Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi туралы ереженің 15 тармағының 75)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. "Көліктегі ішкі істер органдарының патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жолаушылар поездарына ілесіп жүруін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 485 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6018 болып тіркелген) және "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 91 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20004 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 Бұйрығымен бекітілген |
Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық көлік (әуежай, теміржол вокзалы, жолаушылар поезы) және метрополитен объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) патрульдік-бекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) атқару тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару патрульдік-бекеттік жасақшаларымен (бұдан әрі - ПБЖ) қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қызмет атқару кезеңінде ПБЖ көліктегі және метрополитендегі полиция органдарының кезекші бөлімінің (бұдан әрі - кезекші бөлім) немесе қызметке басшылықты жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамдардың жедел бағынысында болады. ПБЖ олардың қарамағына қызметке кірісу туралы ауызша бұйрықтан кейін түседі, ал бағыныстан қызмет аяқталғаны туралы бұйрық берілгеннен кейін шығады.
4. Қызмет атқару үшін ПБЖ-ға патрульдеу бағыты анықталады, оның ұзақ нақты жағдайлар мен жедел жағдайға байланысты, оның шекаралары бағыт карточкасында көрсетіледі. Жолаушылар поездарында қызмет атқаратын ПБЖ үшін бағыт парағына сәйкес поез құрамы шегінде ПБЖ бір немесе бірнеше бағыттарға бекітіледі.
5. Бағыт карточкасы мен бағыт парағы қызмет бабында пайдаланылатын құжаттар болып табылады және қызмет атқаруды бақылауды жүзеге асыруға құқылы лауазымды адамдарға ғана ұсынылуға жатады. ПБЖ-ның бағыт парағы жолаушылар поезының барлық жүру бағыты бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін жолаушылар поезының бастығына (аға жолсерікке) ұсынылады.
2-тарау. Патрульдік-бекеттік қызмет
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқаруға дайындық
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Қызмет атқару үшін ПБЖ-ға тағайындалған қызметкерлер нұсқаманың басталуына дейін кемінде 15 минут бұрын бөлініс орналасқан жеріне келеді. Келгені туралы кезекші бөлімге және командирге бекет ведомосына белгі қою үшін баяндайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қызметкерлер қажетті қару-жарақты, құрал-сайманды, байланыс, жеке қорғану құралдарын, арнайы және техникалық құралдарды, қызметтік құжаттаманы "Патрульдік полицияның саптық бөліністерін жабдықтау тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы 737 бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес алады.
8. Қызмет атқару кезеңінде қызметкерлер алынған мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді және қызмет аяқталғаннан кейін кезекші мен жауапты лауазымды адамға тапсырады.
9. Қызметкерлер ПБЖ-ның жалпы сапқа тұруы жарияланған кезде нұсқамаға қатысады. Нұсқама өткізетін лауазымды адамның бұйрықтарын орындайды. Қызметтік міндеттерін орындауға қатысты қойылған сұрақтарға жауап береді. Қызметтік кітапшаға жеткізілетін бағыттамаларды, қызмет атқаруға қатысты өзге де ақпаратты жазады, іздеудегі адамдардың фотосуреттерін алады.
10. Қызметке түсетін қызметкерлер:
1) бағыттың жедел жағдайы мен ерекшеліктерін;
2) жақын орналасқан ПБЖ-ны және олармен байланыс орнату жүйесін;
3) іздестіру жарияланған адамдар мен мүліктің белгілерін;
4) көлік және метрополитен нысандарында құқық бұзушылықтар жасау ерекшеліктерін, қоғамға қарсы элементтің жинақталған орындарын;
5) ұшақтардың, жолаушылар поездарының, электр пойыздарының қозғалыс кестесін, жол жүру құжаттарының түрлерін;
6) көлік және метрополитен нысандарында өрт сөндіру есептобы келгенге дейін өрт кезінде өрт сөндіру құралдарын қолдануға 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 26867 болып тіркелген) өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару мерзімінде байланыс және бейнетіркегіш құралдарын пайдалану
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. ПБЖ-ны басқару бас радиостанция орналасқан кезекші бөлімнің радиобайланыс құралдарының көмегімен жүзеге асырылады. Радиостанцияны қосу қызметке кірісу туралы ауызша бұйрықты алған сәттен бастап жүргізіледі, радиостанция ол аяқталғанға дейін өшірілмейді.
12. Радиоалмасуды жүргізу кезінде ПБЖ-ға:
1) радиостанцияны өз бетінше ажыратуға жол бермеу, оны қызметтік қажеттіліксіз басқа адамдарға бермеуі;
2) бас радиостанцияның, тікелей басшылардың, тексерушілердің шақыруы мен хабарламаларына дереу жауап беруі;
3) радиостанциядағы өз арнасының нөмірін, өзінің және бас радиостанцияның, басшылардың және өзімен шектес ПБЖ-ның шақыру белгілерін білуі;
4) корреспондентті шақыруды қатаң түрде оған бекітілген шақыру белгісі бойынша жүзеге асыруы;
5) жүргізіліп жатқан радиоалмасуды үзбеуге, эфирде кезектілікті сақтауы;
6) корреспондентті қатарынан үш реттен асырмай шақыруы, одан кейін басқа корреспонденттерге кедергі келтірмеу үшін 5-10 минутқа үзіліс жасауы;
7) эфирде сөйлесулерді қысқа, жақсы түсінікті тілмен, қатты, байыпты дауыспен жүзеге асыруы қажет.
13. Радиоалмасуды жүргізу кезінде:
1) қызмет атқару жөніндегі қызметтік міндеттерді орындаумен байланысты емес ақпаратты;
2) құпия ақпаратқа және таратылуы шектелген ақпаратқа жатқызылған мәліметтерді, сондай-ақ қызметкерлердің лауазымы, атағы, тұрғын мекенжайлары радиостанция арқылы айтуға рұқсат етілмейді;
14. Жүргізіліп жатқан радиоалмасуға араласуға ПБЖ-ға басты радиостанциямен шұғыл шақыру батырмасын басу арқылы ТЖ кезінде ғана рұқсат етіледі.
15. Алып жүретін бейнетіркегішсіз қызмет атқаруға, сондай-ақ өз бетінше ажыратуға, бар жазбаны жоюға тыйым салынады. ПБЖ-ның бейнетіркегішті қосуы қызмет атқару басталған сәттен бастап және ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.
Аудиобейнежазбаны жүргізу процесінде қызметкер мен құқық бұзушының барлық іс-әрекеттері тіркеледі, оның ішінде материалдардың құрастырылуы және құқық бұзушыны полицияға жеткізілуі, сондай-ақ көлік құралдарын тоқтату.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) жеке құрамының аудиобейнетіркегіш құралдарын пайдалану тәртібі "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін және қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 қазандағы № 971 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10227 болып тіркелген) регламенттеледі.
3-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының азаматтармен қарым-қатынасы
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17. ПБЖ азаматтармен қарым-қатынас кезінде өз қолынан жібермей қызметтік куәлігін ұсынады (Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге құжаттаманы көрсету көзделмеген) өзінің лауазымын, атағын және тегін атап таныстырады (бұл ретте қолын бас киіміне қоймайды, қол алысуға жол бермейді), одан кейін тоқтату себебі мен мақсатын қысқаша хабарлайды.
18. Азаматтар жүгінген жағдайда ПБЖ оларды мұқият тыңдайды және құзыреті шегінде өтініштері бойынша шаралар қабылдайды, сондай-ақ құзыреттен тыс қойылған мәселені шешу үшін қайда жүгіну керектігін түсіндіреді.
19. Азаматтардың барлық жүгіну жағдайларында ПБЖ мұқият, әдепті, сыпайы болуы тиіс, тек "Сіз" деп сөйлейді, өз талаптары мен ескертулерін сенімді және түсінікті түрде баяндайды, бұл ретте ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын іс-әрекеттерге жол бермейді.
20. Егер азамат әкімшілік іс жүргізуді және басқа да заңды шектеулерді қамтамасыз ететін қызметкердің іс-әрекеттеріне ашулық танытса, оған тынышталуға уақыт беріп және оның мінез-құлқының заңсыздығын, сондай-ақ шағымдану тәртібін түсіндіруі қажет. Одан кейін әкімшілік материал толтырылады немесе әкімшілік іс жүргізудің өзге де функциялары жүзеге асырылады.
21. ПБЖ аудио, фото немесе видео жазбалардың жүргізілгеніне немесе жүргізілмегеніне қарамастан, құқық қорғау органдарына кір келтіретін іс-әрекеттерді жасамай, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде өзінің қызметтік қызметін жүзеге асыруы қажет. Өзінің қызметтік іс-әрекетінің аудио, фото және бейне жазу процесін азаматтардың заңды құқығы ретінде қабылдау және оған сабырлы түрде ден қою тиіс (қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау арқылы қылмыс жасалған жерді тіркеу жағдайларын, қылмыс жасалған жерде жүргізілетін процестік әрекеттерді, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу процесіне ұқсас іс-әрекеттермен үшінші адамдардың араласу жағдайларын қоспағанда). Әлеуметтік желілердің ашық көздерінде ақпараттың шығуына не болмауына қарамастан, командирге оның қызметтік іс-әрекетінің тіркелуінің осындай деректері туралы баяндауы тиіс.
22. Азаматтардың құжаттарымен, оларды тексерген кезде мұқият болып, оларда ешқандай белгі жасамау керек. Қолдан жасаудың айқын белгілері бар құжаттарды ұсынған немесе оларды заңсыз иеленген адамдар полиция органдарына жеткізіледі.
23. Шетелдіктермен, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің қызметкерлерімен байланысқа ПБЖ тек өзінің қызметтік міндеттері шегінде ғана түседі (құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ұшақтың, жолаушылар поезының, электр пойызының қозғалыс кестесін түсіндіру, қонақ үйлердің, тамақтану пунктерінің орналасуы).
Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеру кезінде ПБЖ шетелдік паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің қолданылу мерзіміне, олардың осы елді мекенде болуының заңдылығын растайтын, тіркелгені туралы белгісі бар визаның, көші-қон карточкасының болуына назар аударады.
Бұзушылықтар анықталған кезде Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБК) талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартуға шаралар қолданылады.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Денсаулық жағдайы ауыр екендігі айқын адамдар (оның ішінде жәбірленушілер, күдіктілер) табылған кезде олар табылған жерге дереу жедел медициналық көмек шақырылады және ол келгенге дейін дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіледі. Полиция органдарына жеткізу одан ары ауруханаға жатқызу қажеттілігі және жедел медициналық жәрдем дәрігерімен анықтап белгіленген қарсы көрсетілімдер болмаған кезде ғана жүзеге асырылады. Құқық бұзушылыққа күдікті адамдарды шұғыл емдеуге жатқызу жағдайында кезекші бөлімнің нұсқауы бойынша ПБЖ бағытты қалдырады, ұстау режимі туралы мәселе шешілгенге дейін оларға ілесіп жүруді және күзетуді ұйымдастырады.
4-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Қызметке түсетін ПБЖ қызмет атқару орнына (көлік немесе метрополитен нысаны) келіп, нұсқамада алынған нұсқауларға сәйкес кезекші бөлімге өзінің келгені және бағыттағы жағдай туралы баяндайды (бұдан әрі сағат сайын, ал радио-ұялы байланыс болмаған жағдайда, оның пайда болуына қарай баяндайды).
ПБЖ қызметті бөлек атқару кезінде бірақ көру және есту шегінде (тек тәуліктің күндізгі уақытында, 100 метрге дейінгі қашықтықта) атқарады.
Патрульдеу бағытында ПБЖ жағдайдың өзгеруін тіркейді және осының негізінде қызмет атқарудың неғұрлым орынды тактикасын таңдайды.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Қызметке түскен қызметкерлер мынадай міндеттерді орындауды:
1) көлік және метрополитен нысандарында құқықтық тәртіпті;
2) патрульдеу бағыттарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуды және жолын кесуді;
3) бағыттарда қылмыс жасаған, тергеуден және соттан жасырынып жүрген адамдарды, әскери бөлімді өз бетімен тастап кеткен әскери қызметшілерді анықтауды және ұстауды;
4) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын ішкі істер органдарының (бұдан әрі - ІІО) бөліністеріне көмек көрсетуді;
5) көлік инфрақұрылымы және метрополитен жұмыскерлерімен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз етеді.
27. Қызметке түскен қызметкерлер мынадай функцияларды орындауды:
1) азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауды;
2) құқық бұзушылықтардан және жазатайым оқиғалардан зардап шеккен, сондай-ақ дәрменсіз немесе өмірі мен денсаулығына қауіпті өзге де жағдайдағы азаматтарға көмек көрсетуді;
3) құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесуді және қылмыс жасаған адамдарды "ізін суытпай" ұстауды;
4) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесуді, олардың жасалуына ықпал ететін мән-жайларды анықтауды және оларды құзіреті шегінде жою жөнінде шаралар қабылдауды:
5) басқа құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлесіп, төтенше жағдайлар (бұдан әрі - ТЖ) кезінде азаматтарды құтқару және оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша шұғыл шаралар қабылдауды;
6) қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша азаматтармен өзара іс-қимыл жасауды;
7) өз құзыреті шегінде құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар желісі бойынша жүзеге асырылатын қылмыстардың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, адамдарды іздестіру жөніндегі іс-шараларға қатысуды;
8) өз өкілеттіктері шегінде ІІО-ны соғыс жағдайына ауыстыру және ТЖ кезіндегі іс-қимылдар жоспарларында айқындалған міндеттерді орындауға қатысуды;
9) көші-қон қызметінің қызметкерлеріне шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пунктіне дейін ілесіп жүру арқылы оларды шығарып жіберуге көмек көрсетуді;
10) шетелдіктің (азаматтығы жоқ адам) жолаушылар поезынан (ұшағынан) қалып қоюының барлық жағдайлары туралы, сондай-ақ шетелдіктердің (азаматтығы жоқ адамдардың) құқық бұзушылық жасағаны немесе оларға қатысты жасалғаны туралы заңсыз көші-қонның белгілі фактілері, заңсыз көшіп-қонушыларды өткізудің бағыттарын, әдістері мен құралдарын анықтау, осы қызметке қатысы бар адамдар туралы кезекші бөлімге дереу баяндауды қамтамасыз етеді.
28. ПБЖ ауысуы бағытта алдын ала белгіленген орында жүргізіледі. Қызметке түсетін ПБЖ ауысушыға өзін таныстырады, соңғысы қызмет атқару уақытында орын алған оқиғалар мен алынған өкімдер туралы хабарлайды. Бағытты қабылдап-тапсыру туралы қабылдаушы тапсырушының қызметтік кітапшасына жазба жасайды, бұл туралы кезекші бөлімге баяндайды.
Белгіленген уақытта ауысымдық жасақ болмаған жағдайда ПБЖ бұл туралы кезекші бөлімге баяндайды және тек кезекшінің рұқсатымен ғана бағытты қалдыра алады.
Жолаушылар поездарында эстафеталық әдіспен қызмет атқаратын ПБЖ-ның ауысуы штабтық вагон ауысып отыру станциясында жүргізіледі. Патрульдеудің аралық әдісі кезінде ПБЖ поезд құрамын қалыптастыру станциясындағы қызметке түседі және соңғы станцияда аяқтайды, ПБЖ ауысуы және қызметінің аяқталуы туралы кезекші бөлімге баяндайды.
29. ПБЖ белгіленген уақыт ішінде бағытта қызмет атқарады. Қызметтік міндеттерді орындау шеңберінде және басқа да қажетті жағдайларда патрульдеу бағытын тек кезекші бөлімнің немесе командирдің нұсқауы бойынша немесе рұқсатымен қалдыруға жол беріледі.
30. Қызмет атқару кезінде ПБЖ-ға:
1) өзі тікелей бағынатын адамдарды қоспағанда, өзінің қаруын кімге болса да беруге және ұсынуға;
2) радиостанция бойынша қызметтік емес сөйлесулер жүргізуге, қызметтен басқаға көңілін бөлуге;
3) қоғамдық тамақтану және демалыс орындарына, бақылау аймақтарына және басқа да үй-жайларға қызметтік қажеттіліксіз кіруге;
4) бағытты тастап кетуге, осы Нұсқаулықта көрсетілген жағдайлардан басқа;
5) авиакәсіпорынның қызметкерлеріне көмек көрсеткен жағдайда әуе кемесінің бортына табельдік қарумен қаруланған ПБЖ-ға кіруге;
6) нысанды киім кию ережелерін бұзуға жол берілмейді.
Ескерту. 30-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.31. Қызмет атқару уақытында ПБЖ кезекші бөлімнен келіп түскен ақпаратты, құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды, полиция органдарына жеткізілген адамдар және олармен оқиға орнында жүргізілген талқылаулар туралы және басқаларды қызметтік кітапшаға жазады.
32. Қызмет атқару барысында ПБЖ мыналарға:
1) күдікті сақтық пен алаңдаушылық танытатын, маусымға сай емес немесе бойы мен денесіне сай келмейтін киім киген, таңғыштары мен жарақаттары бар азаматтарға, сондай-ақ қараусыз қалдырылған көлік құралдарына;
2) көлік және метрополитен нысандарында күдікті заттардың (иесіз сөмкелер, қораптар, пакеттер) болуына;
3) Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкті багажды және пошталық жолдамаларды тасымалдау қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) бұзуға жол беретін азаматтарға;
4) күдікті шулар, иістер, оттың немесе түтіннің пайда болуы және ТЖ-ның басқа да белгілеріне;
5) ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиісті рұқсатсыз көлік объектілерінде, метрополитенде және жақын жерде пайдаланылуына;
6) азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін басқа да мән-жайларға ерекше назар аударуы тиіс.
Жоғарыда аталған деректер анықталған жағдайда бұл туралы кезекші бөлімге баяндайды.
33. Өзара әрекеттесу немесе басқа ПБЖ мен қызметкерлерден көмек алу үшін жасақтар байланыстың барлық түрлерін пайдаланады немесе ысқырықпен сигнал береді: "Ұста" – бір ұзақ сигнал; "Көмекке, маған" – екі қысқа сигнал. Басқа ПБЖ мен қызметкерлер "Ұста", "Көмекке" деген сигналды естіп, құқық бұзушыны анықтау және ұстау шараларын қабылдайды.
34. ПБЖ-ны тексеру кезінде тексеруші тексеруге жазбаша өкім мен қызметтік куәлігін көрсетеді.
ПБЖ тексерушінің талабы бойынша тексерушіге жақындап бағыт аумағындағы жағдайды баяндайды, қойылған сұрақтарға жауап береді. Қызметті тексеру нәтижелері туралы тексеруші ПБЖ-ның қызметтік кітапшаларына жазба жасайды. Бұл деректер нұсқамалар жүргізу және ПБЖ-ның жұмысын бағалау үшін пайдаланылады.
35. Қызмет атқару кезінде ПБЖ қырағылық танытады және кенеттен шабуыл жасау мүмкіндігін болдырмайтын сақтық шараларын қабылдайды.
36. Атыс қаруы, арнайы құралдар және дене күші қоғамға қауіпті әрекеттерді тоқтату, құқық бұзушылықтардың сипатын, нақты ахуалды ескере отырып, оларды жасаған адамдарды ұстау және құқық қорғау органдарына жеткізу мақсатында "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы негізінде және қатаң сәйкестікте қолданылады.
3-тарау. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқарудың ерекшеліктері
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Әуежайларда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Ескерту. 1-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
37. Әуежайлардағы ПБЖ-ның міндеттері жолаушылар болатын орындарды аралай отырып, әуежай терминалын патрульдеу болып табылады. Әуебекеттің бақылау аймағына өту тек қызметтік қажеттілік және авиакәсіпорынның қызметкерлеріне көмек көрсету жағдайларында ғана жүзеге асырылады.
Бұл ретте, әуежайларда қызмет атқару кезінде ПБЖ:
1) авиациялық қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасайды, әуежай ғимаратына тыйым салынған заттардың өткізілуін анықтауға жәрдем көрсетеді, тыйым салынған заттар табылған кезде дереу кезекші бөлімге баяндайды;
2) әуе кемесі командирінің актісі негізінде құқық бұзушы рейстен мәжбүрлеп шығарылған жағдайда түсіретін жолаушыны әуе кемесінің бортсерігінен қабылдайды немесе авиакомпанияның жердегі қызметі қызметкерлерінің құқық бұзушыны беру актісі негізінде отырғызуға жібермейді.
Құқық бұзушылық бар кезде ӘҚБК талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.
3) авиакәсіпорын қызметкерлерінің шектеу шараларын, жолаушылардың, әуе кемелерінің, әуежайдың авиациялық қауіпсіздігінің арнайы рәсімдерін (карантин, арнайы іс-шаралар) жүзеге асыруы жағдайында авиациялық қауіпсіздік қызметіне көмек көрсетеді;
4) авиакәсіпорынның қызметкерлеріне және авиациялық қауіпсіздік қызметіне жүктердің ұрлануын болдырмауда қажетті көмек көрсетеді.
Ескерту. 37-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.38. Жолаушыны әуе кемесінен түсіруге не отырғызуга рұқсат бермеуге байланысты әрбір жағдай туралы ПБЖ кезекші бөлімге баяндайды. Баянат және өзге де жиналған материалдарды ұсталған адаммен бірге кезекшіге немесе жедел-тергеу тобына (бұдан әрі - ЖТТ) береді.
2-Параграф. Теміржол бекеттерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Ескерту. 2-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
39. Темір жол объектілеріндегі ПБЖ-нің міндеттері жолаушылар болатын орындарды аралай отырып, вокзалдар мен станцияларды, перрондарды патрульдеу болып табылады.
Бұл ретте, көлік объектілерінде қызмет атқаратын ПБЖ:
1) әскерилендірілген теміржол күзеті қызметімен өзара іс-қимыл жасайды, вокзал (станция) ғимаратына тыйым салынған заттардың өткізілуін анықтауға жәрдем көрсетеді;
2) қамауда ұсталатын сотталған адамдарды тасымалдайтын арнайы вагонның сыртқы күзетін қамтамасыз етуде әскери қарауыл бастығына көмек көрсетеді;
3) Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкті багажды және пошталық жолдамаларды тасымалдау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) көзделген жағдайларда құқық бұзушыны қызметкерлерге тапсыру туралы поезд бастығының актісі негізінде осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен поезд бастығына және вагон жолсеріктеріне жолаушылар поездарынан жолаушыларды және поезд бригадалары қызметкерлерін түсіруге немесе оларды отырғызуға жібермеуге көмек көрсетеді;
4) теміржол кәсіпорнының және әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкерлеріне жүктердің ұрлануын, азаматтардың теміржолдар арқылы белгіленбеген жерлерде өтуін, сондай-ақ теміржолға бөгде заттардың болуын (салынуын), сигнализация мен байланыс құралдарына зақым келтірілуін, вагон жабдығының бүлінуін болдырмауда қажетті көмек көрсетеді.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.40. ПБЖ жолаушылар поездарынан жолаушыларды және поезд бригадаларының қызметкерлерін түсіруге не оларды отырғызуға жібермеуге байланысты әрбір жағдай туралы кезекші бөлімге баяндайды. Баянат және өзге де жиналған материалдарды ұсталған адаммен бірге кезекшіге, ЖТТ-ға тапсырады.
3-Параграф. Жолаушылар поездында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Ескерту. 3-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
41. Поездың жүруіне кемінде 30 минут қалғанда ПБЖ жетекшісі қызмет атқаруға кіріскенде поезд бастығына (аға жолсерікке) өзін таныстырады, қызметтік куәлігі мен бағыт парағын көрсетеді, жағдайды анықтайды, қызмет көрсететін поездың екі жағы да ПБЖ-ның ұдайы бақылауында болатындай есеппен жолаушыларды отырғызу кезінде перрондағы және поездардың жүру уақытындағы жұмыс тәртібімен келіседі.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Жолаушылар поездары жүргеннен кейін ПБЖ бүкіл құрамды тексеріп шығады, құқық бұзушылық жасалуы, тасымалдауға тыйым салынған мүліктер мен заттарды жасыруы мүмкін деген орындарды қарайды, вагонның жолсеріктерімен, поезд бригадасының басқа да қызметкерлерімен, вагон-ресторанының жұмысшыларымен өзара іс-қимыл жасасуды белгілейді, жүру жолында ПБЖ-мен байланысу тәртібі туралы оларды ақпараттандырады.
Жүру жолында ПБЖ патрульдеу жолымен қызмет атқарады. Жағдайды тұрақты бақылау және оның өзгеруіне жедел ден қою мақсатында поезд құрамы бойынша қозғалыста болады, аралап шығу бір сағат ішінде кемінде бір рет жүзеге асырылады.
43. Қысқа мерзімді аялдайтын пункттерде ПБЖ жетекшісі жолаушылар поезының жүру бағытында орналасқан станциядағы ПБЖ-мен өзара іс-қимылды орнатады, бұл туралы ПБЖ-нің бағыт парағында белгі қойылады. Жолаушылар поезы жөнелтілгенге дейін тоқтап тұрған кезде қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысады.
Көлікте полиция бөліністері бар станцияларда жолаушылар поезының ұзақ тұрақтауы кезінде (20 минуттан астам) ПБЖ жетекшілері кезекші бөлімге жолаушылар поезындағы қоғамдық тәртіптің жай-күйі туралы баяндайды, бұл туралы кезекші ПБЖ-нің бағыт парағына жазба жасайды.
44. Жолаушылар пойыздарындағы ПБЖ міндеттері:
1) жолаушылар поездарында қоғамдық тәртіптің сақталуын, жолаушылар мен поезд бригадалары қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық құрам бойынша тұрақты аралап өту;
2) Теміржол көлігі жұмыскерлерімен (станция, вокзал бойынша кезекшілермен, жолаушылар поездарының бастықтарымен/аға жолсеріктерімен) бірлесіп, поезд жүріп келе жатқанда жолаушылардың отыруына және түсуіне, азаматтардың басқышта, тіркемеде, төбелерде және вагондардың жұмыс істемейтін тамбурларында жүруіне жол бермеу шараларын қабылдау;
3) ден қою шараларын қабылдау үшін жолаушылар поезының бастығын (аға жолсерікті) поезд бригадасы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықты бұзғандығы анықталғаны туралы ақпараттандыру;
4) кезекші бөлімге, құзыретті органдарға және тасымалдаушыға анықталған бұзушылық туралы хабарлай отырып, билетсіз жолаушыларды, артық қол жүгін, рәсімделмеген багаж бен жүк-багажды алып жүруді анықтауға көмектесу;
5) жолаушылар поездарының бастығымен (аға жолсерікпен) немесе оны алмастыратын адаммен бірлесіп, жолаушылардың жүріс-тұрыс қағидаларын, қоғамдық тәртіпті және өрт қауіпсіздігін сақтауы, жолаушылар поездарында ПБЖ-ның болуы және оның орналасқан жері туралы профилактикалық сипаттағы ақпаратты радиорубка арқылы үнемі жариялап отыруды қамтамасыз ету;
6) вагондарда спирттік ішімдіктерді ішудің алдын алу, жолаушылардың қол жүгінің сақталуына жауапкершілігін арттыру, құжаттарды және неғұрлым құнды заттарды өзімен бірге немесе рундуктарда сақтау қажеттілігін түсіндіру, купенің есігін түнгі уақытта ілмектеп бұғаттау, сондай-ақ заттарды қараусыз қалдыруға жол бермеу мақсатында жолаушылармен жеке-профилактикалық әңгімелесулер жүргізу. Бұл ретте, түнгі уақытта жолаушыларды аса қажеттіліксіз мазалаудың қажеті жоқ;
7) Қағидаларда көзделген жағдайларда құқық бұзушыларды қызметкерлерге беру туралы поезд бастығының актісі негізінде осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіпте жолаушылар поездарынан жолаушыларды және поезд бригадаларының жұмысшыларын түсіру немесе оларды отырғызуға жол бермеу;
8) жолаушылар поездарының соңғы станцияға келуі бойында вагондарды қарауды жүргізу, олардан бөгде адамдарды түсіру, заңды негіздер болған кезде оларды полицияға жеткізу. Жолаушылар поезын қарау кезінде анықталған иесіз заттарды, құндылықтарды, құжаттарды белгіленген тәртіппен кезекші бөлімге тапсыру болып табылады.
Ескерту. 44-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Егер жасалған (дайындалып жатқан) қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы пайымдауға жеткілікті негіздер болса, лауазымдық міндеттерді атқару тәртібінде ведомстволық байланыс құралдарын пайдаланады, теміржол көлігі қызметкерлерінен қажетті мәліметтерді, қызметтік құжаттаманы сұратады және қызметтік үй-жайларға кіруге рұқсат алады.
46. ЖБН жолаушылар поездарынан жолаушыларды және поезд бригадаларының қызметкерлерін түсіруге не оларды отырғызуға жібермеуге байланысты әрбір жағдай туралы кезекші бөлімге баяндайды. Баянат және өзге де жиналған материалдарды ұсталған адаммен бірге кезекші мен ЖТТ-ға тапсырады немесе осы Нұсқаулықта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда кезекші бөлімінің нұсқауы бойынша өздігінен ілесіп жүреді.
47. Құқық бұзушылармен жұмыс істеу және тиісті іс жүргізу материалдарын жасау үшін жолаушылар поезының штабтық вагонында полиция органдарының қызметкерлері үшін екі орын беріледі.
48. ПБЖ кезекші бөлімнің келісімі бойынша мына жағдайларда:
1) станцияларда, разъездерде, жарыс пункттерінде қылмыстардың жолын кесуде;
2) жасалған құқыққа қайшы әрекеттерді құжаттау және оқиға орнын күзетуде;
3) жасырынып жүрген қылмыскерлерді қудалауды жүзеге асыруда және оларды полицияға жеткізуде;
4) теміржол көлігінің қызметкерлеріне және басқа да қызметкерлерге көмек көрсету, оқиғалар, қылмыстар мен жазатайым оқиғалар, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуде жолаушылар поезын тастап кете алады.
49. Ерекше жағдайларда ПБЖ-ның поезды тастап кету туралы шешімді ПБЖ жетекшісі немесе қызмет көрсету учаскесі бойынша жүріп келе жатқан жолаушылар поезының кезекші бөлімі қабылдайды, ол туралы бағыт парағына белгі жасалынады.
ПБЖ-ның (жекелеген қызметкерлердің) одан әрі жүру тәртібін кезекші бөлім айқындайды. Тұрақты қызмет орнына оралғаннан кейін ПБЖ жетекшісі басшылыққа жолаушылар поезын тастап кету себептері және қабылданған шаралар туралы баянатпен баяндайды.
50. Бағыттың соңғы пунктіне келгеннен кейін ПБЖ кезекші бөлімге келгені және бағыт парағына сәйкес кері поезға ауысып отыруға дайындығы туралы баяндайды. Кезекші бөлім жоқ станцияда ауысып отыруды орындау кезінде ПБЖ жетекшісі вокзалдағы (станциядағы) ПБЖ ауысымының жетекшісімен өзара іс-қимыл орнатады, соңғысы бағыт парағына белгі жасайды және жолаушылар поезы келгенге дейін вокзал (станция) аумағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қару-жарақ, құрал-саймандар мен арнайы құралдар іргелес аумақта құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты емес уақытта кезекші бөлімге уақытша сақтауға тапсырылады.
51. ПБЖ кері жолға жөнелту алдында жауапты және кезекші нұсқама өткізеді, ПБЖ кезекші бөлімге уақытша сақтауға тапсырған қару-жарақ, құрал-саймандар мен арнайы құралдарды береді, бұл туралы ПБЖ-ның бағыт парағына белгі қойылады.
52. Қызмет атқару аяқталғаннан кейін ПБЖ-ның бағыт парағы жолаушылар поезы бастығының (аға жолсеріктің) қолымен куәландырылады.
53. Басқа қызметкерлермен жолаушылар поездарында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілген жағдайда ПБЖ жетекшісі осы топтың және жол учаскесінің жетекшісінің деректерін қызметтік кітапшаға енгізеді, жолаушылар поезындағы жағдай туралы ақпараттандыруға және қажет болған жағдайда қызметтік міндеттерді орындауда практикалық көмек көрсетеді кезекші бөлімге баяндайды.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-Параграф. Метрополитенде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару
Ескерту. 4-параграфтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
54. Метрополитен нысандардағы ПБЖ міндеттері жолаушылардың болу орындарын аралай отырып, станция вестибюльін, отырғызу платформалары, станцияаралық және көшеаралық өткелдер, эскалаторлар және марштық сатыларда патрульдеу болып табылады.
Бұл ретте, метрополитен нысандарында қызмет атқару кезінде ПБЖ:
1) электр пойыздары жолаушыларының отырғызылуы мен түсірілуіне бақылау жүргізеді, қажет болған жағдайда қозғалыс қызметінің қызметкерлеріне жолаушылар ағынын реттеуге көмек көрсетеді;
2) жолаушы "қатты жолға" құлаған жағдайда кезекші бөлімді және станция бойынша кезекшіні түйіспелі рельстен кернеуді алу қажеттілігі туралы дереу ақпараттандырады. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, зардап шегушіні алып шығуға көмек көрсетеді, дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді, медицина қызметкерлерін шақырады, оқиғаның куәгерлерін анықтайды;
3) кауіпті жағдайларды болғызбау үшін масаң күйдегі (алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық) азаматтардың станцияға өтуіне жол бермеу шараларын қабылдайды, оларды метрополитен аумағынан уақтылы шығарып жіберу шараларын қабылдайды;
4) туннельге электр поездарының қозғалысы кезінде бөгде адамдар кірген кезде метрополитен станциясы бойынша кезекші арқылы түйіспе рельстен кернеуді алуға шаралар қабылдайды, болған жағдай туралы келесі станцияға және кезекші бөлімге хабарлайды, тәртіп бұзушыны ұстауға және оның жеке басын анықтауға шұғыл шаралар қабылдайды;
5) азаматтардың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету және эвакуациялық жолдардың бөгелуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды;
6) электр пойыздары жоспардан тыс тоқтаған жағдайда бұл туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды, ал қажет болған жағдайларда метрополитен қызметкерлерімен бірлесіп жолаушыларды метродан шығаруға және станцияны жабуға (түйіспе рельстен кернеуді алуға) шаралар қабылдайды.;
7) метрополитеннің жұмыс режимі мен электр поездарының қозғалысы аяқталғаннан кейін станцияның қызметтік бөлмелерін аралап өту бойынша көліктік қауіпсіздік қызметіне көмек көрсетеді.
4-тарау. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті атқару кезінде патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-Параграф. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасалған кезде және оқиғалар орнында патрульдік-бекеттік жасақтардың іс-әрекеттері
55. Оқиға орнындағы ПБЖ-ның іс-әрекеттері батыл болуы және мынадай міндеттерді орындауы тиіс:
1) болған оқиға туралы кезекші бөлімге баяндайды және кезекшінің нұсқауын орындайды;
2) қылмыстық құқық бұзушыларды қудалауды және ұстауды ұйымдастырады;
3) жәбірленушілерге көмек көрсетеді, жедел медициналық жәрдемді шақырады;
4) куәлар мен жәбірленушілерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері мен жұмыс орны, телефон нөмірі) жасырынған қылмыскерлердің, ұрланған заттардың, қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтайды;
5) қылмыс іздерін және басқа да заттай айғақтарды сақтау мақсатында оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді;
6) қылмысты ашу және қылмыскерлерді ұстау үшін қажетті басқа да шұғыл іс-әрекеттері жүргізеді;
7) ЖТТ келгеннен кейін топ жетекшісінің қарамағына түседі.
Іс-әрекеттердің реттілігі жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына, ПБЖ құрамына және басқа да мән-жайларға байланысты.
Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.56. Оқиға орнында:
1) азаматтармен қарым-қатынастың шиеленісуіне, сондай-ақ тергеу процесіне әсер етуі мүмкін іс-әрекеттерге;
2) оқиға орнында фото-бейнетүсірілімді жүзеге асыруға (қызметке берілген және автоматты режимде жұмыс істейтін ПБЖ ведомстволық бейнетіркегіштің, ЖТТ қызметкерлерінің бейнетіркеу жағдайларын қоспағанда);
3) оқиғаға түсінік беруге;
4) заттай айғақтарды жылжытуға (ауа райы және басқа да мән-жайлар бойынша бүліну немесе жойылу қаупі төнген жағдайларда, олардың бастапқы жағдайын алдын ала белгілей отырып жылжытуды қоспағанда);
5) темекі шегуге, оқиғаға қатысы жоқ қандай да бір заттарды қалдыруға жол берілмейді.
57. Жағдайдың сақталуын және қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар заттардың өзгермеген қалпында болуын қамтамасыз етуге ПБЖ назар аударады:
1) саусақ, аяқ киім, көлік құралдарының іздеріне;
2) қан дақтары, шаш, киім заттары, мата бөлшектеріне;
3) шыны сынықтары, ағаш кесектері, топырақ жер бөлшектері, темекі тұқылдары, сіріңкелерге ерекше назар аударылады.
58. Қажет болған жағдайларда ПБЖ оқиға орнын қоршауды жүргізеді, ол үшін полицияға көмек көрсететін қоғамдық көмекшілер мен азаматтар тартылуы мүмкін. Қоршаудың әртүрлі түрлері қолданылады: арқан, тақталар, сым және басқа қолда бар құралдар. Бұл жағдайда ПБЖ оқиға орнында қалдырған өз іздері мен жағдайдың өзгеруін сәйкестендіреді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете отырып немесе жәбірленушіні медициналық мекемеге жібере отырып, ПБЖ қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар заттарды, іздер мен белгілерді анықтау мақсатында оның киімін және денесінің ашық жерлерін қарайды, мүмкіндігінше оның жеке басын анықтайды. Жараланған адам табылған орны мен қалпы, қолдың, аяқтың, бастың жағдайы бор, көмір және басқа құралдардың көмегімен белгіленеді. Егер жәбірленушінің тірі екендігінің белгілері айқындалмаса, онда оның жағдайы, мүмкін болса, қалпы мен айналасындағы жағдайды өзгертпестен тексеріледі.
ЖТТ келгенге дейін мәйіттер оқиға орнынан алынбайды және қозғалмайды.
60. Жаңбырдың, желдің, қардың және басқа да жағдайлардың әсерінен іздер мен заттай айғақтардың жойылу қаупі төнген жағдайда, ПБЖ оларды сақтау үшін шаралар қолданады. Іздерді тік бетінде сақтау үшін қолда бар су өткізбейтін материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Көрсетілген заттар мен материалдарда қызметтік-іздестіру итін қолдануды қиындатпау үшін өткір иіс болмауы керек.
Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.61. Үй-жайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде ПБЖ тек оның жолын кесу, қылмыстық құқық бұзушыны ұстау, жәбірленушілерге көмек көрсету үшін кіреді.
62. ЖПБ қылмыстық құқық бұзушыларды "ізін суытпай" қудалау олар ұсталғанға және залалсыздандырылғанға дейін жүргізіледі. ПБЖ қудалау кезінде сақтық шараларын сақтайды. Қылмыстық құқық бұзушыларды қудалау кезеңінде оқиға орнын күзетуді өзге ПБЖ немесе полицияға жәрдем көрсететін азаматтардың көмегімен қамтамасыз етеді.
63. Қылмыстық құқық бұзушыларды қудалауды және іздестіруді ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде ПБЖ ЖТТ келгенге дейін немесе кезекші бөлімнің өкімін алғанға дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде болады.
64. ЖТТ келген кезде ПБЖ қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты барлық алынған мәліметтер және қабылданған шаралар туралы баяндайды, содан кейін оның нұсқауы немесе кезекші бөлімнің өкімі бойынша әрекет етеді.
65. Поездың жүру жолында қылмыс жасаған кезде, ПБЖ ұсталған адамды аумағында қылмыс (ұстау) жасалған полиция органына береді немесе кезекші бөлімнің өкімі бойынша, ПБЖ ұсталған адамды жүру жолы бойынша полиция бөлінісіне айдауылдау үшін бағыттан шешіледі.
66. Күдікті адамдарды тексеру кезінде, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша ПБЖ-ның тактикалық іс-әрекеттері "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын ұйымдастыру жөніндегі тәлімгерліктерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 4 қыркүйектегі № 127 бұйрығымен регламенттеледі.
2-Параграф. Әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған кезде патрульдік-бекеттік жасақтардың іс-әрекеттері
67. Әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала отырып, ПБЖ:
1) құқыққа қарсы іс-әрекеттерді дереу тоқтатуды талап етеді;
2) құқық бұзушының жеке басын сәйкестендіреді;
3) істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды, әкімшілік іс жүргізудің қозғалуын болғызбайтын мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың себептері мен жағдайларын анықтайды;
4) құжаттау сапасы мен материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз етеді;
68. ПБЖ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық форматта немесе келісім бойынша қағаз тасығышта жасайды.
69. Әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін материалды рәсімдеу процесінде ПБЖ ӘҚБК-нің 744-бабына сәйкес құқық бұзушыға құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.
70. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы ол анықталған жерде толтыру мүмкін болмаған кезде жеке тұлғаларды ең жақын полиция бөлінісінің қызметтік үй-жайларына жеткізу жүзеге асырылады. Құқық бұзушыны жеткізу туралы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға немесе әкімшілік ұстау туралы хаттамаға (әкімшілік қамауға алу санкциясы бар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша) тиісті жазба жасалады.
71. Жолаушылар поездарында қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу анықталған жағдайда ӘҚБК-нің 785-бабына сәйкес (медициналық куәландыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сотқа ведомстволық бағынысты істер бойынша әкімшілік ұстау хаттамасы) әкімшілік іс жүргізу шараларын қамтамасыз ету үшін тыныштықты бұзған және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірген адамдарға ПБЖ поездан мәжбүрлеп түсіруді қолданады.
Бұл жағдайда бастапқы материалдарды жинау жүзеге асырылады (арыздар, түсініктемелер, пойыздың бастығының жолаушыны түсіру және лайықсыз әрекеті туралы актісі).
Жолаушылар поездарында қызмет атқаратын ПБЖ жолаушы мен әкімшілік материалдарды жақын маңдағы вокзалдағы (станциядағы) кезекші бөлімге тапсырады, ол аумақтық полиция бөліністерімен өзара іс-әрекет жасайды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шараларды одан әрі қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Құқық бұзушыны тапсырғаннан кейін ПБЖ жолаушылар пойызында қызмет етуді жалғастырады.
3-Параграф. Әкімшілік жауапкершіліктен дипломатиялық иммунитетті пайдаланатын және ерекше артықшылығы бар адамдар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу кезіндегі патрульдік-бекеттік жасақтардың іс-әрекеттері
72. Әкімшілік жауаптылықтан ерекше артықшылығы мен иммунитеті бар адамдарды (Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Президенттігіне және Парламент депутаттығына кандидаттар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы немесе мүшелері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, судьялар) тиісті келiсусiз сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, күштеп әкелуге болмайды (ӘҚБК-нің 49-тарауы).
Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда, сотқа бағыныстылығы ӘҚБК-нің баптары бойынша тиісті келісім болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары қабылданады (ӘҚБК-нің 49-тарауына сәйкес).
Осында жағдайда ПБЖ әкімшілік өндіріс қозғайды, дәлелді баянат жасайды, кезекші бөлімі мен командирді ақпараттандырады. Материалдар одан әрі келісу және тиісті шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберіледі.
Полицияның ведомстволық бағынысты органдары әкімшілік материалдар бойынша (ӘҚБК-нің 685-бабы) әкімшілік өндірісті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқығы бар лауазымды адам жүзеге асырады (ӘҚБК-нің 803, 804-баптары).
73. Дипломатиялық иммунитеті бар адамдар ӘҚБК-нің 876-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Осыған ұқсас фактілер анықталған жағдайда ПБЖ әкімшілік өндіріс қозғайды, дәлелді баянат жасайды, кезекші бөлімі мен командирді ақпараттандырады. Материалдар одан әрі келісу және тиісті шешім қабылдау үшін прокуратура органдарына жіберіледі.
Дипломатиялық иммунитеті бар адамның мәртебесін растайтын құжаттар болған кезде олар да жеке басына қол сұғылмаушылықты пайдаланады және жеке басын жете тексеруге, оларды ұстап алуға немесе күштеп әкелуге болмайды. Олардың өздерімен алып жүрген заттарына да жете тексеру жүргiзуге болмайды.
74. Дипломатиялық иммунитеті бар адамдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 554-бабына сәйкес ұсталуы мүмкін.
4-Параграф. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу кезіндегі патрульдік-бекеттік жасақтардың іс-әрекеттері
75. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге қатыса отырып, ПБЖ:
1) кәмелетке толмағандар тарапынан қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі;
2) патрульдеу бағыты шегінде жоғалған (адасқан) балалардың орналасқан жерін (тұрғылықты жерін) анықтау үшін шаралар қабылдайды;
3) масаң күйіндегі жасөспірімдерді кезекші бөлімге және медициналық мекемелерге жеткізеді;
4) кәмелетке толмағандардың қоғамға қарсы топтарын анықтауға, олардың шоғырлану орындарын анықтауға шаралар қабылдайды, олар туралы кезекші бөлімге баяндайды;
5) кәмелетке толмағандарды құмар ойындарға, спирттік ішімдіктерді, есірткіні пайдалануға, құқық бұзушылықтар не өзге де қоғамға қарсы әрекеттер жасауға шақыратын ересек адамдарды анықтайды;
6) кәмелетке толмағандардың ата-анасының (өзге де заңды өкілдерінің) немесе балалардың қатысуымен іс-шараларды жүзеге асыратын адамдардың еріп жүруінсіз түнгі уақытта көлік және метрополитен нысандарында болуына жол бермейді.
76. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған барлық оқиғалар туралы ПБЖ дереу кезекші бөлімге баяндайды және нұсқау сәйкес әрекет етеді.
5-Параграф. Төтенше жағдайлар кезінде көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік-бекеттік жасақтарының іс-әрекеттері
77. Өрт кезіндегі ПБЖ-ның іс-әрекеттері:
1) дереу кезекші бөлімге баяндайды, азаматтарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдайды, коммуналдық, авариялық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
2) күдіктілерді ұстауға, куәларды, көрген адамдарды анықтауға шаралар қолданады;
3) емдеу мекемелеріне зардап шеккендерді жеткізуде медицина қызметкерлеріне көмек көрсетеді; ;
4) жанып жатқан ғимараттарға, вагондарға өртті жоюға тартылған адамдардан басқа ешкімді жібермейді, периметрдің қоршалуын қамтамасыз етеді;
5) кезекші бөлімнің (командирдің) нұсқауына дейін мүлікті және оқиға орнын күзетуді ұйымдастырады.
78. Су тасқыны, сел кезінде:
1) су басу қаупі туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды және шешім сұрайды, азаматтарды хабардар етеді;
2) азаматтар мен мүліктерді құтқаруға шаралар қабылдайды, оларды (бірінші кезекте балаларды, әйелдерді, қарттар мен науқастарды) эвакуациялауды ұйымдастырады, зардап шеккендерге көмек көрсетеді;
3) су басқан аудандардан азаматтарды өткізу кезінде тәртіпті қамтамасыз етеді;
4) мүлікті қорғауды ұйымдастырады, тонау деректерінің алдын алады.
79. Боран, дауыл, қар басу, тұман және көктайғақ кезінде:
1) жағдайды дереу кезекші бөлімге баяндайды, азаматтарға қауіп туралы және қажетті сақтық шаралары туралы ескертеді;
2) дәрменсіз күйде қалған зардап шеккендерге көмек көрсетеді, азаматтарды жылыту және эвакуациялау бойынша шаралар қабылдайды.
80. Жер сілкінісі кезінде:
1) жағдайды дереу анықтайды, кезекші бөліммен, басқа ПБЖ-мен байланыс орнатады;
2) қозғалыс үшін қауіпті орындарды анықтайды және азаматтарды қауіпсіз бағыттар бойынша қайта бағыттайды;
3) азаматтарды құтқаруға, зардап шеккендерге көмек көрсетуге, оларды медициналық көмек пункттеріне жіберу шараларын қабылдайды.
81. Апаттар, зілзалалар мен авариялар туындаған кезде:
1) болған жағдай туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды және азаматтарды құтқару, зардап шеккендерге көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне жіберу шараларын қабылдайды;
2) коммуналдық, авариялық-құтқару, өрт сөндіру және медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
3) кезекші бөлімнің (командирдің) нұсқауына дейін оқиға орнын күзетуді қамтамасыз етеді;
4) оқиға орнына, оның зардаптарын жоюға тартылған адамдардан басқа бөгде адамдарды жібермейді;
5) қоршауды ұйымдастыру, ТЖ салдарын жою үшін тұрғындары, тартуды ұйымдастырады.
82. Эпидемия кезінде:
1) Ауру деректері туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды;
2) жеке қорғаныш құралдарын пайдалу арқылы эпидемияға қарсы жеке қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, азаматтардың залалданған аймаққа өтуін шектеуді қамтамасыз етеді;
3) өкілеттілігі шегінде карантин режиміне байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) карантиндік іс-шараларды жүргізу кезінде кезекші бөлімнің нұсқауы бойынша жергілікті жер учаскелерінің қоршалуын қамтамасыз етеді.
83. Қоғамдық тәртіпті жаппай бұзу қаупі төнген кезде:
1) дереу кезекші бөлімге баяндайды;
2) қауіп төндіретін себептерді, ниеттерді, санын, жиналған қару мен басқа да заттардың бар-жоғын анықтау мақсатында қалыптасқан жағдайды байқауды және бағалауды қамтамасыз етеді;
3) азаматтарға олардың іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы ескертеді және таралуды талап етеді;
4) жанжалдың одан әрі ушығуы және қоғамдық тәртіпті жаппай бұзуға алғышарттар туындаған кезде ПБЖ кезекші бөлімнің нұсқауларына және ведомстволық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әрекет етеді.
84. Террористік акт кезінде жарылғыш құрылғылар, жарылғыш заттар, сондай-ақ азаматтарға қауіп төндіретін радиоактивті, химиялық және басқа да заттар табылған кезде:
1) оқиға туралы дереу кезекші бөлімге баяндайды және қауіпті аймақтың периметрін қоршауға (бұғаттауға) шұғыл шаралар қабылдайды;
2) азаматтарды эвакуациялауға және құтқаруға, қылмыскерлерді, куәларды анықтауға көмек көрсетеді.
85. ІІО жоспарлары қолданысқа енгізілген жағдайда ПБЖ арнайы топтардың құрамында әрекет етеді.
5-тарау. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқаруды қорытындылау
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 29.03.2023 № 262 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
86. Қызметкерлер қызмет аяқталғаннан кейін бөліністің орналасқан жеріне келеді. Олар өздерінің келгені туралы кезекші бөлімге және командирге әскери жарғы талаптарына сәйкес бекет ведомосына есепке алу үшін баяндайды.
87. Қызметкерлер арттехқаруландыру, қару-жарақ, байланыс пен арнайы техника, жеке қорғаныш және арнайы құралдарын, қызметтік құжаттаманы тапсырады.
88. Қызметкерлер ПБЖ жалпы сапқа тұруы жарияланған кезде қызмет атқаруды қорытындылауға қатысады, ол аяқталғаннан кейін бөліністің орналасқан жерінен қайтады.
89. Командирлер ЖПБ жеке жұмысының нәтижелерін, қызмет бойынша ескертулердің болуын қорытындылайды, одан әрі жұмыс режимін жариялайды. Әкімшілік практика бөліністері ӘҚБК нормаларын қолданудың заңдылығын және әкімшілік материалдардың дұрыс толтырылуын тексереді.