БҰЙЫРАМЫН:
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 66 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20771 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
8-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережені мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаның қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
реттік нөмірі 16-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Порталда құжаттар берілген жағдайда – "жеке кабинетке" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы жіберіледі.";
2-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
2-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
4-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
А. Ескараев |
"КЕЛІСІЛДІ"
ҚазақстанРеспубликасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнер кәсібі министрлігі
2023 жылғы 24 қаңтардағы № 53 Бұйрыққа 1-қосымша "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесіне 8-қосымша |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін) - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін) - порталда, акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген кезден бастап 1 сағат ішінде көрсетіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін). |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама (шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін) – тегін; |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1. Министрлік және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Өтініштерді қабылдауды жүзеге асыратын ұйымдар бөлінісінде құжаттар тізбесі (мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың толық тізбесі), сондай-ақ қызметтердің кіші түрлері: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Коммерциялық заңды тұлғаларды тіркеу; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзге де талаптар мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген: |
Бұйрыққа 2-қосымша "Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесін 5-қосымша |
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
1. Атауын өзгерту - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Заңды тұлғаларды мемлекеттік қайта тіркеу, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік қайта тіркеуі: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
7 – қосымшаға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік қайта тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі-анықтама) не осы Тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден жазбаша түрде дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Коммерциялық емес ұйымдарды және олардың филиалдары мен өкілдіктерін қайта тіркеу бойынша Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы осы Тізбенің 9-қосымшасына сәйкес "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі |
1. Министрлік және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. заңды тұлғаны құру, қайта тіркеу және қайта ұйымдастыру тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген бұзылуы, құрылтай құжаттарының Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келмеуі; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзіне-өзі қызмет көрсетуді, өз бетінше жүріп-тұруды, бағдарлауды жүзеге асыру қабілетін немесе мүмкіндігін заңнамада белгіленген тәртіппен толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
"Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1. Орналасқан жерін өзгерткен жағдайда - Мемлекеттік корпорация, облыстардың, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорация: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарына, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
осы тізбесінің 1-2 қосымшаларға сәйкес заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, немесе осы тізбесінің 9 тармағымен көрсетілген жағдай мен негіздерде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1. Министрлік және аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияда: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібінің бұзылуы, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде, сондай-ақ "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабында белгіленген құрылтай құжаттарының (ереженің) келмеуі; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
Бұйрыққа 4-қосымша "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдік есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесіне 2-қосымша Нысан |
"Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік қызметінің тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы: | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
1. Заңды тұлғаның қызметі тарату негізі бойынша тоқтатылған - Мемлекеттік корпорация, "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару қажетті құжаттарды қоса бере отырып, заңды тұлғаны таратуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш берілген күннен кейінгі бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тiркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару: |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу туралы немесе филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару туралы бұйрық немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 10-бабына сәйкес коммерциялық ұйымдар мен олардың филиалдары мен өкілдіктерінің мемлекеттік қызметін көрсеткені үшін "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Заңның 10-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларына сәйкес төлем алынады. Мемлекеттік қызмет шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда, заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі |
1. Министрлік және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. заңды тұлғаны (филиалды немесе өкілдікті, сондай-ақ таратылатын заңды тұлғаның есептік тіркеуден алынбаған филиалдары (өкілдіктері) болған жағдайларда тарату тәртібін бұзу; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану, қабілетін толық немесе ішінара жоғалту мүмкіндігі бар көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері "1414", 8 800 080 777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасау арқылы тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. |
"Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің жарғысының (ережесінің) телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әділет министрлігі, аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары мен өкілдіктері жарғысының (ережесінің) телнұсқасы немесе бас тарту туралы хабарлама жолданады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі | портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күнінен жүзеге асырылады). |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1. қоса берілген қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) шынайы еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар | Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Бұйрыққа 6-қосымша "Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережесіне 4-қосымша |
"Заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), аумақтық әділет органдары, Мемлекеттік корпорация |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкіметтің" веб-порталы: www.egov.kz. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | порталда рұқсат етілетін ең ұзақ уақыт - 20 минут. |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, сондай-ақ осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | График работы |
1. Министрлік және оның аумақтық әділет органдары – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек Кодексі) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
запрос на получение справки о регистрации осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы Электрондық құжат нысанында алуға сұрау салу. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер | Жоқ |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |