Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 49, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 40/қе-қа бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 қаңтарда № 31744 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органның келісімі және жоғарыда көрсетілген жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) және көлемдерінің қажетті саны көрсетілген хат болған жағдайда, авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, оны өнеркәсіптік өндірудің технологиясын бекіту және/немесе қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан қоспаларды іріктеу, үлгілерді біліктілік және зертханалық сынау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді қоспағанда, автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген бензин бактарында әкетуді, жағармайды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0) қоспағанда, бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00) Қазақстан Республикасының аумағынан автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі өз құзыреті шегінде осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тауарларды автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу бойынша көмек көрсетсін.

      4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті осы бірлескен бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны белгіленген тәртіппен хабардар ету қажеттілігі жөнінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне хабарласын.

      5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика, қаржы, ішкі істер вице-министрлеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.

      7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
__________М. Ахметжанов
     
      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
- Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
__________Е. Сагимбаев
     
      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
__________Б. Акчулаков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады