"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 53 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 28 ақпанда № 31972 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.06.2023 № 227 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2-тармақтың 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) проактивті көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет;";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы өтінішті ұсыну оны "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындау кезінде талап етілмейді.

      Учаскелік комиссияның адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге адамның (отбасының) келісімі атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындауды қарау үшін негіз болып табылады.

      Учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісім алған күн проактивті көрсетілетін қызмет арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген күн болып есептеледі.";

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ұсынылған "портал" арқылы келіп түскен электрондық өтініш мынадай параметрлер бойынша тексеруден өтеді:

      1) ұсынылған мәліметтердің толықтығы;

      2) атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу, сондай-ақ тағайындауға өтініш беру фактісінің болмауы;

      3) отбасының барлық мүшелерінде бір елді мекен шегінде тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелуінің болуы.

      Жоғарыда келтірілген параметрлер бойынша тексерудің оң нәтижесі болған кезде өтінішті өңдеуге арналған кіріс хабарламалар журналына ауыстыру жүргізіледі.

      Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін әлеуетті алушыларды айқындау адамның (отбасының) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтер бойынша анықталған атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін талаптарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады.

      Атаулы әлеуметтік көмекті проактивті форматта тағайындау үшін мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі тіркелген болуы, көрсетілетін қызметті алушының учаскелік комиссияға келуге келісімі және көрсетілетін қызметті алушының sms-хабар арқылы сұрау салу арқылы алынған атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымды таңдауы қажет.";

      12-тармақтың 2) тармақшасында:

      бірінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Орталық бір жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті тіркеудің электрондық журналында өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтінішке үзбелі талон береді. "Портал" арқылы не проактивті форматта келіп түскен электрондық өтінімдер осы Қағидаларға 3.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеудің электрондық журналында тіркеледі;";

      бесінші абзац алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрыққа 12-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 22 ақпандағы
№ 53 Бұйрыққа
қосымша
  Мемлекеттік атаулы әлеуметтік
көмек тағайындау және
төлеу қағидаларына
12 қосымша

"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО

2

Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – "портал"), ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы

3

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі

Орталыққа жүгінген кезде – Орталық құжаттар топтамасын тіркеген күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

Проактивтік қызмет көрсетілген кезде – адамның (отбасының) адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуге келісімін алған күннен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні

кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 18 (он сегіз) жұмыс күні

Мемлекеттік органдарға немесе ұйымдарға сұрау салу ресімдеген жағдайда құжаттар топтамасын қалыптастыру мерзімі өтініш берушіге жазбаша хабарлама жібере отырып, күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұзартылады

2) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты –
30 минут

3) Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут

4

Көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде/проактивті

5

Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі

Орталық немесе әкім арқылы қағаз түрінде, сондай-ақ ұялы байланыс желілеріндегі абоненттік нөмірге хабарлама жіберу арқылы тағайындау туралы, ал бас тартылған жағдайда оның себептерін көрсете отырып, хабардар ету.
Қызметті портал арқылы көрсеткен жағдайда – тағайындау туралы хабарлама, ал бас тартқан жағдайда – оның себептерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" уәкілетті органның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында

6

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) Орталықта – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сағат 12.30, 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 08.30, 9.00-ден 18.00, 18.30-ға дейін;

2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезектілік тәртібінде көрсетіледі.

3) "порталда" – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Халықты жұмыспен қамту орталығына Мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде өтінішті алғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші мынадай:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) қандас мәртебесі туралы;

3) босқын мәртебесі туралы;

4) шетелдік мәртебесі туралы;

5) азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы;

6) отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы;

7) жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелер туралы;

8) мүгедектікті белгілеу туралы;

9) баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы;

10) қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы;

11) бала асырап алу туралы;

12) некені (ерлі-зайыптылықты) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке (ерлі-зайыптылықты) қиюды (некені бұзуды) тіркеу туралы;

13) егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы;

14) табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар);

15) дара кәсіпкердің мәртебесі туралы;

16) өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы;

17) жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы;

18) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса);

19) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы;

20) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы үш ай қатарынан алимент туралы және (немесе) ол бойынша берешектің болуы туралы;

21) өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы;

22) меншігінде тұрғын үй, үй-жайдың болуы туралы;

23) меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы;

24) меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтер алу үшін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - ақпараттық жүйелер) сұрау салуды қалыптастырады.

Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда әкім немесе Орталық тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Өтініш беруші жоғарыда көрсетілген құжаттарды қағаз жеткізгіште ұсынуға құқылы.

Өтініш берген кезде көрсетілетін өтініш берушіге Орталықта, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі - тіркеу күні және мемлекеттік қызметті алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген өтініштің үзбелі талоны беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық үкімет порталы арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш;
көрсетілетін қызметті алушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандастың мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдіктің мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адамның мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер;
жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы; мүгедектікті белгілеу туралы; баланың (барлық балаларға) тууын (қайтыс болуын) тіркеу туралы; қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы; бала асырап алу туралы; некені (ерлі-зайыптылықты) одан тыс жерлерде тіркеу жағдайларын қоспағанда, неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу туралы; егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса – оқу орнында оқу фактісі туралы; табыстар туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар), дара кәсіпкердің мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, төлеу немесе тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, еңбек қызметі (бар болса) туралы; жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы; алименттер және (немесе) оларды алмастыратын адамдар туралы атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы үш ай қатарынан олар бойынша берешектің болуы туралы; өтініш берушінің отбасы мүшелерінің бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарында болуы туралы; меншігінде тұрғын үйдің,
үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде көлік құралының болуы туралы көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

Проактивтік қызмет көрсетілген кезде:
мемлекеттік қызметті көрсету үшін – көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы банк шотының нөмірін растау немесе ұсыну.
Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттың, қандас мәртебесі туралы, босқын мәртебесі туралы, шетелдік мәртебесі туралы, азаматтығы жоқ адам мәртебесі туралы, отбасының әрбір мүшесіне тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы, мүгедектікті белгілеу туралы, баланың тууын (қайтыс болуын) (барлық балаларға) тіркеу туралы, қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы, бала асырап алу туралы, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу жағдайларын қоспағанда, некені (ерлі-зайыптылықты) қиюды (бұзуды) тіркеу туралы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейінгі асырауындағылар күндізгі оқу нысанының білім алушылары болып табылса - оқу орнында оқу фактісі туралы, табыс туралы (жалақы, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті жалға беруден, жылжымайтын және (немесе) жылжымалы мүлікті сатудан түскен табыстар); дара кәсіпкердің мәртебесі туралы, өтініш берушіде және оның отбасы мүшелерінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, төлеу немесе оны тағайындауға өтініш беру фактісінің болуы туралы, жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін еңбек қызметі туралы (бар болса), жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын отбасының еңбекке қабілетті мүшелері үшін білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының (бар болса) болуы туралы, атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы қатарынан үш ай ішінде алимент және (немесе) олар бойынша берешегінің болуы туралы, бас бостандығынан айыру орындарында болуы немесе өтініш берушінің отбасы мүшелерін мәжбүрлеп емдеу туралы, меншігінде тұрғын үйдің, үй-жайлардың болуы туралы, меншігінде жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесінің болуы туралы, меншігінде автокөлік құралының болуы туралы мәліметтерді, электрондық өтініште көрсетілген банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабар жіберу арқылы пайдаланушының порталда тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:

1) табысы аз адамдар болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға);

2) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабының 6-тармағында көрсетілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасына – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;

3) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер алушының кінәсінен орындалмаған жағдайда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы алты ай ішінде;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) - ұсынған күнінен бастап алты ай ішінде;

5) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекен-жайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктің www. enbek. gov. kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастырылған.

Өтініш беруші қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету мәртебесі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ала алады.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді. Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет.

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, жәрдемақы тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады