Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 10 наурыздағы № 254 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 наурызда № 32039 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.09.2024 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 13) тармақшасына және 48-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.09.2024 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрінің
2023 жылғы 10 наурыздағы
№ 254 бұйрықпен
бекітілген

Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдері

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 13.09.2024 № 626 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 13) тармақшасына және 48-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Заңның 5-бабы 3-тармағында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолданған тұлғаларды қоспағанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында жеке мүддесінде жасалған іс-әрекеттерін анықтау үшін, борышкердің және банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.

2-тарау. Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімі

      2. Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг Заңның 48-бабына сәйкес функцияларына Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы жөніндегі мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру кіретін облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің бөлімшелері жүзеге асырады (бұдан әрі – МКД бөлімшесі).

      3. Борышкердің қаржылық жағдайына мониторинг соттан тыс немесе сот арқылы банкроттығы рәсімдерін қолдану туралы өтініш берілген күнге, мынадай көздерден:

      1) салық есептілігі нысандарынан (жеке табыс салығы бойынша (240.00-нысан), жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы (250.00-нысан) және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы (270.00-нысан), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлік пен мүліктік құқықтардың болуы бөлігінде декларацияларда);

      2) екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерінен;

      3) тіркеуші мемлекеттік органдардың деректер базасынан (құзыреті шегінде);

      4) сот органдарының деректер базасынан алынған мүлік, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктегі мүлік туралы ақпаратты зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.

      4. Борышкердің қаржылық жағдайының мониторингі

      Келесі ретпен 20 (жиырма) күнтізбелік күн:

      1-кезең – соттан тыс банкроттық қолданылған және (немесе) сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы шешім заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткен соң;

      2-кезең – соттан тыс банкроттық рәсімі және (немесе) сот арқылы банкроттығы рәсімі аяқталғанға дейін кемінде 20 (жиырма) күнтізбелік күн бұрын.

      Сот арқылы банкроттығы рәсімін ұзарту кезінде борышкердің қаржылық жағдайына мониторингі ұзарту мерзімі ескеріле отырып жүргізіледі.

      5. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесі үшін іс-әрекеттер жасауы:

      1) мүліктің, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген мүліктің болуы туралы ақпаратпен (салық есептілігі нысандарындағы мәліметтерге сәйкес (240.00, 250.00, 270.00 нысандары));

      2) банк шоттарында ақшаның болуы туралы мәліметтермен;

      3) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған атқарушылық іс жүргізулерді қоспағанда, мүлікті, оның ішінде аяқталмаған атқарушылық іс жүргізулерді қайтару туралы борышкердің пайдасына орындалмаған сот шешімдерінің болуымен;

      4) тіркеуші мемлекеттік органның борышкерге мүлікті тіркеу туралы ақпаратымен расталады, оның ішінде:

      борышкердің мүлкіне және (немесе) активтеріне байланысты құқық белгілейтін құжаттарда (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік, жарғылық капиталдағы үлесі);

      куәліктердің, лицензиялардың және рұқсат беру сипатындағы өзге де құжаттардың болуы туралы мәліметтер;

      мүліктің және (немесе) активтердің қозғалысы туралы мәліметтер (сатып алу-сату шарттары, сыйға тарту, кепіл, жалдау);

      зияткерлік меншік туралы мәліметтер (өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау);

      бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар туралы мәліметтер.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімдерде МКД бөлімшесі:

      1) осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген деректер мен құжаттарды жинауды жүзеге асырады;

      2) алынған деректер мен ақпаратқа талдау жүргізеді;

      3) мынадай құжаттардың бірін жасайды:

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесінде жасаған іс-әрекеттері анықталған жағдайда – Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының нормаларын сақтай отырып, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды);

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесі үшін жасаған әрекеттері белгіленбеген жағдайда – борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің жоқтығы туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама).

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар барлық жолдарды толтыра отырып және кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесі үшін іс әрекеттер жасау фактісін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, 2 (екі) данада жасалады.

      Қорытындыға және (немесе) Анықтамаға осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 2 (екі) күн бұрын МКД қызметкері мен бөлімшесінің басшысы қол қояды.

      8. Жасалған Қорытындылар және Анықтамалар туралы ақпарат Қорытындыда және Анықтамада берілген тіркеу нөмірлерін көрсете отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы Қорытындыларды және борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы Анықтамаларды есепке алу журналына енгізіледі.

      Қорытындының және Анықтаманың бір данасы МКД бөлімшесінің номенклатуралық істерінде сақталады, ал екінші данасы жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде борышкерге жіберіледі.

      9. МКД бөлімшесі жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қорытындылар – рәсімді тоқтатады немесе міндеттемені тоқтатудан бас тартады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.

3-тарау. Банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу тәртібі мен мерзімі

      10. Заңның 48-бабына сәйкес банкроттың қаржылық жағдайына мониторингті МКД бөлімшелері жүзеге асырады.

      11. Банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг, мынадай көздерден:

      1) салық есептілігі нысандарынан (жеке табыс салығы бойынша (240.00-нысан), жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы (250.00-нысан) және жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы (270.00-нысан), оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мүлік пен мүліктік құқықтардың болуы бөлігінде декларацияларда);

      2) тіркеуші мемлекеттік органдардың деректер базасы (құзыреті шегінде);

      3) кредиторлардың шағымдары мен мәліметтері бойынша борышкер банкрот деп танылғаннан кейiн 3 (үш) жыл iшiнде мүлік, оның ішінде ортақ бірлескен меншіктегі мүлік туралы ақпаратты зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.

      12. Банкроттың қаржылық жағдайының мониторингі 3 (үш) жыл iшiнде мынадай ретілікпен:

      1-кезең – борышкер банкрот деп танылған күннен бастап жартыжылдық кезең өткен айдан кейінгі айда;

      2-кезең – банкроттың қаржылық жағдайына мониторингтің бірінші кезеңі жүргізілген күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң;

      3-кезең – банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу кезеңі аяқталғанға дейін 3 (үш) ай бұрын жүргізіледі.

      13. Банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі:

      1) мүліктің, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген мүліктің болуы туралы ақпаратпен (салық есептілігі нысандарындағы мәліметтерге сәйкес (240.00, 250.00, 270.00 нысандары));

      2) тіркеуші мемлекеттік органның банкротқа мүлікті тіркеу туралы ақпаратымен, оның ішінде:

      банкроттың мүлкіне және (немесе) активтеріне байланысты құқық белгілейтін құжаттарда (жылжымайтын мүлік, жер учаскесі, көлік, жарғылық капиталдағы үлесі);

      мүліктің және (немесе) активтердің қозғалысы туралы мәліметтермен (сатып алу-сату шарттары, сыйға тарту, кепіл, жалдау);

      зияткерлік меншік туралы мәліметтермен (өнер туындылары, шығармашылық және ғылыми әзірлемелер, ноу-хау);

      бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар туралы мәліметтермен расталады.

      Ортақ бірлескен мүлікті айқындау кезінде осындай мүліктің меншік нысанын көсете отырып банкрот бойынша тіркеуші огандардың мәліметтері ескеріледі.

      14. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімдерде МКД бөлімшесі:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген деректер мен құжаттарды жинауды жүзеге асырады;

      2) алынған деректер мен ақпаратқа талдау жүргізеді;

      3) мынадай құжаттардың бірін:

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабының нормаларын сақтай отырып, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды);

      Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама (бұдан әрі – Анықтама) жасайды.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарға осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген мерзім аяқталғанға дейін кемінде күнтізбелік 2 (екі) күн бұрын МКД бөлімшесінің қызметкері және басшысы қол қояды.

      16. Жасалған Қорытындылар мен Анықтамалар туралы ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытындылар және соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтамаларды есепке алу журналына енгізіледі.

      Қорытынды 3 (үш) данада жасалады, бір данасы МКД бөлімшесінің номенклатуралық істерінде сақталады, екіншісі банкротқа, ал үшіншісі кредиторларға жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолданады.

      Анықтама 1 (бір) данада жасалады және ДГД бөлімшесінің номенклатуралық істерінде сақталады.

  Борышкердің және банкроттың
қаржылық жағдайына
мониторинг жүргізу қағидалары
мен мерзімдеріне
1-қосымша
  Нысан

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытынды

      № ___________________ ______________ _______________

      (есепке алу журналы) (жасалған күні) (жасалған орны)

      1. Борышкер туралы жалпы мәліметтер

      1.1. Борышкер туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

ЖСН

Борышкердің орналасқан жері, телефоны

1

2

3

4





      1.2. Сот арқылы/соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім:

      20__жылғы "__" _____ ____________________________________________

      (соттың/ мемлекеттік кірістер органының атауы)

      1.3. Қаржы басқарушысы туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

Тағайындау туралы бұйрық

Шеттету туралы бұйрық

Ескертпе

күні

күні

негізі


1

2

3

4

5

6

7

8









      1.4. КТТ туралы мәліметтер (әрбір кредитор бойынша толтырылады):

Кредитор туралы мәліметтер

КТТ мәліметтері

Ескертпе

Т.А.Ә.

БСН/ЖСН

берешек сомасы (теңге)

берешектің пайда болу күні

берешектің пайда болу себебі

берешек туындаған құжаттың атауы

қойылған талаптардың сомасы (теңге)

негізділігін растайтын құжаттың атауы (атауы, күні, нөмірі)

берешектің пайда болған күні


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      2. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесінде жасалған іс-әрекеттерінің болуы туралы мәліметтер

Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесінде жасалған іс-әрекеттері

Болған жағдайда тиісті ұяшық белгіленеді

Растайтын құжат
(атауы, күні, шығыс нөмірі)

мүліктің, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелгендердің болуы туралы ақпарат (салық есептілігі нысандарындағы мәліметтерге сәйкес (240.00, 250.00, 270.00 нысандары)) (соттан тыс немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы өтініш берген күнге)



банк шоттарында ақшаның болуы туралы мәліметтер (соттан тыс немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы өтініш берген күнге)



"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көрсетілген негіздер бойынша тоқтатылған атқарушылық іс жүргізулерді қоспағанда, мүлікті, оның ішінде (соттан тыс немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы өтініш берген күнге) аяқталмаған атқарушылық іс жүргізулерді қайтару туралы борышкердің пайдасына орындалмаған сот шешімдерінің болуы



тіркеуші мемлекеттік органның борышкерге мүлікті тіркеу туралы ақпаратының болуы (соттан тыс немесе сот арқылы банкроттығы рәсімін қолдану туралы өтініш берген күнге)



      МКО қызметкерінің пікірі (бар болса)

      _____________________________

      3. Қорытынды

      Жоғарыда жазылғандардың негізінде, борышкердің әрекеттерінде, борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілері анықталды осыған байланысты қабылданды.

      (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қабылданған шараларды сипаттау)

      Қорытындының* қорытындысын растайтын құжаттардың тізбесі (аталған құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет):

Құжаттың атауы

Парақ саны



      Қызметкер _________________ ________________________________

      (МКО атауы) (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Басшы ____________________ ________________________________

      (МКО атауы) (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Ескертпе:

      Қорытынды* – Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытынды.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      КТТ – кредиторлар талаптарының тізілімі;

      МКО – мемлекеттік кірістер органдары.

  Борышкердің және банкроттың
қаржылық жағдайына
мониторинг жүргізу қағидалары
мен мерзімдеріне
2-қосымша
  Нысан

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы анықтама

      № ___________________ ______________ _______________

      (есепке алу журналы) (жасалған күні) (жасалған орны)

      1. Борышкер туралы жалпы мәліметтер

      1.1. Борышкер туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

ЖСН

Борышкердің орналасқан жері, телефоны

1

2

3

4





      1.2. Сот арқылы/соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім:

      20__жылғы "__" _____ ____________________________________________

      (соттың/МКО атауы)

      1.3. Қаржы басқарушысы туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

Тағайындау туралы бұйрық

Шеттету туралы бұйрық

Ескертпе

күні

күні

негізі


1

2

3

4

5

6

7

8









      1.4. КТТ туралы мәліметтер (әрбір кредитор бойынша толтырылады):

Кредитор туралы мәліметтер

КТТ мәліметтері

Ескертпе

Т.А.Ә.

БСН

берешек сомасы (теңге)

берешектің пайда болу күні

берешектің пайда болу себебі

берешек туындаған құжаттың атауы

қойылған талаптардың сомасы (теңге)

негізділігін растайтын құжаттың атауы (атауы, күні, нөмірі)

берешектің пайда болған күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      2. Кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатында борышкердің жеке мүддесінде жасалған іс-әрекеттерінің болмауы туралы мәліметтер

      МКО қызметкерінің пікірі (бар болса)

      _____________________________

      3. Қорытынды

      Жоғарыда жазылғандардың негізінде борышкердің әрекеттерінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілері анықталған жоқ.

      Анықтаманың* қорытындыларын растайтын құжаттардың тізбесі (тізімделген құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет):

Құжаттың атауы

Парақ саны



      Қызметкер _________________ ________________________________

      (МКО атауы)             (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Басшы ____________________ ________________________________

      (МКО атауы)             (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Ескертпе:

      Анықтама* – Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы анықтама

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      КТТ – кредиторлар талаптарының тізілімі;

      МКО – мемлекеттік кірістер органдары.

  Борышкердің және банкроттың
қаржылық жағдайына
мониторинг жүргізу қағидалары
мен мерзімдеріне
3-қосымша
  Нысан

Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытындыларды және Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы анықтамаларды есепке алу журналы

Борышкердің Т.А.Ә.

ЖСН

Сот арқылы /соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы шешім қабылданған күн

Жасалған күні

Жасалған құжаттың (Қорытындының /Анықтаманың) тіркеу нөмірі

Қорытындыны сотқа жолдау күні

Қорытындыға шағымдану туралы мәліметтер

Қорытынды /Анықтама жасаған қызметкердің Т.А.Ә.

Қорытынды /Анықтама жасаған қызметкердің қолы

Қорытынды*

Анықтама**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11












      Ескертпе:

      *Қорытынды – борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болуы туралы қорытынды;

      **Анықтама – Борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару белгілерінің болмауы туралы анықтама.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

  Борышкердің және банкроттың
қаржылық жағдайына
мониторинг жүргізу қағидалары
мен мерзімдеріне
4-қосымша
  Нысан

Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды

      № ___________________ ______________ _______________

      (есепке алу журналы) (жасалған күні) (жасалған орны)

      1. Банкрот туралы жалпы мәліметтер

      1.1. Банкрот туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

ЖСН

Банкроттың орналасқан жері, телефоны

1

2

3

4





      1.2. Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау туралы шешім:

      20__жылғы "__" _______________

      ____________________________________________

      (соттың/мемлекеттік кірістер органының атау)

      1.3. Кредиторлар туралы мәліметтер:

Кредиторлар туралы мәліметтер

Ескертпе


Т.А.Ә.

БСН/
ЖСН

берешек сомасы
(теңге)

берешектің пайда болу күні

берешек туындаған құжаттың атауы

1

2

3

4

5

6

7








      2. Рәсім аяқталғаннан кейін банкроттың қаржылық жағдайы туралы мәліметтер

Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін сатып алынған банкроттың мүлкі мен активтері туралы ақпарат

Тиісті ұяшық белгіленеді (бар болса)

Растайтын құжат
(аты, күні, шығыс нөмірі)

мүлік және (немесе) активтер, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелген



банк шоттарындағы ақша



"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көрсетілген негiздер бойынша тоқтатылған атқарушылық iс жүргiзудi қоспағанда, банкроттың пайдасына мүлiктi және (немесе) активтерді, оның iшiнде орындалмаған атқарушылық iс жүргiзудi қайтару туралы орындалмаған сот шешімдері



      МКО қызметкерінің түсіндірмесі (бар болса) _____________________________

      3. Қорытынды

      Жоғарыда жазылғандардың негізінде банкрот соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтағаннан кейін мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алды, осыған байланысты кредиторға Қорытындының бір данасы жолданады.

      "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес кредиторлар уәкілетті органнан ақпаратты алған кезде сотқа борышкерді банкрот деп танудың күшін жою және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес банкроттық рәсімін қайта бастау туралы жүгінуге құқылы.

      Қызметкер ____________________________________________________

      (МКО атауы)             (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Басшы _________________ ______________________________________

      (МКО атауы)             (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Ескертпе:

      *Қорытынды – Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      МКО – мемлекеттік кірістер органдары.

  Борышкердің және банкроттың
қаржылық жағдайына
мониторинг жүргізу қағидалары
мен мерзімдеріне
5-қосымша
  Нысан

Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама

      № ___________________       ______________       _______________

      (есепке алу журналы) (жасалған күні)       (жасалған орны)

      1. Банкрот туралы жалпы мәліметтер

      1.1. Банкрот туралы мәліметтер:

Т.А.Ә.

ЖСН

Банкроттың орналасқан жері, телефоны

1

2

3

4





      1.2. Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімін аяқтау туралы шешім:

      20__жылғы "__" _______________

      ____________________________________________

      (соттың/мемлекеттік кірістер органының атау)

      1.3. Кредиторлар туралы мәліметтер:

Кредиторлар туралы мәліметтер

Ескертпе


Т.А.Ә.

БСН/
ЖСН

берешек сомасы
(тенге)

берешектің пайда болу күні

берешек туындаған құжаттың атауы

1

2

3

4

5

6

7








      2. Қорытынды:

      Банкроттың соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісі анықталған жоқ.

      Банкроттың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу кезінде зерделенген құжаттар тізбесі:

Құжаттың атауы

Қысқаша мазмұны



      Қызметкер ____________________________________________________

      (МКО атауы) (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Басшы _________________ ______________________________________

      (МКО атауы)             (Т.А.Ә., қолы, күні)

      Ескертпе:

      *Анықтама – Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      МКО – мемлекеттік кірістер органдары.

  Борышкердің және банкроттың
қаржылық жағдайына
мониторинг жүргізу қағидалары
мен мерзімдеріне
6-қосымша
  Нысан

Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытындыларды және соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтамаларды есепке алу журналы

банкроттың Т.А.Ә.

ЖСН

Банкроттық рәсімінің аяқталу күні

Жасаған күні

Жасалған құжаттың тіркеу нөмірі

Қорытындыны кредиторға жіберген күні

Қорытындыдыларды немесе анықтамаларды жасаған қызметкердің Т.А.Ә.

Қорытындыдыларды немесе анықтамаларды жасаған қызметкердің қолы

Қорытынды *

Анықтама**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Ескертпе:

      *Қорытынды – Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алуы туралы қорытынды;

      **Анықтама – Соттан тыс/сот арқылы банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін банкроттың мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті, оның ішінде ортақ бірлескен мүлікті сатып алу фактісінің болмауы туралы анықтама.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады