Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 шілдедегі № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 6 тамызда № 29037 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      бекітілген діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Г. Искалиев

  Қаулысына қосымша
  2012 жылғы 11 қырқүйекте
№166 Батыс Қазақстан облыс
әкімдігінің қаулысымен
бекітілді

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

Арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы

1

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Фрунзе көшесі, 49, "Оптима" кітап дүкені

2

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 153 үй, 66 үй-жай, "Книги" кітап дүкені

3

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 150 үй, 100 үй-жай, "Книжник" кітап дүкені

4

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Абай даңғылы, 105 үй, 13 үй-жай

5

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Молодежная көшесі, 13, "Жарсуат" сауда үйі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады