Каменевский ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 10 наурыздағы "Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Каменевский ауылдық округі Рулиха ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27295 болып тіркелген) № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданы
Каменевский ауылдық округінің әкімі
Б. Тайтөлеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады