БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 16137 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nz = [(Еz + L) * (k1 + k2)] + А1 + А2 + А3,
мұндағы:
z – орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін сыныптарындағы білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), оның ішінде дамуында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;
Еz – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру процесі шығыстарының нормасы.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушы үшін Еz 2-ге көбейтіледі;
L – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының нормасы;
k1 – нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:
400 білім алушыға дейін – 1;
401-ден 500 білім алушыға дейін – 0,85;
501-ден 800 білім алушыға дейін – 0,75;
801-ден 1000 білім алушыға дейін – 0,65;
1001-ден 1200 білім алушыға дейін – 0,6;
1201-ден 1400 білім алушыға дейін – 0,58;
1401-ден 1600 білім алушыға дейін – 0,56;
1601-ден 2000 білім алушыға дейін – 0,52;
2001-ден 2500 білім алушыға дейін – 0,49;
2501-ден 3000 білім алушыға дейін – 0,45;
3001-ден 4000 білім алушыға дейін – 0,40;
4001-ден бастап одан көп білім алушыға – 0,38;
k2 – мектептің жобалық қуаттылығынан асатын нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:
150 %-ға дейін – 0,3;
151-ден 170 %-ға дейін – 0,29;
171-ден 190 % -ға дейін – 0,28;
191-ден 210 % -ға дейін – 0,27;
211-ден 230 %-ға дейін – 0,26;
231-ден 250 %-ға дейін – 0,25;
251-ден 270 %-ға дейін – 0,24;
271-ден 290 %-ға дейін – 0,23;
291-ден 310 %-ға дейін – 0,22;
311% және одан көп – 0,21.
k1 және k2 түзету коэффициенттері:
мемлекеттік орта білім беру мекемелеріндегі ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушылардан құралған сыныптар үшін;
жекеменшік орта білім беру ұйымдарының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының объектілерін қоспағанда, жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін қолданылмайды;
А1 – бір білім алушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы:
жылына 6 АЕК – меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған мектептердегі білім алушылар үшін;
12 АЕК – жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта, жекеменшік мектеп-интернатта тұратын білім алушылар үшін;
А2 – орта білім беру ұйымдарының объектілерінде білім алушы нақты орналасқан әрбір жаңадан енгізілген оқушы орны үшін (бірақ олардың жобалық қуатынан жоғары емес) ғимараттардың амортизациясына арналған шығыстардың нормасы, оның ішінде:
жеке меншіктегі орта білім беру ұйымының;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген объектілерінде.
Орта білім беру ұйымдарының мынадай объектілеріндегі орындар жаңадан енгізілетін оқушы орындары болып табылады:
2018 жылғы 20 шілдеден кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға берілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген.
А2 "Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары бойынша А2 5 (бес) жыл ішінде төленетін мемлекеттік меншікке берілген орта білім беру ұйымы объектісінің ғимараттарын қоспағанда, білім беру ұйымдарына 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді.
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес салынған объектінің құнынан төленген А2 жиынтық көлемі 70 (жетпіс) пайыздан аспайтын мөлшеріне жеткен кезде А2 төлемі бес жылдық мерзім өткенге дейін тоқтатылады.
А2 мынадай білім беру ұйымдарына 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді:
А2-ні алуға үміткерлерге – жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін;
2020 жылғы 14 ақпанға дейінгі кезеңде А2-ні алғандарға – 2020 жыл ішінде жиырма жыл мерзімге орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығын салу жөніндегі міндеттемелер қабылданғаннан кейін төленеді. Бұл жағдайда А2-ні төлеу мерзімі көрсетілген міндеттемелер қабылданғанға дейін жүргізілген төлемдер мерзіміне мөлшерлес азайтылады;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен орта білім беру объектілерін алғандарға төленеді. Бұл ретте осындай білім беру ұйымының құрылтайшысы А2 төлемдерінің сомасын шеңберінде орта білім беру ұйымының объектісі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарымен мемлекеттік меншікке берілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруды жүзеге асыруға бағыттауды қамтамасыз етеді. Бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің (Nz) сомасы А2 төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, білім беру процесі мен білім беру ортасының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады.
Жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А2-ні төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.
А2 мынаны құрайды:
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберіндегі құрылысты қоспағанда, құрылыс салынған жағдайда – жылына 96 АЕК;
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде білім беру ұйымының объектісінде мынадай орындар санына құрылыс салынған жағдайда:
2024 жылы іске қосылған жобалық қуаттылығы:
1 200 орынға – жылына 213,93 АЕК;
1 500 орынға – жылына 187,02 АЕК;
2 000 орынға – жылына 186,41 АЕК;
2 500 орынға – жылына 161,64 АЕК;
2025 жылы іске қосылған жобалық қуаттылығы:
1 200 орынға – жылына 230,63 АЕК;
1 500 орынға – жылына 201,61 АЕК;
2 000 орынға – жылына 200,96 АЕК;
2 500 орынға – жылына 174,25 АЕК;
реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.
"Жайлы мектеп" білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде енгізілген орта білім беру ұйымының объектісіне А2 мөлшерін айқындау кезінде "2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында 2023 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері қолданылады.
Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген оқушы орындары үшін А2 төленетін жоғарыда көрсетілген мерзімдер өткенде А2 0-ге тең болады;
А3 – орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымы объектілерінде жаңадан енгізілген, бірақ олардың жобалық қуатынан аспайтын, білім алушылар нақты орналасқан әрбір тұру орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.
Білім алушылар нақты орналасқан тұру орны 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға енгізілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдарының интернаттарындағы орындар болып табылады.
А3 жиырма жылға дейін орта білім беру ұйымы интернатының нысаналы мақсатын өзгертуге құқық ауыртпалығы салынғаннан кейін 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді. Бұл ретте жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А3-ті төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы интернатының бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.
А3 мынаны құрайды:
құрылыс салынған жағдайда – жылына 122 АЕК;
реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.
Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген білім алушылардың тұру орындарына А3 төленетін 8 (сегіз) жыл өткенде А3 0-ге тең болады;".
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі