Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 3 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 24 қаңтарда № 26616 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 03.03.2022 № 11 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы"  Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 19-12/505 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С. Байтенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады