"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына өзгерістер енгізу және оның құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 31 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 25 қаңтарда № 31766 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19210 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына және 33-бабы 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:

      такырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кызметте кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу қағидалары мен әдістері (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің және қызметке үміткердің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін белгілейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері үміткерлерді зерделеу қызметке алдын ала іріктеу және лауазымға тағайындау және қызметін ауыстыруда, кадр резервіне қою кезінде ескеріледі.";

      7, 8 және 9-тармақтар мындай редакцияда жазылсын:

      "7. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу келесі кезеңдерді қамтиды:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарды үшін негізгі көрсеткіштерді айқындау;

      2) кандидаттың/қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау.

      8. Үміткердің/қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу туралы қорытындыны (бұдан әрі – Қорытынды) кадр қызметі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және комиссияның (конкурстық, кадр резервіне қою жөніндегі) қарастыруына оның отырысы өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей енгізеді.

      9. Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері мынадай формула бойынша есептеледі:

      БК = К +Ж

      БК – бәсекелестік көрсеткіші (1-ден 100 баллға дейін);

      К – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштерді бағалау нәтижесі (1-ден 65 баллға дейін);

      Ж – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке үміткердің және қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау нәтижесі (1-ден 35 баллға дейін).";

      10-тармақ алып тасталсын;

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. "Білімі", "жұмыс тәжірибесі" сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған негізгі көрсеткіштері болып табылады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша алып тасталсын;

      3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жасылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларында:

      30-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әңгімелесу барысында бір лауазымға үміткер кандидаттарға сұрақтар бірдей санда қойылады.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Конкурста комиссияның оң қорытындысын алған үміткер жарияланған бос лауазымға комиссия шешімі қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей немесе басқа құқық қорғау органнан іссапарға жіберген күннен бастап тағайындалады.";

      1 және 2-қосымшалар осы бұйрықка 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) және оның аумақтық органдарына үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 184 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19210 болып тіркелген) 1-тармағы 2), 3), 4) және 5) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы
О. Бектенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
1-қосымша
  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін айқындау
әдістеріне және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін есептеу
қағидалары мен әдістеріне
1-қосымша
  Нысан
  "КЕЛІСІЛДІ"
___________________________
(Агенттік Төрағасының орынбасары)

_________________________
(қолы)
20___жылғы ___"___________

Бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін есептеу туралы қорытынды _______________________________________________________________
(үміткердің/қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
_______________________________________________________________
(көзделген лауазым)

р/с №

Бағалау критерийлері

Ықтимал ең жоғары балл

Үміткердің/ қызметкердің жинаған баллдары

құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін

құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген үміткерлер, қызметкерлер үшін

1

Негізгі көрсеткіштер:

білімі

10

10


жұмыс тәжірибесі

30

35


2

Кәсіби жетістіктері

35

55



Барлығы:

75

100


      Тұжырымдар мен ұсынымдар:

      жиналған баллдардың нәтижелері бойынша

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      бәсекеге қабілеттіліктің ____________________ деңгейіне сәйкес келеді,

      _________________________________________________________________

      ((лауазымының және бөлімшенің атауы) лауазымға тағайындауға, кадр резервіне

      енгізуге) ұсынылады

      Бөлімшенің тікелей басшысы (лауазымы) ___________________(тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

      Жеке қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы ___________________(тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

      Кадр қызметінің басшысы ________________________________(тегі, аты, әкесінің аты)

      (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
2-қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін айқындау
және бәсекеге қабілеттілік
көрсеткішін есептеу
қағидалары мен әдістеріне
3-қосымша
Нысан

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдарына арналған түйінді көрсеткіштерді бағалау

      1. "Білім" көрсеткіші

      (жалпы баға: 4-тен 10 баллға дейін)

      "Білім" көрсеткіші бойынша баллдар білімі (немесе) ғылыми деңгейі туралы құжатпен беріледі

Көрсеткіш

Жалпы

Кәсіби

Бакалавр

4 балл

7 балл

Магистр

5 балл

8 балл

Ғылым кандидаты

6 балл

9 балл

Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым докторы

7 балл

10 балл

      Ескертпе: қызметке алғаш орналасатын, үздік дипломы бар үміткерлер үшін қосымша 3 балл беріледі.

      2. Жұмыс тәжірибесі

      (жалпы баға: құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін1-ден 30 баллға дейін;

      құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген үміткерлер, қызметкерлер үшін 1-ден 35 баллға дейін)

      Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардағы немесе басқа қызметте атқарып отырған лауазымына байланысты, әр жыл сайынғы жұмысы үшін балл беріледі

Жұмыс тәжірибесі

Басқасы

Өтіл

Құқық қорғау және арнайы органдардағы қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі

Құқық қорғау және арнайы органдардағы басқа да қызмет бойынша жұмыс тәжірибесі

Атқарушылық

Басшылық

Атқарушылық

Басшылық

20 жыл және одан көп

14

20

12

14

10

10 жылдан 20 жылға дейін

11

16

9

11

6

5 жылдан 10 жылға дейін

9

14

7

9

5

1 жылдан 5 жылға дейін

7

12

5

7

4

1 жылға дейін

3

6

2

3

1

      Ескертпе: Үміткерде/қызметкерде жұмыс тәжірбиесі бойынша екі және одан артық ұстанымдар бар болса, ең үлкен мәні бар ұстаным ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
3-қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызметте кәсіби құзыреттерін,
негізгі көрсеткіштерін
айқындау және бәсекеге
қабілеттілік көрсеткішін есептеу
қағидалары мен әдістеріне
4-қосымша
Нысан

Қызметке үміткердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерің кәсіби жетістіктерін бағалау

      (жалпы баға: құқық қорғау қызметіне алғаш орналасатын үміткерлер үшін; 1-ден 55 баллға дейін құқық қорғау қызметінде бұдан бұрын қызмет өткерген үміткерлер, қызметкерлер үшін 1-ден 35 баллға дейін)

Кәсіби жетістіктер атауы

Растайтын құжаттың (егер бар болса) атауы, күні және нөмірі

Баға (баллдар)

1

Мемлекеттік наградалардың болуы


10

2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің наградалары, көтермелеулері


3

3

Қолданыстағы жазалардың болмауы


3

4

Халықаралық іс-шараларға қатысуы, органның, оқу мекемесінің мүддесін білдіру (үміткерлер үшін)


2

5

Кезектен тыс арнайы атақтар, сыныптық шен беру немесе кезектен тыс біліктілік сыныптарын белгілеу


4

6

Органның қызметін жақсартуға ықпал еткен мақсатында бастамашылдықтары


4

7

Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу


4

8

Мемлекеттік тілді меңгеруі (ортадан жоғары деңгей туралы сертификаттың болуы)


2

9

Шет тілдерін білу (сертификат)


4

10

Жоғары тұрған лауазымға жылжытуға, кадр резервіне ұсыну


4

11

Біліктілікті арттыру курстарынан өту (соңғы 3 жылда)


4

12

Бөгде ұйымдардың, жеке және заңды тұлғалардың (көршілердің пікірлері, учаскелік полиция инспекторының баянаты, оқу, жұмыс орнынан мінездемелер) оң пікірлердің, алғыс хаттарының болуы (үміткерлер үшін)


5

13

Қоғамдық өмірге, спорттық іс-шараларға қатысу (грамоталар, дипломдар, алғыс хаттар қызметке үміткерлер үшін)


2

14

"1-сыныпты маман – тәлімгер" сыныптық біліктілігінің болуы


5

ЖАЛПЫ БАҒА

55

      Ескертпе: 1, 5, 7, 8, 9, 11-тармақтарды қоспағанда, қызметкердің кәсіби жетістіктерін бағалау кезінде сыбайлас жемқорлық қызмет кезеңі ескеріледі.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет) Төрағасының
2019 жылғы 6 тамыздағы
№ 184 бұйрығына
7-қосымша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің конкурстық негізде ауыстырылатын басшы лауазымдарының тізбесі

      1) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) Қызмет басшысы;

      2) Агенттіктің Қызмет басшысының орынбасары;

      3) Агенттіктің департамент басшысы;

      4) Агенттіктің департамент басшысының орынбасары;

      5) Агенттіктің басқарма басшысы;

      6) Агенттіктің басқарма басшысының орынбасары;

      7) Агенттіктің аумақтық органының басшысы;

      8) Агентіктің аумақтық органы басшысының орынбасары;

      9) Агенттіктің аумақтық органының басқарма басшысы;

      10) Агенттіктің аумақтық органының басқарма басшысының орынбасары;

      11) Агенттіктің аумақтық органының дербес бөлімінің басшысы;

      12) Агенттіктің аумақтық органы басқармасының бөлім басшысы.

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
5-қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
  ___________________________
(лауазым)
___________________________
(арнаулы атақ)
___________________________
(тегі, аты-жөні)

Ішкі конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Мені______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос жоғары тұрған басшы лауазымына орналасуға арналған ішкі конкурсқа қатысуға

      жіберуіңізді сұраймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің органдарындағы бос

      жоғары тұрған басшы лауазымға орналасудың ішкі конкурс өткізу қағидаларының

      шарттарымен және тәртібімен таныстым, олармен келісемін және орындауға

      міндеттенемін.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынған құжаттарымның түпнұсқалығын растаймын.

      ___________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      20___жылғы "____"_______________

      Байланыс телефоны/электрондық пошта _______________

  Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)
Төрағасы
2023 жылғы 20 қаңтардағы
№ 31 бұйрығына
6-қосымша
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
қызмет органдарындағы жоғары
тұрған басшы лауазымдарына
конкурс өткізу қағидаларына
2-қосымша
Форма
Нысан
___________________________
(лауазым)
___________________________
(арнаулы атақ)
___________________________
(тегі, аты-жөні)

Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға арналған өтініш

      Мені___________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (лауазым атауы)

      бос жоғары тұрған басшы лауазымына орналасуға арналған ведомствоаралық

      конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің

      органдарындағы бос жоғары тұрған басшы лауазымға орналасуға арналған

      ведомствоаралық конкурс өткізу қағидаларының шарттарымен және тәртібімен

      таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      Ұсынған құжаттарымның түпнұсқалығын растаймын.

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      20___жылғы "____"_______________

      Байланыс телефоны/электрондық пошта _______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады