Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2- тармағына, Қазақстан Республиқасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Янайкин, Скворкин және Богатск ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінің Янайкин ауылындағы көшелері:
Студенческая көшесін Құрманғазы көшесіне;
Садовая көшесін Мәншүк Мәметова көшесіне;
Набережная көшесін Жайық көшесіне;
Луговая көшесін Бірлік көшесіне;
Парковая көшесін Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Школьная көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;
Лесная көшесін Теректі көшесіне қайта аталсын.
2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінің Скворкин ауылындағы көшелері:
Центральная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;
Степная көшесін Болашақ көшесіне қайта аталсын.
3. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Янайкин ауылдық округінің Богатск ауылындағы көшелері:
Полтавская көшесін Саржайлау көшесіне;
Степная көшесін Шағала көшесіне;
Красная көшесін Ақсу көшесіне қайта аталсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Янайкин ауылдық округінің әкімі | С. Аккаирова |