Батыс Қазақстан облысының кейбір елді мекендерін қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 44 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 11-5 бірлескен қаулысы мен шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 19 сәуірде № 27626 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 11–бабының 4) тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Батыс Қазақстан облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:

      Бәйтерек ауданы бойынша:

      Краснов ауылдық округі – Бейбітшілік ауылдық округіне;

      Краснов ауылдық округінің Погодаев ауылы – Бейбітшілік ауылына;

      Краснов ауылдық округінің Котельников ауылы – Сырым батыр ауылына;

      Железнов ауылдық округі – Атамекен ауылдық округіне;

      Железнов ауылдық округінің Железнов ауылы – Атамекен ауылына;

      Железнов ауылдық округінің Новенький ауылы – Қайнар ауылына;

      Чеботарев ауылдық округі – Құрманғазы ауылдық округіне;

      Чеботарев ауылдық округінің Чеботарев ауылы – Құрманғазы ауылына;

      Чеботарев ауылдық округінің Хамин ауылы – Аманат ауылына;

      Шалғай ауылдық округінің Карпово ауылы – Тыңдала ауылына;

      Теректі ауданы бойынша:

      Федоровка ауылдық округі – Теректі ауылдық округіне;

      Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылы – Теректі ауылына қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан ауданының әкімі Г. Искалиев
      Мәслихат хатшысы Б. Конысбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады