Орал қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 19-4 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29699 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Орал қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Орал қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е. Калиев

  2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 19-4 Шешімге қосымша

Орал қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (Қосылған құн салығынсыз)

Жайлы үйлер

1 тұрғын айына

442,92

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын айына

451,64

Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф

1 м3

2092,55


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады