Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 9 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 15 тамызда № 29122 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 2022 жылғы 6 қазандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы әкімінің 06.10.2022 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 4 шілдедегі № 7 хаттамасының негізінде ШЕШТІМ:

      1. Тасқала ауданы Амангелді ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Б. Айтмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады