Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 54 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 14 наурызда № 7497-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 7 наурыздағы № 54
қаулысына қосымша

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3039 болып тіркелді);

      2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 9 тамыздағы № 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3050 болып тіркелді);

      3. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Облыстағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне теріс әсер ететін шаруашылық қызметтер мен тиісті аумақтарды белгілеу туралы" 2010 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелді);

      4. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3097 болып тіркелді);

      5. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 374 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4254 болып тіркелді);

      6. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4378 болып тіркелді);

      7. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы" 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4422 болып тіркелді);

      8. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 наурыздағы № 80 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 19 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4693 болып тіркелді);

      9. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы" 2019 жылғы 25 ақпандағы № 45 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5550 болып тіркелді);

      10. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 қарашадағы № 300 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5861 болып тіркелді);

      11. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 300 "Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 69 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6171 болып тіркелді);

      12. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 29 шілдедегі № 141 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29037 болып тіркелді);

      13. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 83 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7139-07 болып тіркелді);

      14. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 19 қарашадағы № 300 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №309 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7293-07 болып тіркелді);

      15. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 166 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2024 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7325-07 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады