Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау саласында тексеру парағын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 224 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 28 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 наурызда № 31986 болып тіркелді

      БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабы 1-тармағына, "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағына, сондай-ақ "Тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 3 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау саласында тексеру парағы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Премьер-Министрінің орынбасары -
__________А. Куантыров Қаржы министрі
__________Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 28 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 28 ақпандағы
№ 224 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау саласында тексеру парағы

      Қаржы басқарушысына қатысты

      Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру тағайындау туралы акт ___________________________________

      (№, күні )

      Бақылау субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (ол болған кезде)

      _______________________________________________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ____

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы: _________________________________

      Бақылау объектісінің Т.А.Ә (ол болған кезде) _______________________

      _________________________________________________________________

      Бақылау объектісінің ЖСН _______________________________________

      Бақылау объектісінің тұрғылықты жерінің мекенжайы:_______________

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________


Талаптар тізбесі

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Уәкілетті органға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды және интернет-ресурста орналастыру үшін кредиторлар талаптарын мәлімдеу тәртібін оны тағайындаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберу



2

Кредиторлар талаптарының тізілімін интернет-ресурста орналастыру үшін борышкерге кредиторлар талаптарын мәлімдеу мерзім аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жіберу



3

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде Үлгілік жоспардың нысаны негізінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын әзірлеу



4

Төлем қабілеттілігін қалпына келтірудің түпкілікті жоспарын жасау және оны сотқа, сондай-ақ кредиторлардың ұсыныстары мен ескертулерін ұсыну мерзім өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға жіберу



5

Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша қорытынды жасау және оны сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде сотқа ұсыну



6

Кредиторға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсіміне қатысты ақпаратты, сондай-ақ борышкердің қаржылық жағдайы, оның мүлкі және оның сұрау салуы негізінде міндеттемелері туралы анық ақпаратты жіберу



7

Сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде борышкердің мүліктік массасын сату жоспарының жобасын жасау



8

Талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға борышкердің мүліктік массасын сату жоспарының жобасын қарау үшін жолдау



9

Борышкердің мүліктік массасын сатудың түпкілікті жоспарын жасау және оны сату жоспарының жобасына кредиторлардың ұсыныстары мен ескертулерін ұсыну мерзім өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде талаптары кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілген кредиторларға мәлімет үшін жіберу



10

Кепіл кредиторына түгендеу актісі жасалғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде кепілге салынған мүлікті заттай қабылдау туралы ұсынысты жолдау



11

Кепілге салынған мүлікті бағалауға және ұстап тұруға байланысты шығыстар өтелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепіл кредиторына оның талаптарын қанағаттандыру есебінде кепілге салынған мүлікті беру



12

Бағалау туралы есепті бағалаушы ұсынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде борышкер мен кредиторға жолдау



13

Қорытынды есепті және белгіленген нысан бойынша банкроттың міндеттемелерін тоқтату үшін негіздердің болуы немесе болмауы туралы қорытынды жасау және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 6 (алты) айдан аспайтын мерзімде сотқа жіберу



14

Кредитор мәлімдеген талап келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредитордың талабын негізді (негізсіз) деп тану және танылған талапты кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдау



15

Сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде борышкердің мүлкіне түгендеу жүргізу



16

Бағалаушыны тарта отырып, борышкердің мүлкіне бағалау жүргізу



17

Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген негіздер болған кезде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы іс қозғалғанға дейін 3 (үш) жыл ішінде борышкер немесе ол уәкілеттік берген адам жасаған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтінішпен, осындай мәмілелер анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сотқа жүгіну



18

Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кезінде кезектілікті сақтау



19

Кредиторлармен есеп айырысу кезінде борышкердің мүліктік массасын сатудан түскен ақшасын, сондай-ақ "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабына сәйкес өндіріп алуға болмайтын кірістерді қоспағанда, борышкердің кірістерін пайдалану



20

Сату жоспарына сәйкес борышкердің мүліктік массасын сатуды жүзеге асыру



      Уәкілетті органның лауазымды адамы (адамдары):

      ____________________________________ ____________________

      (лауазымы) (қолы )

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә.) (ол болған кезде)

      Тексеру парағын алуы туралы белгі

      Қаржы басқарушысы:

      ____________________________________ __________________

      (Т.А.Ә.) (ол болған кезде) (қолы)

      Күні 20_ жылғы "____"_______________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады