Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Садовое ауылының көшелерін қайта атау және атау беру туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 44 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29327 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Садовое ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 1 қорытындысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Садовое ауылының көшелері қайта аталсын:

      Торговая көшесін Сарайшық көшесіне;

      Колхозная көшесін Жайық көшесіне;

      Садовая көшесін Алмалы көшесіне;

      Строителей көшесін Үміт көшесіне;

      Строительная көшесін Бейбітшілік көшесіне;

      Нижная Садовая көшесін Ақжайлау көшесіне;

      З.Космедемьянская көшесін Достық көшесіне.

      2. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Садовое ауылының атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:

      №2 көшеге - Арай көшесі;

      №3 көшеге - Арман көшесі;

      №4 көшеге - Балауса көшесі;

      №5 көшеге - Жұлдыз көшесі.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Макаров ауылдық округінің әкімі Е. Абилкакимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады