"Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 135 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 наурызда № 32032 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 198 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12073 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Оларды берген сәттен бастап төменде көрсетілген құжаттарға мынадай қолданылу мерзімі белгіленеді:

      1) ұшуға жарамдылық сертификаты – бір жыл;

      2) шу бойынша сертификат – мерзімсіз;

      3) экспорттық сертификат – жиырма екі жұмыс күні;

      4) арнайы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) – күнтізбелік отыз күннен аспайды;

      5) радиотаратқыш аппаратураны пайдалануға рұқсат – мерзімсіз;

      6) шет мемлекет берген азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (бұдан әрі – сертификатты тану туралы шешім) – шет мемлекет берген азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық сертификатында көрсетілген мерзім.";

      5-тармақта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ұшуға жарамдылық сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (бұдан әрі – Шешім) – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, азаматтық әуе кемесінің ИКАО талаптары мен стандарттарына және Қазақстан Республикасы белгілеген ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігін растайтын белгіленген үлгідегі құжат;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) шу бойынша сертификат – уәкілетті ұйым берген, жергілікті жердегі шу бойынша азаматтық әуе кемесінің сәйкестігін куәландыратын құжат;";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Арнайы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылығының арнайы сертификаты) Заңның 44-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ немесе ұшуға жарамдылық сертификатын беру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, бірақ пайдаланушының және уәкілетті ұйымның бағалауы негізінде Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде төменде белгіленген жағдайларда және мынадай мақсаттарда қауіпсіз ұшу:

      1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі айналып ұшу сынақтары;

      2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтары немесе техникалық сипаттамаларды растау мақсатында айналып ұшу;

      3) әуе кемесін жеткізу немесе экспорттау;

      4) тапсырыс берушінің немесе уәкілетті ұйымының бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;

      5) көрмелер мен авиашоу;

      6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы;

      7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;

      8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі.";

      мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

      "27-1. Арнайы ұшуды орындауға рұқсат берер алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйіне бағалау жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулер белгілеуге міндетті. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етілмейді.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Экспорттық сертификатты алып тастауға жататын әуе кемесінің уәкілетті ұйымы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен береді.

      Бұл құжат ұшуды орындау мақсаты үшін жарамды болып табылмайды және экспорттаушы мемлекеттің әуе кемесінің ұшу жарамдылығының жай-күйін соңғы тексерудің оң нәтижелерін растауы ретінде қызмет етеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      Және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады