"Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 178 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 наурызда № 32042 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6789 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын пайдаланушыға жүктеледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков
     
      Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады