"Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 наурызда № 32028 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10554 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тілінде тақырыбы өзгермейді;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптар (бұдан әрі – сертификаттық талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-51) тармақшасына сәйкес әзірленген және авиация персоналын кәсіптік даярлауды жүзеге асыру үшін сәйкестік өлшемдерін белгілейді.";

      3-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) емтихан алушы – уәкілетті ұйым белгілейтін біліктілік талаптарына сәйкес келетін авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындауға құқығы бар жеке тұлға;";

      3-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) авиациялық персоналды кәсіптік даярлау – кәсіптік деңгейді бастапқы даярлау, қайта даярлау және қолдау;";

      3-тармақтың 19) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;";

      3-тармақтың 25) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) сертификаттау талаптары – авиациялық персоналды даярлаудың ұйымға, мазмұнына, деңгейіне және сапасына сәйкестігін белгілеу мақсатында қойылатын авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өз қызметінің заңдылығын растау үшін АОО:

      1) уәкілетті ұйыммен келісілген кәсіптік даярлау бағдарламалары, АОО нұсқаушы және емтихан алушы персоналы;

      2) АОО басшы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналының олардың біліктілігін растайтын құжаттары.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. АОО-да негізгі қызметін жүзеге асыруға негіз болатын өзекті нормативтік-құқықтық актілер бар.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулық мынадай аспектілерді қамтиды:

      1) сертификаттауға өтініш берілген, іске асырылатын кәсіптік даярлау түрлері мен тиісті курстардың жалпы сипаты;

      2) пайдаланылатын бағдарламалық жасақтама мен оқу курсын іске асыруға арналған жабдықтың сипатын қоса алғанда, ұсынылатын оқу бағдарламаларының мазмұны;

      3) ұйымда қолданылатын сапаны қамтамасыз ету жүйесінің жалпы сипаты;

      4) ұйымда бар үй-жайлардың, құралдар мен жабдықтардың сипаттамасы;

      5) АОО-ның сертификаттау талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге жауапты болып тағайындалған адамның тегі, міндеттері және біліктілігі;

      6) оқытуды жоспарлау мен жүргізуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы процестерді бақылауды жүзеге асыратын персоналдың міндеттері мен біліктілігінің сипаттамасы;

      7) нұсқаушы және емтихан алушы персоналдың біліктілігін анықтау, қолдау және қызмет саласын кеңейту үшін пайдаланылатын рәсімдердің сипаттамасы;

      8) нұсқаушы және емтихан алушы персоналды даярлау бойынша есепке алу құжаттамасын жүргізу және сақтау тәртібінің сипаттамасы;

      9) егер АОО куәлікті немесе авиациялық персоналдың біліктілік белгісін беруге байланысты емтихандарды, сынақтарды немесе тестілеуді қабылдауды жүзеге асырса (жүзеге асыруды жоспарласа), онда уәкілетті персоналды іріктеудің, рөлінің және міндеттерінің, сондай-ақ осы мақсатта қолданылатын куәліктерді беретін уәкілетті ұйым белгілеген талаптардың сипаттамасы ұсынылады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. АОО-ға сапаны қамтамасыз ету жөніндегі жауапты қызметкер тағайындалады, ол азаматтық авиацияда сапаны қамтамасыз ету саласында 2 (екі) жылда бір рет 1 (бір) кәсіби деңгейде бастапқы даярлықтан және қолдаудан өтеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Сапа жөніндегі нұсқаулықты авиациялық персоналды даярлау кезінде сапаны қамтамасыз ету саласындағы ИКАО саясатына сәйкес АОО әзірлейді.";

      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. АОО сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметкерді даярлауды жүзеге асырады, ол мыналарды қамтиды:

      1) сапаны қамтамасыз ету тұжырымдамасы және онымен байланысты жүйелер;

      2) сапаны басқару;

      3) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

      4) тексеру және аудит әдістері;

      5) есептілік және есепке алуды жүргізу.

      33. Оқуды аяқтағаннан кейін және аудит және сапаны бақылау тәжірибесін алғаннан кейін 12 (он екі) ай ішінде сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметкер сапаны қамтамасыз ету мәселелері бойынша АОО қызметкерлеріне оқыту жүргізеді.";

      37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Өз қызметтерін ұсыну барысында ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп факторларына ұшыраған АОО Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы заңнамасына сәйкес ҰҚБЖ енгізеді, ол:

      1) ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді айқындайды;

      2) қажетті түзету шараларын қабылдауды қамтамасыз етеді;

      3) ұшу қауіпсіздігі деңгейіне тұрақты мониторинг және тұрақты бағалау жүргізуді көздейді;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Ұшуды имитациялаудың тренажерлік құрылғыларын пайдалана отырып, ұшу экипажы мүшелерін кәсіби даярлауды АОО жүзеге асыру кезінде ҰҚБЖ әзірлеу және енгізу талап етілмейді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Қызметкердің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі міндеттеріне ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлау, ұшу қауіпсіздігі бағдарламасын іске асыру және ҰҚБЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету кіреді.";

      46 және 47-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Авиациялық персоналы мен кәсіптік даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін АОО мынадай жабдықтармен қамтылады:

      1) кәсіптік даярлау бағдарламаларын іске асыру үшін жарақталған және белгіленген санитариялық және техникалық нормаларға сәйкес келетін оқу аудиториялары мен үй-жайлар;

      2) әуе кемелері, әуеайлақтар, тікұшақ айлақтары, ұшуды қамтамасыз ететін жерүсті жабдығы (меншікті, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретін);

      3) мазмұны оқытылатын персоналды кәсіптік даярлау бағдарламаларының іске асырылуын толық қанағаттандыратын, қағаз және/немесе электрондвқ түрдегі оқу әдебиеті мен әдістемелік материалдар қорымен жабдықталған кітапхана;

      4) жеке және ортақ пайдаланылатын жаттығу құрылғылары (меншікті, жалға алынған, тысқары ұйымдар шарттық талаптарда беретін), оқытудың техникалық құралдары, аудиокөрнекі құралдар, макеттер, агрегаттардың, тораптардың, құрылғылар мен жүйелердің имитаторлары, технологиялық жабдықтар мен құралдар;

      5) персоналға арналған үй-жайлар;

      6) техникалық, санитариялық және тұрмыстық үй-жайлар болады.

      47. Материалдық-мүліктік базаны егжей-тегжейлі сипаттау персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқауда келтірілген.";

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. АОО-да қызметті жүзеге асыратын персоналға қатысты біліктілік талаптары қалыптастырылады:

      1) авиация персоналын кәсіптік даярлау және авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындау;

      2) қызметі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты авиация персоналын кәсіптік даярлауға;

      3) АОО кәсіптік даярлау бағдарламасы шеңберінде теориялық және (немесе) практикалық даярлық деңгейін бағалау;

      4) басқа мамандықтардың авиациялық персоналын кәсіптік даярлау.";

      мынадай мазмұндағы 59-1-тармақпен толықтырылсын:

      "59-1. АОО-ның нұсқаушы және емтихан алушы персоналы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген) бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында айқындалатын тәртіппен уәкілетті ұйыммен келісіледі.";

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Осы сертификаттау талаптарына сәйкес келмейтін АОО-ның басшы, нұсқаушы және емтихан алушы персоналы тиісті кәсіби қызметке жіберілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 62-1-тармақпен толықтырылсын:

      "62-1. АОО нұсқаушы және емтихан алушы персоналы мынадай санаттарға бөлінеді:

      1) теориялық дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушы (ATO-TI);

      2) практикалық және (немесе) жердегі дайындықты жүзеге асыратын нұсқаушы (ATO-PI(GI));

      3) АОО (TT) нұсқаушыларын кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын нұсқаушы;

      4) авиация персоналының біліктілік деңгейін айқындайтын емтихан алушы;

      5) іске асырылатын АОО (ATO-E) бағдарламасы шеңберінде теориялық және (немесе) практикалық даярлық деңгейін қорытынды бағалауды жүзеге асыратын емтихан алушы.";

      68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. Авиациялық персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын және ағылшын тілінде оқу әдебиеті мен құжаттаманы пайдаланатын АОО-ның персоналы ағылшын тілінде оқытатын кәсіптік даярлықтан өтеді.

      69. Авиациялық персоналды кәсіптік даярлауды жүзеге асыратын АОО-ның персоналы қызмет бағыттарына сәйкес Халықаралық азаматтық авиация ұйымы не халықаралық және өңірлік авиациялық және білім беру қауымдастықтары, ұйымдар мен қауымдастықтар өткізетін мамандандырылған семинарларға, конференцияларға, форумдарға, кеңестер мен іс-шараларға жыл сайын қатысады.";

      мынадай мазмұндағы 69-1, 69-2 және 69-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "69-1. Осы сертификаттау талаптарының 62-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) авиациялық білімнің болуы;

      2) мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі кемінде үш жыл;

      3) кәсіптік даярлық курсын сәтті аяқтағаны туралы қолданыстағы сертификаттың болуы.

      69-2. Осы сертификаттау талаптарының 62-1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) нұсқаушы ретінде кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) Train the trainers курсын сәтті аяқтағаны туралы қолданыстығы сертификаттың болуы;

      3) жоғары авиациялық білімнің болуы.

      69-3. Осы сертификаттау талаптарының 62-1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келеді:

      1) жоғары авиациялық білімінің және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

      2) кәсіптік даярлық курсын сәтті аяқтағаны туралы қолданыстағы сертификаттың болуы.";

      авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттық талаптардың 1-қосымшада:

      13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Аттестаттау және нұсқаушы мен емтихан персоналының біліктілігін айқындау тәртібінің толық сипаттамасы келтіріледі.

      Нұсқаушы және емтихан алушы персоналды аттестаттау және олардың біліктілігін айқындау осы сертификаттау талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау хаттамасымен ресімделеді және сертификаттау талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік парағы толтырылады.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. АОО-ның нұсқаушы және емтихан алушы персоналының тағылымдамадан өту тәртібінің толық сипаттамасы келтіріледі.";

      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 3 және 4-қосымшаларымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 6 наурыздағы
№ 137 бұйрыққа
1-қосымша
  Авиациялық оқу орталықтарына
қойылатын сертификаттау
талаптарына
3-қосымша

Аттестаттау ХАТТАМАСЫ ___________________________ № ____ (ATO-ТI, ATO-PI(GI), TT, ATO-E)

      Өткізу орны _____________________________________________________________

      Хаттаманың бекітілген күні "___" _____ 20___ жыл

      Аттестаттау түрі (бастапқы, мерзімді, қайталама)

      __________________________________________________________________________

      (Аттестатталушының) тегі, аты, әкесінің аты

      _________________________________________________________________________

      Туған күні "___"_______________жыл.

      Атқаратын лауазымы _______________________________________________________

      1. Білімі және кәсіптік даярлығы туралы мәліметтер (білімі туралы құжат бойынша

      мамандығы мен біліктілігі, курстың және оқу орнының атауы, оқу кезеңі)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      2. Регламенттеуші құжаттарды білу

Құжат

Игеру деңгейі

Жалпы идеясы бар

Негізгі элементтерді тізімдейді

Мазмұнын түсіндіреді

Практикалық қызметте қолданады

Ескертпелер

Қызметкерлерді даярлау және рәсімдер бойынша нұсқаулық






Сапа бойынша нұсқаулық






Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық (бар болған жағдайда)






АОО-ның өзге де нұсқаулықтары






ИКАО (өзге халықаралық ұйымдардың) құжаттары






ҚР нормативтік құқықтық актілері






      3. Оқу-әдістемелік, таныстыру және бағалау (тест және емтихан) материалдарының мазмұнына (кәсіптік даярлау бағдарламаларына сәйкес), құрылымына, ресімделуіне қойылатын талаптарға сәйкестігі

Іске асырылатын курс (модуль, тақырып, пән)


Бағаланатын элемент

Бағалау критерийлері

Ескертпелер

Жоқ/ жаңартылмаған

Бағдарлама мазмұнының аспектілерін толық қамтымайды

Бағдарлама мазмұнының барлық аспектілерін көрсетеді

Әдістемелік безендіру (1-ден 5-ке дейін, мұнда 1-нашар, 5-өте жақсы

Оқу жоспары және бағдарламасы






Тыңдаушыларға арналған оқу материалы






Таныстыруматериалы






Жаттығу (қажет болса)






Бағалау материалдары






Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті өзге де материалдар






      4. Тағылымдамадан өткен маманның ескертулері мен ерекше белгілері:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      5. Бақылау сабағын өткізуді бақылау нәтижесі:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      6. Өздігімен жұмысқа жіберу туралы қорытынды (оқу сабақтарын өткізуге рұқсат

      етіледі, қайта аттестаттауға жатады, өзге де шешім)

      __________________________________________________________________________

      (тегі,аты, әкесінің аты, лауазымы /қолы)

      Аттестаттау жөніндегі шешіммен таныстым

      __________________________________________________________________________

                  (аттестатталатын маманның тегі, аты, әкесінің аты /қолы)

      "____" ___________ 20 __ жыл.

  бұйрыққа
2-қосымша
  Авиациялық оқу орталықтарына
қойылатын сертификаттау
талаптарына
4-қосымша

БІЛІКТІЛІК ПАРАҒЫ

      ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      ____________________________________________________________

      (жұмыс орны, лауазымы, санаты)

Туған күні


Туған жері


Оқу орнының атауы (базалық білім)


Түскен/бітірген күні


Білімі бойынша мамандығы, біліктілігі


 
Еңбек қызметі

Күні

Жұмыс орны, лауазымы

Мекеменің орналасқан жері

Жұмысқа қабылдау

Жұмыстан шығару













Кәсіптік даярлық (толтыру күніне дейін алдыңғы 5 жыл бұрын)


Тәртіптік жазалар


      Толтыру күні "__"________ 20__ жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады