"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 13-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы № 4 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қаңтарда № 31723 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 439-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 68 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23431 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бірлескен бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі __________А. Куантыров
      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
міндетін атқарушы
__________А. Шаккалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратураның

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 18 қаңтардағы
№ 4 мен
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 13-НҚ
бірлескен бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 68 мен
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 439-НҚ Бірлескен бұйрыққа
1-қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 23 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидалары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілері (объектілері) – қызметіне Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде сақталуын бақылау жүзеге асырылатын дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;

      2) болмашы бұзушылық – дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық–түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болмауына байланысты бұзушылық;

      3) елеулі бұзушылықтар – азық-түлік тауарларын беру шартының болмауына, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуына байланысты бұзушылықтар;

      4) өрескел бұзушылықтар – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда өнім берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілемеуге, ішкі сауда субъектісінің шекті сауда үстемесінің мөлшерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарыннан жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының және көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан он бес пайыздан артық асыруы, сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің тауарларды асырып жіберуіне байланысты бұзушылықтар, азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарлары бағасынан алынатын сыйақының бес проценттік мөлшерінен кем емес немесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуына байланысты оларға сыйақыны заңсыз талап етуі;

      5) тәуекел – бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      6) тәуекелдерді бағалау жүйесі – бақылау субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау тағайындау мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесіне қарай бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланысты емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бір бақылау субъектісі қызметінің нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      9) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін (объектісін) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босату процесі;

      10) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

      4. Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау Кодекстің 144-2 бабының 4-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген, жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастырылатын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері негізінде жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      6. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің және сыйақының мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеуде тәуекелдің жоғары дәрежесіне бақылау субъектілерінің жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығының тәуекелдері жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне сауда объектілерінде қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері жатады.

      Объективті өлшемшарттар бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      Коммуналдық базарларда қызметін жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері тәуекелдің төмен дәрежесіне жатады. Мұндай субъектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      8. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

      Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы алдыңғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері;

      2) бақылау субъектісі ұсынатын есептілік пен мәліметтер мониторингінің нәтижелері;

      3) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау;

      4) расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны.

      5) мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

      9. Субъективті критерийлер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеу туралы салалардағы субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлеріне сәйкес сақталмауы белгілі бір бұзушылық дәрежесіне сәйкес келетін тексеру парақтарының талаптары негізінде әзірленді. Әрбір талапқа қатысты тексеру парақтарынан бұзушылық дәрежесі айқындалады – өрескел, елеулі және болмашы.

      Бақылау субъектілері қызметінің тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері осы Критерийлерге қосымшада баяндалған.

      10. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші есептеледі.

      Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі):

      1) тәуекелдің жоғары дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ге дейін қоса алғанда;

      2) тәуекел дәрежесінің орташа дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 31-ден 70-ке дейін қоса алғанда;

      3) тәуекел дәрежесінің төмен дәрежесіне – тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 30-қа дейін қоса алғанда.

      11. Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7,

      мұнда:

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 - елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 - анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3,

      мұнда:

      ЅРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ЅР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

      ЅР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

      SР = SРз + SРн,

      мұнда:

      SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      SР3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің еселігі тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалады, бірақ жылына бір реттен жиі емес.

4-тарау. Тәуекелдерді басқару

      13. Адал бақылау субъектілерін көтермелеу және бұзушыларға бақылауды шоғырландыру қағидатын іске асыру мақсатында бақылау субъектілері (объектілері) субъективті өлшемшарттарды қолдану арқылы реттеуші мемлекеттік органның тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарымен айқындалатын кезеңге бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізуден босатылады.

      14. Бақылау субъектілері (объектілері) ақпараттық жүйені қолдана отырып, бақылау субъектілері қызметінің тиісті салаларындағы жоғары тәуекел дәрежесінен орташа тәуекел дәрежесіне немесе орташа тәуекел дәрежесінен төмен тәуекел дәрежесіне мынадай жағдайларда:

      1) егер мұндай субъектілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен үшінші тұлғалар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарттарын жасасcа;

      2) егер Қазақстан Республикасының заңдарында және реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан немесе талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізуден босату жағдайлары айқындалған болса;

      3) егер субъектілер өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің нәтижелерін тану туралы келісім жасалған, "Өзін-өзі реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерікті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері болып табылса ауыстырылады.

      15. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуден босату мақсатында реттеуші мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік органдар жеңілдететін индикаторларды ескереді.

      Жеңілдететін индикаторларға:

      1) деректерді онлайн-режимде беретін аудио және (немесе) бейне жазбалардың болуы;

      2) деректерді мемлекеттік органдар жүйесіне беретін датчиктер мен басқа да бекіту құрылғыларының болуы (су датчиктері, атмосфераға шығарындыларды тіркеу датчиктері) жатады.

5-тарау. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ерекшелік пен құпиялылық ескеріле отырып, ақпараттық жүйелерді пайдаланатын мемлекеттік органдарға арналған тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру ерекшеліктері

      16. Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің нақты дәрежелеріне жатқызатын және бақылау іс-шараларын жүргізу тізімдерін қалыптастыратын ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік статистикаға, ведомстволық статистикалық байқаудың қорытындыларына, сондай-ақ ақпараттық құралдарға негізделеді.

      Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі болмаған кезде оларға қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүзеге асырылатын бақылау субъектілері (объектілері) санының ең аз жол берілетін шегі мемлекеттік бақылаудың белгілі бір саласындағы осындай бақылау субъектілерінің жалпы санының бес пайызынан аспауға тиіс.

  Әлеуметтік маңызы бар
азық-түлік тауарларына сауда
үстемесі мен сыйақы мөлшерін
сақтау бөлігінде Қазақстан
Республикасының сауда
қызметін реттеу туралы
заңнамасының сақталуына
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау субъективті өлшемшарттары

Субъективті критерийлер

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың сақталмауы кезінде белгіленеді)

1

Дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болуы

болмашы

2

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шартының болуы

елеулі

3

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеу

өрескел

4

Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі

өрескел

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері

1

Ішкі сауда субъектісінің шекті сауда үстемесінің мөлшерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарыннан жеткізу шартында көрсетілген өндірушінің сату бағасының және көтерме жеткізушінің сатып алу бағасынан он бес пайыздан артық асыруы.

өрескел

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына қойылатын талаптардың бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалар тарапынан расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

1

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

елеулі

2

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақы мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуына екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 18 қаңтардағы
№ 4 мен
2023 жылғы 16 қаңтардағы
№ 13-НҚ
бірлескен бұйрыққа
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 1 шілдедегі
№ 68 мен
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 30 маусымдағы
№ 439-НҚ Бірлескен бұйрыққа
2-қосымша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі мен сыйақысының мөлшерін сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуының тексеру парағы

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

      _____________________________________________________________________

      субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы

      _______________________________________ ішкі сауда субъектісіне (объектісіне)

      қатысты тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган/ профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт____________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеру/профилактикалық бақылауды

      тағайындау туралы акт ___________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Дайындаушы немесе өнім беруші (сатушы) ресімдеген азық-түлік тауарларына тауарлық-ілеспе құжаттардың болуы



2

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу шартының болуы



3

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілеу



4

Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектісінің азық-түлік тауарларын берушімен азық-түлік тауарларын беру шартын жасасу кезінде сатып алынған азық-түлік тауарларының бағасынан бес пайыздық сыйақы мөлшерін арттыруы немесе оның әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуына байланысты сыйақыны заңсыз талап етуі



      Лауазымды адам (адамдар) _____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      _______________________________________________________ _____________

      лауазымы қолы

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      _______________________________________________________ _____________

      лауазымы қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады