Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2022 жылғы 5 тамыздағы № 9 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 13 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 қазанда № 30164 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес ШЕШТІМ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің "Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" 2022 жылғы 5 тамыздағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №29122 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. Айтмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады