"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 ақпандағы № 122 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31971 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 1024 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12511 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға рұқсат беру қағидаларында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Өтініш беруші "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті бастапқыда алу үшін "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұшуды орындаудың жоспарланған күніне дейін 40 (қырық) жұмыс күні ішінде уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайдаланушыны авиациялық жұмыстарды орындауға рұқсат алуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі) 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын жібереді.

      Куәлікті кезекті алу үшін өтініш беруші осы тармақта көзделген тәртіппен өтінімді және өзгерістер мен жаңартулар болған Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде жазылған.";

      8-2 және 8-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-2. Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация не уәкілетті ұйым өтінішті қабылдаудан бас тартады және еркін нысанда құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Өтініш беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінім мен құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және уәкілетті ұйымның кеңсесіне жібереді.

      8-3. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Құжаттар Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті ұйым осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу туралы өтінім бойынша шешім қабылдайды.";

      15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді:

      1) 1-деңгей – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      2) 2-деңгей – уәкілетті ұйымға келісілген мерзімде оларды жойған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер;

      3) 3-деңгей – қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер.

      3-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде түзету іс-қимылдарының жоспары талап етілмейді.

      Сертификаттық зерттеп-қарау кезінде пайдаланушының 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда, уәкілетті ұйым анықталған сәйкессіздікті жою үшін, ол анықталған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімге келіседі.

      Өтініш беруші актіге қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күндік мерзімде оларды жою жөніндегі түзету іс-қимылдарының жоспарын (бұдан әрі – жоспар) ұсынады. Өтініш берушімен ұсынылған анықталған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі шараларды бағалау негізінде жоспар уәкілетті ұйыммен келісіледі немесе негіздемесімен қоса пысықтауға қайтарылады.

      Жоспарда көрсетілген мерзімді өтініш беруші өзгерту қажеттігі туралы негіздемені ұсынған жағдайда оны уәкілетті ұйыммен ұзартылады.

      16. Уәкілетті ұйым тексеру немесе бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын жүргізу арқылы өтініш берушінің жоспарды ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылайды.

      Өтініш берушімен түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспары ұсынылмаса немесе уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде түзету іс-қимылдары орындалмаса, 2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздікке айналады, және уәкілетті ұйым авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті беруден бас тартады.

      17. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым куәлік беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен куәліктің қолданысын шектейді.";

      18-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1. Уәкілетті ұйым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізуді қамтамасыз етеді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, мемлекеттік қызмет берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу тәртібі";

      мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті мынадай жағдайларда кері қайтарып алады:

      1) ұсынылған құжаттарды бұрмалау арқылы пайдаланушының авиациялық жұмыстарды орындау құқығына куәлік алған, сертификаттау талаптарына сәйкестігін қолдаған кезде;

      2) авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлікті заңсыз пайдалану немесе заңға қайшы әрекеттер жасау;

      3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерде орындалған тұрақты емес халықаралық ұшудың күні мен мақсаты туралы хабарламау несе хабарламада анық емес ақпарат ұсыну;

      4) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс тұрақты емес ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас кеңсесі Қазақстан Республикасының аумағында орналаспаса және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қол жетімді болмаса;

      5) егер өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген, оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын шешімі болған кезде;

      6) пайдаланушының жазбаша өтініші.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 24 ақпандағы
№ 122 Бұйрыққа
қосымша
  Пайдаланушыны
авиациялық жұмыстарға рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша

"Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру – 40 (қырық) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік беру (куәліктің телнұсқасы) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініш берушіден алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Алымды төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады (Салық кодексі).
Алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс істеу кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген кезде өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 8-30-ден 17-30-ға дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 14-00-ға дейін.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Өтініш беруші (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкіліне) жүгінген кезде мынадай құжаттар ұсынылады: бастапқы куәлікті алу үшін:
1) өтінім;
2) мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемді растайтын мәліметтер;
3) ұшуды жүргізу жөнінде нұсқаулық;
4) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық;
5) техникалық қызмет көрсетуді реттеу жөніндегі пайдаланушының нұсқаулығы;
6) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);
7) Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлері туралы заңдарына сәйкес пайдаланушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;
8) пайдаланушының басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;
9) пайдаланушының авиациялық қауіпсіздік бағдарламасы;
10) куәлікті кезекті алу үшін: өтініш беруші осы тармақта көрсетілген құжаттармен бірге өзгерістер мен жаңартулар болған өтінімді ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздемелер

1) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті мәліметтердің Заңның 16-бабының 7-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) өтініш берушіге қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы сот шешімінің (үкімінің) заңды күшіне енуі.
3) пайдаланушының авиациялық жұмыстарға рұқсатын алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
4) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электронды нысанда көрсетілетін басқа да талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мынадай:
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" акционерлік қоғамы www.caakz.com орналасқан;
Өтініш берушінің ЭЦҚ бар болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін өтініш беруші порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады