Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.К.Утегуловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Г. Искалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 60 қаулысымен бекітілген |
2022 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері
Облыс атауы | Барлығы ақшалай қаражат қажет, мың теңге | Субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері, мың теңге | |||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандары | ||
Батыс Қазақстан облысы | 247 027 | 2 004 | 44 890 | 60 183 | 139 950 |