Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 наурызда № 32045 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер және толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Е.С. Ботақановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2023 жылғы 3 наурыздағы
№ 201 бұйрыққа
қосымша

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 980 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12808 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықты бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулықта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеуі туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 47-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әскери-тергеу органдарының сарбаздар, сержанттар (старшиналар) лауазымдарында күнтізбелік есептеуде кемінде сегіз жыл қызмет өткерген келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілердің (бұдан әрі – әскери қызметші) Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде оқуға жұмсалатын шығындарын бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде өтеу тәртібін нақтылайды.".

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Әскери қызметші оқуға жұмсалған шығындарды өтеу туралы баянатқа қоса ұсынатын құжаттардың тізбесі:

      Заңның 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті лауазымды адамның ЖЖОКБҰ-ға түсуге келісімі туралы құжаттың көшірмесі;

      оқу орнынан анықтама;

      еңбек сіңірген жылдары туралы анықтама;

      білім беру қызметін көрсету жөніндегі шарттың көшірмесі;

      ректордың ЖЖОКБҰ-ға қабылдау (келесі оқу курсына ауыстыру) туралы бұйрығының үзінді көшірмесі;

      ЖЖОКБҰ-да оқу үшін төлемді растайтын құжаттар.

      5. Әскери қызметші басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысқан кезде, сондай-ақ одан әрі әскери қызмет өткеру орны өзгерген кезде құжаттарды ұсыну реті осы Нұсқаулықтың 3, 4-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.

      Бұл ретте, әскери қызметші басқа ЖЖОКБҰ-ға ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері түзетілуі тиіс.

      ЖЖОКБҰ-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу құқығы берілген әскери қызметшіге ол оқыған (оқитын) білім беру ұйымы таратылған және қайта ұйымдастырылған, қызметін тоқтатқан, білім беру ұйымы лицензиясынан айырылған жағдайларда басқа ЖЖОКБҰ-ға оқуға жұмсалатын шығындарды өтеуге кепілдік беріледі.

      6. Әскери қызметшіге академиялық демалыс берілген жағдайда оған ЖЖОКБҰ-да оқуға жұмсалған шығындарды өтеу құқығы сақталады.

      Бұл ретте, әскери қызметші бір ай мерзімде мемлекеттік мекемеге (әскери бөлімге) оқу орнының академиялық демалыс беру туралы бұйрығының үзінді көшірмесін ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 10, 11, 12 және 13-тармақтармен толықтырылсын:

      "10. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметшінің әскери қызмет өткеру орны бойынша мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) қаржы қызметі жылына бір рет 25 желтоқсанға дейін әскери қызметшінің барлық оқу кезеңінде әскери қызметшінің жеке ісіне қосу үшін мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) кадр қызметіне осы Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшіге оның құқығын іске асыру шеңберінде нақты жүргізілген төлемдер туралы анықтама (бұдан әрі - анықтама), мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) басшысының оқығаны үшін ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрығынан үзінді көшірме және білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың көшірмесін ұсынады.

      11. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны өтейді.

      12. Шығындарды өтеу құқығын қолданған әскери қызметші Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сәйкес келмеуі бойынша теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған жағдайда мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) кадр қызметі:

      1) әскери қызметтен шығарылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде әскери қызметшіге ақшалай қаражатты тиісті бюджеттің кірісіне аудару арқылы оның ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны мемлекетке бір ай мерзім ішінде өз еркімен қайтару қажеттігі туралы хабарлама береді;

      2) оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке бір ай мерзімде ерікті түрде өтеуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) бастығына мемлекеттік мекеме (әскери бөлім) заң қызметінің ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны мемлекетке сот тәртібімен өтеуі туралы баянат ұсынады.

      Баянатқа:

      шығару туралы, оқытуға жұмсалған ақшалай қаражатты өтеу туралы бұйрықтың үзінді көшірмелері;

      білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың, келісімшарттың, жеке куәліктің көшірмелері;

      қаржы қызметінің әскери қызметшіге төлем жүргізілгені туралы анықтамалары қоса беріледі.

      13. Мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) заң қызметі әскери қызметшінің ЖЖОКБҰ-да оқығаны үшін жұмсалған ақшаны өтеу туралы баянат және қажетті құжаттар келіп түскенде заңнамамен белгіленген тәртіппен бір ай мерзім ішінде сотқа талап арыз береді.";

      осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 25 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13139 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты ІІМ әскери, арнаулы оқу орны білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін транскриптте көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.";

      9, 10, 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Білім алушыларды ІІМ арнаулы оқу орындарына курстан курсқа, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) ауыстыру жүзеге асырылады.

      Білім алушыларды ІІМ-нің бір арнаулы оқу орнынан ІІМ-нің басқа арнаулы оқу орнына ауыстыру бос қабылдау орындары болған жағдайда ІІМ арнаулы оқу орындарының келісімімен жүргізіледі.

      10. Білім алушыларды ЖЖОКБҰ-дан ІІМ арнаулы оқу орындарының бос қабылдау орындарына ауыстыру конкурстық негізде каникул кезеңінде оқу жылының нәтижелерін және ІІМ арнаулы оқу орындарында осы курста белгіленген ауыстыру балынан төмен болмайтын үлгерімнің орташа балын ескере отырып, жазғы емтихандық сессияның (аралық аттестаттау) қорытындысы бойынша тиісті курста бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады.

      11. ЖЖОКБҰ-дан ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауысуға ниет білдірген кандидат ІІМ-нің арнаулы оқу орны бастығының атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді.

      Ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы ЖЖОКБҰ басшысының атына жазылған өтініштің көшірмесі және бұрынғы оқу орнынан басшының қолы қойылған және мөрмен бекітілген ауысуға арналған жазбаша келісімі;

      2) оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипінің көшірмесі;

      3) ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) тапсырғаны туралы сертификат;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер болса).";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ІІМ-нің арнаулы оқу орны пошта арқылы бес жұмыс күні ішінде жеке істі, қорытындының, транскриптінің көшірмесін, жұмыс оқу жоспарын, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - ІІМ) оқуға кандидатты ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауыстыру мәселесін келісу үшін жолдайды.";

      18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы оқуға кандидатты ІІМ арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оқуға кандидат бұрын оқыған ЖЖОКБҰ-ға оның оқу ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға оқуға кандидатты білім алушылар қатарына қабылдау туралы ІІМ-нің арнаулы оқу орны бастығы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.

      19. Білім алушыларды ІІМ әскери оқу орнының ішінде бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір оқыту тілінен екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, басқа ЖЖОКБҰ-дан ІІМ-нің әскери оқу орындарына ауыстыру жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      Егер жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық бес оқу пәнінен немесе міндетті компоненттің он бес кредитінен аспаса, бір оқыту тілінен екіншісіне ауыстыру кезінде ауыстыру жоспарланған оқыту тілін білуіне тапсырған емтиханның оң нәтижесі кезінде ауыстыру мүмкін болады.

      20. ІІМ-нің әскери оқу орындарына ауысуға ниет білдірген адамдар ІІМ-нің әскери оқу орнында каникулдық демалыс басталғанға дейін кемінде үш ай қалғанда ІІМ-нің әскери оқу орны бастығының атына еркін нысанда оқыту тілін көрсете отырып, өтініш береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін ұсынылады);

      2) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ олардың нотариалды расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы (шетелде білім алған адамдар үшін).

      Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімді шетелде алған адамдар үшін бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесінде (бұдан әрі – Тану қағидалары) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтуі қажет;

      3) транскрипт.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алатын адам транскриптің нотариалды бекітілген қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасын да ұсынады;

      4) ҰБТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;

      5) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 3,5 х 4,5 см);

      6) есепке тіркеу куәлігінің (әскери билет) көшірмесі;

      7) өмірбаян мен сауалнама екі данада;

      8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме.

      Көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған адамның өтініші қарауға қабылданбайды.

      21. ІІМ-нің әскери оқу орны ауыстыру туралы өтінішті алған соң келесі жұмысты жүргізеді:

      1) тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды шығарады;

      2) оң қорытынды шығарылған жағдайда ІІМ әскери оқу орнының кадр қызметі оқуға кандидаттың "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша іс-шаралар өткізеді. Тексеру іс-шараларының нәтижелері ІІМ әскери оқу орнының оқу кеңесінде қарау үшін ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына беріледі;

      3) оқу кеңесі отырыста материалдарды қарайды және оқуға кандидатты ІІМ-нің әскери оқу орнына ауыстырудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы шешім шығарады және оны ІІМ әскери оқу орнының бастығы бекітеді;

      4) ІІМ әскери оқу орнының басшысы оқу кеңесінің ауыстыру туралы шешімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей:

      оқуға кандидатқа қағаз немесе электронды түрде ІІМ-нің әскери оқу орнына ауыстыруға қатысты қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды;

      оқу кеңесі ауыстыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда оқуға кандидатты ІІМ әскери оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады және оқуға кандидат бұған дейін оқыған ЖЖОКБҰ-ға оның оқу ісін жолдау туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға ІІМ әскери оқу орны бастығының оқуға кандидатты курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.

      22. Білім алушыларды ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау ЖЖОКБҰ-да білім алғандар қатарынан жүзеге асырылады.";

      29-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ-нің арнаулы оқу орнына Жеке істерді жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді.";

      32, 33, 34, 35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Оқуға кандидаттарды ІІМ-нің әскери оқу орындарына оқуға қайта қабылдау ЖЖОКБҰ-да білім алғандар қатарынан жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      33. ІІМ-нің әскери оқу орнына оқуға қайта қабылданбайтын адамдар:

      1) денсаулық жағдайы бойынша оқудан шығару жағдайларын қоспағанда, оның шығарылған күнінен бастап бір жылдан артық уақыт өтсе және әскери-дəрігерлік комиссия қорытындысының негізінде оқуға және әскери қызмет өткеруге жарамды деп танылған;

      2) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс себептер бойынша шығарылған;

      3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін;

      4) егер жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі айырмашылық бес оқу пәнінен немесе міндетті компоненттің он бес кредитінен артық болса.

      34. ІІМ-нің әскери оқу орнына қайта қабылдау үшін оқуды жалғастыруға ниет білдірген кандидат кезекті академиялық кезеңнің басталуына үш ай қалған мерзімнен кешіктірмей ІІМ әскери оқу орны бастығының атына еркін нысанда оқуға қайта қабылдануға ниет білдірген мамандық пен курсты міндетті түрде көрсете отырып, қайта қабылдау туралы өтініш береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін ұсынылады);

      2) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ олардың нотариалды расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы (шетелде білім алған адамдар үшін).

      Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімді шетелде алған адамдар үшін бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжат Тану қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтуі қажет;

      3) транскрипт.

      Шетелдік ЖОО-да білім алатын адам транскриптің қазақ немесе орыс тіліне нотариалды бекітілген аудармасын да ұсынады;

      4) ҰБТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;

      5) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 3,5 х 4,5 см);

      6) есепке тіркеу куәлігінің (әскери билет) көшірмесі;

      7) өмірбаян мен сауалнама екі данада;

      8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме.

      Көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған адамның өтініші қарауға қабылданбайды.

      35. ІІМ әскери оқу орны қайта қабылдау туралы өтінішті алған соң, келесі жұмысты жүргізеді:

      1) тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шығарады;

      2) оң қорытынды шығарылған жағдайда ІІМ әскери оқу орнының кадр қызметі оқуға кандидаттың "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша іс-шаралар өткізеді. Тексеру іс-шараларының нәтижелері ІІМ әскери оқу орнының оқу кеңесінде қарау үшін ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына беріледі;

      3) оқу кеңесі отырыста материалдарды қарайды және оқуға кандидатты ІІМ-нің әскери оқу орнына қайта қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы шешім шығарады және оны ІІМ әскери оқу орнының бастығы бекітеді;

      4) ІІМ әскери оқу орнының басшысы оқу кеңесінің қайта қабылдау туралы шешімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей:

      оқуға кандидатқа қағаз немесе электронды түрде ІІМ-нің әскери оқу орнына қайта қабылдауға қатысты қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды;

      оқу кеңесі қайта қабылдау туралы оң шешім қабылдаған жағдайда оқуға кандидатты ІІМ әскери оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      36. ІІМ әскери оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірме Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына мәлімет үшін жолданады.";

      37, 38 және 39-тармақтар алынып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 77 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13199 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асырып жатқан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларында:

      7-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1. Әскери қызметшілер мен әскери қызметте болмаған азаматтар қатарынан кандидаттар әскери қызмет өткеру орны және/немесе тұрғылықты жері бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) өткізу пункттерінде немесе базалық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) белгіленген мерзімде республикалық бюджеттің немесе жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен білім грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін екі блок бойынша ҰБТ тапсырады:

      1-блок - Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы (оқу тілі);

      2-блок - екі бейіндік пән, кандидат оларды осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары білім беру бағдарламаларының тізбесіне (бұдан әрі - Білім беру бағдарламаларының тізбесі) сәйкес мамандығына қарай өзі таңдайды.

      Жарамдылық мерзімі өткен және/немесе республикалық бюджеттің немесе жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен білім грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін көзделмеген мерзімде ҰБТ тапсыру кезінде алынған ҰБТ нәтижелері қабылданбайды."

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Кандидаттарды конкурстық іріктеуден өткізу үшін жыл сайын 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығымен: қабылдау комиссиясының, кандидаттарды түпкілікті медициналық куәландыру комиссиясының, кандидаттардың дене шынықтыру дайындығын тексеру және кәсіби-психологиялық іріктеу жөніндегі комиссияның, апелляциялық комиссияның, техникалық топтың құрамдары бекітіледі.";

      39-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      4. "Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 653 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21355 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының әскери қызметшісін қызметтік қажеттілік жағдайында жыл сайынғы негізгі демалысынан шақыртып алу қағидаларында:

      4-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "басқа қызметтік қажеттілік жағдайларында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің қызметтің осы бағытына жетекшілік ететін орынбасарының, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының, өңірлік әскери-тергеу бөлімшелері бастықтарының шешімі бойынша.".

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық ұланының және
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
әскери-тергеу органдарының
сарбаздар, сержанттар
(старшиналар) лауазымдарында
күнтізбелік есептеуде кемінде
сегіз жыл қызмет өткерген
келісімшарт бойынша әскери
қызмет өткеретін
әскери қызметшілердің
Қазақстан Республикасының
жоғары және (немесе) жоғары
оқу орнынан кейінгі білім беру
ұйымдарында (бұдан әрі –
ЖЖОКБҰ) ақылы негізде оқуға
жұмсалатын шығындарын
бюджет қаражаты есебінен
оқыту құнының елу пайызы
мөлшерінде өтеуі туралы
нұсқаулыққа
қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
___________________________
мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы
бастығы (командирі)
____________________________
әскери (арнайы) атағы,
қолы, тегі, аты-жөні
20 __ жылғы "____" ________

Қазақстан Республикасының ЖЖОКБҰ-да әскери қызметшіні ________ жылы __________________________________________ оқу орнының атауы ақылы негізде оқытуға жұмсалған бюджет қаражаты есебінен оқыту құнының елу пайызы мөлшерінде нақты шығындары туралы

АНЫҚТАМА

Әскери қызметшінің атағы, тегі, аты-жөні (болған жағдайда)

ЖЖОКБҰ-да оқу курсы

Бір оқу жылының толық құны (теңге)

Төленген өтемақының мөлшері (теңге)

Төлемге арналған есепшоттың нөмірі, күні

1






Жиыны





      Ескертпе: анықтаманы әскери бөлімнің қаржы бөлімшесі ағымдағы жылдың аяқталуы бойынша әрбір нақты өтемақы алушыға әзірлейді, содан соң кадр органына ұсынады.

      Қаржы бөлімінің (қызметінің) бастығы

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік мекеменің (әскери бөлімнің) атауы

      _____________________________________________________________________

      әскери (арнайы) атағы, қолы, тегі, аты-жөні

      20___жылғы "____" __________

      М.О.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына ауыстыру
және қайта қабылдау
қағидаларына
қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
ІІМ әскери, арнаулы оқу орны
бастығының оқу ісі жөніндегі
орынбасары
____________________________
әскери (арнайы) атағы,
қолы, тегі, аты-жөні
20___ жылғы "___"___________
  Нысан

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      "_______ -_________________________" мамандығы бойынша жоғары

      білім беру бағдарламасы бойынша _________ оқу нысаны бойынша ________

      курсқа "____________________________" мемлекеттік мекемесіне оқуын

      ІІМ әскери, арнаулы оқу орнының атауы

      одан әрі жалғастыру үшін ауыстыру (қайта қабылдау) туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

      ______________________________________________ ұсынған құжаттар

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (өтініш, транскрипт) негізінде мынадай академиялық айырмашылық белгіленді:

Р/с №

Пәндердің және оқу жұмысы түрлерінің атауы

Барлық сағат

Бақылау нысаны

Кредиттер (сағат) саны

Кандидаттың анықтамасы

Оқу жоспары (оқу орнының атауы)

Кандидаттың анықтамасы

Жалпыға бірдей міндетті компонент

1






Жоғары оқу орнының компоненті

1






      Үлгерімнің орташа балы -_______

      Қорытынды: ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13139 болып тіркелген) 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      "____ -__________" мамандығы бойынша _______________________________

      ІІМ әскери, арнаулы оқу орнының атауы

      жоғары білім беру бағдарламасы бойынша ____________ факультетінің ___ курсына (20___ж. қабылдау) оқуға ауыстыру (қайта қабылдау) мүмкін (мүмкін емес) деп есептелсін.

      Академиялық айырмашылық белгіленген мерзімде жойылады.

      _________________________________________________________________

      қорытынды жүргізген адамның лауазымы

      _________________________________________________________________

      әскери (арнайы) атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ескертпе: ЖОБҰ құрылымында дербес институттар болған жағдайда, қорытынды институт бастығымен келісіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады