"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 4 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда № 31708 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13979 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәденимұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы;

      4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түріне тексеру парағы бекітілсін.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шараның орындалуы туралы мәлімет ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің м.а.
__________Т. Жаксылыков
     
      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
__________С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының Құқықтық

      статистика және арнайы есепке

      алу жөніндегі комитет

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 4 бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес, сонымен қатар "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген), "Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту және "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар) бақылау субъектілерін (объектілерді) іріктеу үшін және оларды бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен;

      2) болмашы бұзушылықтар – тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режиміне қатысты талаптарды бұзу;

      3) елеулі бұзушылықтар – монументтік өнер құрылыстарын орнату, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін, қорғау міндеттемелерінде жазылған тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын сақтауға қатысты, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына зиянды әсер ететін шараларға жол беруге қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар – тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру шарттары мен осы қызметті лицензиялауды, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңды орнын ауыстыру және оны өзгерту, сондай-ақ олардың жай-күйінің толық жойылуға дейін нашарлауына соқтыратын шараларға жол беруге қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

      10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу еселігі жүргізілетін талдау және субъективті өлшемдер бойынша алынатын мәліметтерді бағалау нәтижелері бойынша, бірақ жылына бір реттен жиілетпей айқындалады.

      4. Мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімі бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау үшін негіз болып табылады.

      5. Бақылау субъектісіне (объектінің) бару арқылы профилактикалық бақылау субъектілерінің тізімі субъективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекелдік дәрежесі бар бақылау субъектісінің басымдықтарын ескере отырып жасалады.

      6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біліктілік талаптарына сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

      7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне (бұдан әрі – тәуекел дәрежесі) жатқызады:

      1) жоғары тәуекел;

      2) орташа тәуекел;

      3) төмен тәуекел.

      8. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес осы Өлшемшарттардың 3-тарауына сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға:

      1) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне;

      2) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ті қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің орташа дәрежесіне;

      3) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-ты қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылады.

      Тәуекелдің жоғары және орташа дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Тәуекелдің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметі салаларында талаптарға сәйкестігіне тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау және жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      9. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

      Бұл ретте өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтарды айқындау тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласының ерекшелігін ескере отырып, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында белгіленеді.

      Субъективті өлшемшарттарды қалыптастыру кезінде бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      10. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

      Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

      11. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу кестелерін немесе тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеру жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

1-параграф. Объективті өлшемшарттар

      12. Уәкілетті органмен жүзеге асырылатын тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы бақылау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне:

      1) жергілікті атқарушы органдар;

      2) тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар лицензиаттар;

      3) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылатын бақылау үшін тәуекелдің жоғары дәрежесіне:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері;

      2) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

      Тәуекелдің орта және төмен дәрежесіне тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын жеке және заңды тұлғалар жатады.

2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

      13. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы туралы деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      14. Субъективті өлшемшарттардың тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

      2) біліктілік талаптарына сәйкестіктің алдыңғы тексерулер нәтижелері;

      3) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу туралы расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны;

      4) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар);

      5) мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау;

      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      15. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесін бағалау және оларды тәуекел дәрежесінің болмашы, елеулі немесе өрескел тобына жатқызу осы Өлшемшарттардың 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

      Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

      17. Осы Өлшемшарттардың 7-тармағына сәйкес бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған жағдайда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін айқындау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      Жалпы көрсеткіштің алынған мәні кәсіпкерлік субъектісін осы Өлшемшарттардың 8-тармағына сәйкес белгілі бір тәуекел дәрежесіне жатқызуға негіз болып табылады.

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Уәкілетті орган үшін "бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензияның болмауы

өрескел

2

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болуы

өрескел

3

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болуы

елеулі

4

Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болуы

елеулі

5

Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болуы

елеулі

6

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бұзу фактілерінің болуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
2-қосымша

Жергілікті атқарушы орган үшін "бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болуы

өрескел

2

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болмауы

елеулі

3

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болуы

болмашы

4

Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болуы

елеулі

5

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болуы

өрескел

6

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бұзу фактілерінің болуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
3-қосымша

"Біліктілік талаптарына сәйкестіктің алдыңғы тексерулер нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет

1

Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы.

өрескел

2

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген кіші түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды

өрескел

3

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
2) лицензияланатын қызмет түрінің өтініш берілген кіші түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника

өрескел

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет

1

Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы.

өрескел

2

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген кіші түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды

өрескел

3

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы: 1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы; 2) өтініш берілген қызметтің кіші түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника

өрескел

4

Археология саласындағы ғылыми ұйымның археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына ұсынымының болуы

елеулі

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
4-қосымша

"Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптарды бұзу туралы расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

2-бөлім. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
5-қосымша

"Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері (бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша берілген қорытынды құжаттар)" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдардың белгіленген мерзімде орындалмалуы

өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
6-қосымша

"Мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарын, бұқаралық ақпарат құралдарын талдау" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы бұзушылықтардың расталған ақпаратының болуы

елеулі/өрескел

  Тарихи-мәдени мұра
объектілерін қорғау және
пайдалану саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
7-қосымша

"Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері" ақпарат көзі бойынша субъективті өлшемшарттар

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 4 бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Уәкілетті органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт_____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      әйкестендіру нөмірі

      __________________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/с

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруға лицензияның болмауы



2

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болуы



3

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болуы



4

Монументті өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бұзу фактілерінің болуы



5

Қорғау міндеттемелерінде жазылған халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болуы



6

Халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бұзу фактілерінің болуы



      Лауазымды адам (-дар) __________________________________ __________________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ _______________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 4 бірлескен бұйрыққа
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрыққа
3-қосымша

Жергілікті атқарушы органның бақылауды жүзеге асыруы үшін тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді / бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт_____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/с

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің заңсыз орнын ауыстыру және оны өзгерту фактілерінің болуы



2

Аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөліп берілгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстарды жүргізу фактілерінің болмауы



3

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтары шегінде жерді пайдалану режимін бұзу фактілерінің болуы



4

Қорғау міндеттемелерінде жазылған жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін күтіп-ұстау шарттарын бұзу фактілерінің болуы



5

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болуы



6

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу шарттарын және археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бұзу фактілерінің болуы



      Лауазымды адам (-дар) ______________________________________ ______________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ _______________

      лауазымы қолы

      _________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрінің м.а.
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 2 мен
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 13 қаңтардағы
№ 4 бірлескен бұйрыққа
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 Бірлескен бұйрыққа
4-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектiлерiн қорғау және пайдалану саласындағы лицензияланатын қызмет түріне тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _____________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі),

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі__________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________

      __________________________________________________________________________

№ р/с

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

5

6

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет

1

Құрамында орта техникалық және кәсіптік білімі (реставрация), кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар кемінде бір реставратор маман немесе кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар, тиісті мамандық (архитектура) бойынша ғылыми қызметкер болуы.



2

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген кіші түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды



3

Тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы:
1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы;
2) лицензияланатын қызмет түрінің өтініш берілген кіші түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника



Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызмет

1

Құрамында тиісті мамандық (археология және этнология, тарих) бойынша жоғары білімі, кемінде бес жыл жұмыс өтілі және осы салада ғылыми дәрежесі немесе магистр, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD) дәрежелері бар кемінде бір ғылыми қызметкер болуы.



2

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар ұйымда жұмыс істейтін ғылыми қызметкерді немесе реставратор маманды қызметтің көрсетілген кіші түрлеріне лицензия алуға өтініш беру процесінде басқа ұйым мәлімдей алмайды



3

Археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі мамандандырылған жабдықтардың болуы: 1) мамандандырылған жабдықтардың ең аз жиынтығын қамтитын меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және (немесе) жалға алу құқығындағы ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы; 2) өтініш берілген қызметтің кіші түрі үшін қажетті, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлік техника



4

Археология саласындағы ғылыми ұйымның археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру құқығына ұсынымының болуы



      Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ___________________

      лауазымы қолы

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің басшысы ______________________________ ________________

      лауазымы қолы

      __________________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады