"Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 262 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 наурызда № 32143 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31849 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулықта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің патрульдік-бекеттік қызметті атқаруы жөніндегі нұсқаулық";

      1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Нұсқаулық көлік (әуежай, теміржол вокзалы, жолаушылар поезы) және метрополитен объектілерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасы полиция қызметкерлерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) патрульдік-бекеттік қызмет (бұдан әрі - қызмет) атқару тәртібін айқындайды.

      2. Патрульдік-бекеттік қызметті атқару патрульдік-бекеттік жасақшаларымен (бұдан әрі - ПБЖ) қамтамасыз етіледі.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Патрульдік-бекеттік қызмет";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқаруға дайындық";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қызмет атқару үшін ПБЖ-ға тағайындалған қызметкерлер нұсқаманың басталуына дейін кемінде 15 минут бұрын бөлініс орналасқан жеріне келеді. Келгені туралы кезекші бөлімге және командирге бекет ведомосына белгі қою үшін баяндайды.";

      10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) көлік және метрополитен нысандарында өрт сөндіру есептобы келгенге дейін өрт кезінде өрт сөндіру құралдарын қолдануға 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 26867 болып тіркелген) өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару мерзімінде байланыс және бейнетіркегіш құралдарын пайдалану";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Алып жүретін бейнетіркегішсіз қызмет атқаруға, сондай-ақ өз бетінше ажыратуға, бар жазбаны жоюға тыйым салынады. ПБЖ-ның бейнетіркегішті қосуы қызмет атқару басталған сәттен бастап және ол аяқталғанға дейін үздіксіз жүргізіледі.

      Аудиобейнежазбаны жүргізу процесінде қызметкер мен құқық бұзушының барлық іс-әрекеттері тіркеледі, оның ішінде материалдардың құрастырылуы және құқық бұзушыны полицияға жеткізілуі, сондай-ақ көлік құралдарын тоқтату.";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде патрульдік-бекеттік жасақшаларының азаматтармен қарым-қатынасы";

      23-тармақтың бірінші және екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Шетелдіктермен, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің қызметкерлерімен байланысқа ПБЖ тек өзінің қызметтік міндеттері шегінде ғана түседі (құқық бұзушылықтардың жолын кесу, ұшақтың, жолаушылар поезының, электр пойызының қозғалыс кестесін түсіндіру, қонақ үйлердің, тамақтану пунктерінің орналасуы).

      Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құжаттарын тексеру кезінде ПБЖ шетелдік паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, азаматтығы жоқ адамдар куәлігінің қолданылу мерзіміне, олардың осы елді мекенде болуының заңдылығын растайтын, тіркелгені туралы белгісі бар визаның, көші-қон карточкасының болуына назар аударады.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-Параграф. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару";

      25-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ПБЖ қызметті бөлек атқару кезінде бірақ көру және есту шегінде (тек тәуліктің күндізгі уақытында, 100 метрге дейінгі қашықтықта) атқарады.";

      30-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) радиостанция бойынша қызметтік емес сөйлесулер жүргізуге, қызметтен басқаға көңілін бөлуге;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқарудың ерекшеліктері";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-Параграф. Әуежайларда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-Параграф. Теміржол бекеттерінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару"

      37-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әуе кемесі командирінің актісі негізінде құқық бұзушы рейстен мәжбүрлеп шығарылған жағдайда түсіретін жолаушыны әуе кемесінің бортсерігінен қабылдайды немесе авиакомпанияның жердегі қызметі қызметкерлерінің құқық бұзушыны беру актісі негізінде отырғызуға жібермейді.

      Құқық бұзушылық бар кезде ӘҚБК талаптарына сәйкес жауапкершілікке тарту шараларын қабылдайды.";

      39-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қамауда ұсталатын сотталған адамдарды тасымалдайтын арнайы вагонның сыртқы күзетін қамтамасыз етуде әскери қарауыл бастығына көмек көрсетеді;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығымен бекітілген Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкті багажды және пошталық жолдамаларды тасымалдау қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) көзделген жағдайларда құқық бұзушыны қызметкерлерге тапсыру туралы поезд бастығының актісі негізінде осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен поезд бастығына және вагон жолсеріктеріне жолаушылар поездарынан жолаушыларды және поезд бригадалары қызметкерлерін түсіруге немесе оларды отырғызуға жібермеуге көмек көрсетеді;";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-Параграф. Жолаушылар поездында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару"

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Поездың жүруіне кемінде 30 минут қалғанда ПБЖ жетекшісі қызмет атқаруға кіріскенде поезд бастығына (аға жолсерікке) өзін таныстырады, қызметтік куәлігі мен бағыт парағын көрсетеді, жағдайды анықтайды, қызмет көрсететін поездың екі жағы да ПБЖ-ның ұдайы бақылауында болатындай есеппен жолаушыларды отырғызу кезінде перрондағы және поездардың жүру уақытындағы жұмыс тәртібімен келіседі.";

      44-тармақтың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) вагондарда спирттік ішімдіктерді ішудің алдын алу, жолаушылардың қол жүгінің сақталуына жауапкершілігін арттыру, құжаттарды және неғұрлым құнды заттарды өзімен бірге немесе рундуктарда сақтау қажеттілігін түсіндіру, купенің есігін түнгі уақытта ілмектеп бұғаттау, сондай-ақ заттарды қараусыз қалдыруға жол бермеу мақсатында жолаушылармен жеке-профилактикалық әңгімелесулер жүргізу. Бұл ретте, түнгі уақытта жолаушыларды аса қажеттіліксіз мазалаудың қажеті жоқ;

      7) Қағидаларда көзделген жағдайларда құқық бұзушыларды қызметкерлерге беру туралы поезд бастығының актісі негізінде осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіпте жолаушылар поездарынан жолаушыларды және поезд бригадаларының жұмысшыларын түсіру немесе оларды отырғызуға жол бермеу;";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Басқа қызметкерлермен жолаушылар поездарында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілген жағдайда ПБЖ жетекшісі осы топтың және жол учаскесінің жетекшісінің деректерін қызметтік кітапшаға енгізеді, жолаушылар поезындағы жағдай туралы ақпараттандыруға және қажет болған жағдайда қызметтік міндеттерді орындауда практикалық көмек көрсетеді кезекші бөлімге баяндайды.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-Параграф. Метрополитенде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқару";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті атқару кезінде патрульдік-бекеттік жасақшалардың іс-әрекеттері";

      55-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) куәлар мен жәбірленушілерді (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері мен жұмыс орны, телефон нөмірі) жасырынған қылмыскерлердің, ұрланған заттардың, қылмыстың басқа да мән-жайларын анықтайды;";

      58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Қажет болған жағдайларда ПБЖ оқиға орнын қоршауды жүргізеді, ол үшін полицияға көмек көрсететін қоғамдық көмекшілер мен азаматтар тартылуы мүмкін. Қоршаудың әртүрлі түрлері қолданылады: арқан, тақталар, сым және басқа қолда бар құралдар. Бұл жағдайда ПБЖ оқиға орнында қалдырған өз іздері мен жағдайдың өзгеруін сәйкестендіреді.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Жаңбырдың, желдің, қардың және басқа да жағдайлардың әсерінен іздер мен заттай айғақтардың жойылу қаупі төнген жағдайда, ПБЖ оларды сақтау үшін шаралар қолданады. Іздерді тік бетінде сақтау үшін қолда бар су өткізбейтін материалдардан жасалған шатыр орнатылады. Көрсетілген заттар мен материалдарда қызметтік-іздестіру итін қолдануды қиындатпау үшін өткір иіс болмауы керек.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Көлік және метрополитен нысандарында қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша патрульдік-бекеттік қызметті атқаруды қорытындылау".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы
М. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады