"Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 87/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 32 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 15 наурызда № 32075 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 473/НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 111 бірлескен бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30885 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Геодезиялық және картографиялық қызметке тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров
     
      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу

      жөніндегі комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 32 мен
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 87/НҚ Бірлескен бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 473/НҚ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 111 бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Тексеру парағы

      геодезиялық және картографиялық қызметке

      геодезиялық және картографиялық қызмет субъектілеріне қатысты

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган______________________________

      ___________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт ______________________________________

      ___________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ______________________________

      ___________________________________________________________________

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы _______________________________________

Талаптардың тізбесі

Талапқа сәйкес келеді

Талапқа сәйкес келмейді

1

2

3

4

1

Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы



2

Геодезиялық және (немесе) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін меншікті немесе жалға алынған тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығының не зауыттық нөмірлері көрсетілген, тексерілген аспаптар, жабдықтар мен құралдар жиынтығы бар тұлғалармен жасалған геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласында қызметтер көрсетуге арналған шарттың борлуы



3

Штатта геодезия, картография және кеңістіктік деректер саласындағы жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломы бар маманның болуы



4

Аэротүсірілім жұмыстарын жүзеге асыру туралы хабарламаның болуы, олар орындалған жағдайда



5

Геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (орнын ауыстыруға) арналған рұқсаттың болуы



6

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындау кезінде бұрын құрылған кеңістіктік деректерді пайдалану



7

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді, деректер базаларын, кадастрларды, географиялық ақпараттық жүйелер мен ресурстарды, геопорталдарды, геосервистерді жүргізген жағдайда бірыңғай цифрлық картографиялық негізді пайдалану



8

Кеңістіктік деректер мен картографиялық материалдарды аударуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік және жергілікті координаттық анықтамалық жүйелер арасында бекітілген түрлендіру параметрлерін қолдану



9

Ұлттық кеңістіктік деректер қорына бюджет қаражаты есебінен құрылған материалдар мен деректер көшірмелерінің бір данасын ұсыну



10

Картографиялық материалдарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының дұрыс бейнеленуі



      Лауазымды тұлға (лар):___________________ ________________

      (лауазымы                   (қолы)

      __________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Бақылау субъектісі ______________________ ___________________

      (лауазымы)                   (қолы)

      ___________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады