"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Агенттіктің аумақтық органдары осы бұйрықта белгіленген тұлғалардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуына тұрақты түрде мониторинг және талдау жүргізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Агенттік Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы |
Д. Жазыкбаев |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы 2023 жылғы 11 ақпандағы № 38 бұйрығына қосымша |
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға конкурс өткізілместен "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижесінің мәні келесіден төмен емес:
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары | Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті |
Балдар | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
Жергілікті атқарушы органдарда, мəслихаттар аппараттарында, ревизиялық комиссияларда, орталық мемлекеттік органдардың жəне олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінде (астана мен оның аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардан, мəслихат аппаратынан, ревизиялық комиссиялардан, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінен басқа) орналаса алады. | B+ | 3,33 | 85-89 | жақсы |
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында оқуды аяқтаған адамдарға оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен уəкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу мүмкіндігін беретін оқу нәтижелерінің мәндері келесіден төмен емес:
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары | Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті |
Балдар | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
1. Облыс ауданының немесе облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) әкімі және мәслихаты аппараттарының төменгі лауазымына; | B+ | 3,33 | 85-89 | жақсы |