Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі № 19-3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 20 қыркүйекте № 29700 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Орал қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының хатшысы Е. Калиев

  2022 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 19-3 Мәслихатының
шешіміне қосымша

Орал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері

Есептік бірлік

Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,54
2,59

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

0,45

3

Қонақүйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,82

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқада мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

0,31

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,75

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

0,02

7

Ауруханалар, өзгеде емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,81

8

Мектептер және өзгеде оқу орындары

1 оқушы

0,8

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

0,51

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,11

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,25

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

0,25

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

1,93

15

Машиналардан сату

Сауда орнының1 м2

1,92

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,87

17

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпыалаңы 1 м2

0,3

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

0,75

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,84

20

Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы

Жалпы алаңы 1 м2

0,26

21

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,58

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

0,3

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,9

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,7

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,81

26

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

27

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,3

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

0,25

29

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

0,56

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

0,11

31

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

1,73


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады