Шектеу іс-шараларын тоқтату және Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 3 "Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 11 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 14 наурызда № 27093 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы, 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1- бабы 8) тармақшасына сәйкес және Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 19-12/63 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі Ақбұлақ ауылының аумағында ірі қара малдың жұқпалы ринотрахеит ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 3 "Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің Ақбұлақ ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26616 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С. Байтенова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады