"Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 16 наурыздағы № 11-1-4/110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 наурызда № 32094 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1281 бұйрыққа (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12780 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
Р. Василенко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 16 наурыздағы
№ 11-1-4/110 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің м.а.
2015 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1281 бұйрығымен
бекітілген

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 293-бабы 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ивестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібін, сондай-ақ "Инвестицияларды жүзеге асыру мен инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы ережелерде келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсету, мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді электрондық нысанда қамтамасыз ету үшін құрылған, жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғандағы шоғырландырылған үкіметтік ақпараттың барлығына және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылудың техникалық шарттарын беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе.

      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      4. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға, портал операторына және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

      5. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.

2-тарау. Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау тәртібі

      6. Инвестицияларды жүзеге асыру және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру туралы инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – инвестициялық келісімшарт) жасасу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы көрсетілетін қызмет берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінінің 8-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инвестициялық преференциялар беруге өтінімді (бұдан әрі – өтінім) мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

      Қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырады, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мемлекеттік ақпараттық жүйелерде берілген мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдағаны туралы еркін нысандағы қолхат береді және оларды көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, сондай-ақ қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтиды.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінімді келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші порталда өтінім тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды;

      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 22 (жиырма екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.

      Мемлекеттік корпорациядан өтінім келіп түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесі (бұдан әрі – БҚА) арқылы мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға өтінімді келісуге сұрау салу жолдайды.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қараған кезде:

      1) өтініштің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды;

      2) Кодекстің 292-бабында көрсетілген құжаттардың бар-жоғын тексереді;

      3) Кодекстің 292-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, инвестициялық жобаның бизнес-жоспарына талдау жүргізеді;

      4) Кодекстің 282-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік органдармен және өзге де тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.

      Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өтінімді келісуі 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өтінімді қарау қорытындылары бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде оң немесе теріс жауаптар дайындайды:

      1) БҚА арқылы келіп түскен өтінімдер бойынша жауаптар көрсетілетін қызметті берушіге ЭЦҚ-мен куәландырылған БҚА арқылы жіберіледі;

      2) порталда келіп түскен өтінімдерге жауап порталға орналастырылады.

      11. Мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан өтінімді қарау бойынша алынған жауаптардың нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау туралы алдын ала, бірақ Әкімшілік акт қабылданған күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын хабардар етеді. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы не оларды толық немесе ішінара қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылданған күннен бастап:

      1) мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде – 10 (он) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға инвестициялық келісімшарттың жобасын қағаз түрінде дайындайды және екі данада қол қою үшін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы инвестициялық келісімшартқа қол қояды және оны көрсетілетін қызметті берушіге қол қою және тіркеу үшін жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан инвестициялық келісімшарттың жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оған қол қояды және тіркейді.

      Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші қағаз нысанда дәлелді бас тартуды қалыптастырады және Мемлекеттік корпорацияға жібереді;

      2) мемлекеттік қызметті портал арқылы көрсету кезінде – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде электрондық түрде дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ арқылы қол қояды, тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" инвестициялық келісімшартты жібереді.

      Мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы шешім шығарылған кезде көрсетілетін қызметті беруші электрондық нысанда дәлелді бас тартуды қалыптастырады және порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде – Мемлекеттік корпорацияда өкілдің және оның өкілеттіктерінің жеке басын куәландыратын құжаттарды (не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде;

      2) портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі порталда орналастырылады және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" электрондық құжат нысанында сақталады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оны одан әрі сақтау үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      14. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттаманы жасау және көрсетілетін қызметті берушімен қол қою үшін портал операторын хабардар етеді.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі)

      16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Шағымды қарайтын органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім

1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы туралы мәліметтер

1.

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


2.

Тұрған жері: заңды мекенжайы және нақты тұрған жері


3.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)


4.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының басшысы

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

5.

Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бас бухгалтері

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

6.

Инвестициялық жобаның менеджері

____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
____________________________
(телефон, факс, электрондық поштасы)

2. Инвестициялық жоба туралы мәліметтер

7.

Инвестициялық жобаның атауы

____________________________

8.

Инвестициялық жобаны іске асыру орны (облыс, аудан, қала)


9.

Инвестициялау үшін таңдалған қызметтің басым түрі(лері) (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші сыныптарының деңгейінде)

____________________________

10.

Қосылған құн салығын есепке алмай заңды тұлғаның тіркелген активтерге инвестициялардың көлемі (тіркелген актив шығындары пайдалануға берілгенге дейін инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінімді берген күнге дейін
24 айдан соң ескеріледі)

____________________________
(теңге)

11.

Жобаны қаржыландыру көздері, мыналардың:
1) меншік қаражатың
2) қарыз қаражатың
3) бюджет қаражатының болуы

1)___________________________
(меншік қаражатының болуын растайтын құжаттың атауы, №, күні)
2)___________________________
(жобаны қаржыландыру көздерін белгілейтін құжаттың атауы, №, күні, кредитор)
3)___________________________
(бюджет қаражаттарын қаржыландыруды растайтын құжаттың атауы, №, күні)

3. Жобаны іске асыру үшін талап етілетін инвестициялық преференциялар*

12.

Мыналарды:
1) технологиялық жабдықтың, оның жинақтауыштарының;
2) технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын салудан босату

1)___________________________
(жеңілдетілген сома)
2)___________________________
(жеңілдетілген сома)

13.

Шикізаттардың және (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату

____________________________
(жеңілдетілген сома)

14.

Кедендік тазартуды жүргізу орны


15.

Мемлекеттік заттай грант

____________________________
(нарық құны)
____________________________
(алдын ала келісуді растайтын құжаттар)

16.

Жер салығы бойынша жеңілдіктер**

____________________________
(шарттық сомасы)

17.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер**

____________________________
(шарттық сомасы)

18.

Корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер***

____________________________
(шарттық сомасы)

19.

Шетелдік жұмыс күшінің саны***, оның ішінде (инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімге тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер нысанына сәйкес):
1) басшылар,
2) жоғары білімі бар мамандар,
3) білікті жұмысшылар

1)___________________________
(адам саны)
2)___________________________
(адам саны)
3)___________________________
(адам саны)

      Ескертпе:

      * қажеттілігіне карай толтырылады;

      ** жаңа өндірісті құру бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлға үшін арналған;

      *** жаңа өндірісті құру, сондай-ақ қолданыстағы өндірісті кеңейту және (немесе) жаңарту (реконструкциялау, жаңғырту) бойынша инвестициялық басым жобаны іске асыратын заңды тұлғаға арналған.

      4. Инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы

      ______________________________________________________________

      (атауы)

      Инвестордың атауы: _____________________________________________

1-бөлім: тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге

Шығын баптары

Тіркелген активтерді пайдалануға енгізу күні

Күнтізбелік жыл

Барлы
ғы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиынында







1-бөлім бойынша жиынында:












2-бөлім: технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізат және материалдар импорты, саны

Шығын баптары

Өлшем бірлігі

Игеру кезеңі

Барлы
ғы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиынында


1. Қосалқы бөлшектер, оның ішінде:












2. Шикізат, материалдар, оның ішінде:












2-бөлім бойынша жиыны:






3-бөлім. Өндірістік көрсеткіштер, заттай көріністегі саны

№ р/н

Тауарлардың жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің атауы

Күнтізбелік жыл

Барлығы

1-жартыжылдық

2-жартыжылдық

Жыл бойынша жиынын
да








3-бөлім бойынша жиыны:





      5. Кеден одағының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын, импортталатын технологиялық жабдық пен оның жиынтықтауыштарының, қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың тізімі және көлемі*.

Атауы

Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық комиссиясының тауарлық номенклатурасы- ЕАЭО СЭҚ ТН (кем дегенде алғашқы 6 белгі)

Өлшем
бірлігі

Саны

Тауарларды бірдей жіктеуге мүмкіндік беретін құжаттар*

1.






Жиыны:






      Ескертпе:

      * қажеттілігіне қарай болған жағдайда толтырылады;

      ** тауарларды жіктеу іштері бойынша ақпарат тауарлардың толық коммерциялық атауын, фирмалық атауын, негізгі техникалық, коммерциялық сипаттамаларын және бұйымдардың фотосуреттерін, суреттерін, сызбаларын, паспорттарын, және өтінім берген заңды тұлға басшысының қолымен расталған құжаттарды қамтуы тиіс.

      6. Инвестициялық басым жоба үшін инвестициялық преференциялар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінінің 286-бабының 5-тармағының талаптарын қамтылған сақтаған кезде беріледі.

_____________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға
басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)

_____________________
(қолы және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімге
қосымша

      Нысан

Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты, (оның ішінде латын әріптерімен)

Туылған күні

Азаматтығы/ тұрғылықты елі

Паспортының нөмірі, берілген күні мен берген орган (жеке басын куәландыратын құжат)

Тарту кезеңі (ай, жыл)








_____________________________________
(Қазақстан Республикасының заңды тұлға
басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)

_____________________
(қолы және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
2-қосымша

"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

1) коммерциялық емес акционерлік қоғам "Мемлекеттік корпорация "Азаматтар үшін үкімет" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) веб-портал "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі– портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1) құжаттар топтамасы Мемлекеттік корпорацияға тапсырылған сәттен бастап – 35 (отыз бес) жұмыс күні;
2) порталда:
құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап - 27 (жиырма жеті) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі

Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға келісімшарт жасасу немесе осы Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы жазбаша нысанда уәжді түрдегі жауап.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем соммасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайда оны жинау тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша, жедел қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібінде көрсетіледі, электрондық кезекке портал арқылы тапсырыс беруге болады.
3) портал – жөндеу жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру мемлекеттік қызметі келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекетік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер тізімі

1. Мемлекеттік корпорацияға:
1) инвестициялық преференциялар беру жөнінде Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қабылдау, тіркеу және қарау қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған өтінім;
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының басшының қолымен расталған көшірмесі;
3) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
4) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай гранттың берілуін көздеген жағдайда, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжат (заттай гранттың бағасы) ұсынылуы қажет.
Коммуналдық мүліктің нарықтық құны бағаланған жағдайда, жергілікті атқарушы орган бюджет қаражаты есебінен тапсырыс беруші болады.
Республикалық мүліктің нарықтық құны бағаланған жағдайда, республикалық мүлікті басқару саласындағы уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен тапсырыс беруші болады;
5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай гранттың берілуін көздеген жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсыныла отырып, жергілікті атқарушы органның мемлекеттік заттай грантты беретіні жөнінде алдын ала келісім жасалуы қажет;
6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы құрылыс жобаларына "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңның 64-1-бабында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына жасалған ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысының заңды тұлға басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған көшірмесін ұсынады;
7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылғанын көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тартылатын шетелдік жұмыскердің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар) көшірмелерін ұсынады;
8) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылатынын растайтын хаты қоса беріледі.
2. Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық преференциялар беру жөнінде электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі;
2) көрсетілетін қызметті алушы жарғысының заңды тұлға басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық көшірмесі;
3) бизнес-жоспардың мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне қосымшаға сәйкес сәйкес жасалған, заңды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық көшірмесі;
4) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай гранттың берілуін көздеген жағдайда, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңның 203-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы өзі сұратқан мемлекеттік заттай гранттың мөлшерін (құнын) растайтын құжаттардың (заттай гранттың бағасы) электрондық көшірмелерін ұсынады.
Коммуналдық мүліктің нарықтық құны бағаланған жағдайда, жергілікті атқарушы орган бюджет қаражаты есебінен тапсырыс беруші болады.
Республикалық мүліктің нарықтық құны бағаланған жағдайда, республикалық мүлікті басқару саласындағы уәкілетті орган бюджет қаражаты есебінен тапсырыс беруші болады;
5) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім мемлекеттік заттай гранттың берілуін көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы жергілікті атқарушы органның мемлекеттік заттай грантты беру жөніндегі алдын ала келісімінің электронды көшірмесін ұсынады;
6) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім салықтар бойынша преференциялар беруді көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 64-1-бабында белгіленген тәртіппен құрылыс жобаларына жасалған ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындысының заңды тұлға басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық көшірмесін ұсынады;
7) инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылғанын көздеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы тартылатын шетелдік жұмыскердің паспорты немесе жеке басын куәландыратын құжатының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар), жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік жұмыскер арасында жасалған еңбек шартының (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар), оның біліктілігін және (немесе) білімін растайтын құжаттардың (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы бар) электрондық көшірмелерін ұсынады;
8) инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылған жағдайда, туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның инвестициялық басым жоба басым туристік аумақтарда іске асырылатынын растайтын хаты қоса беріледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйлерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтер "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйлерден алынады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) мемлекеттік мүлікті, жер ресурстарын, кеден ісін басқару саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауабы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзгеде талаптар

Құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут, Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Тұрмыс – тіршілігін шектейтін организм функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін қажет болған жағдайда, 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі – www.mfa.gov.kz, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" деген бөлімінде;
2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz. интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777

  "Инвестицияларды жүзеге
асыруды және инвестициялық
преференцияларды беруді
көздейтін инвестициялық
жобаны іске асыруға
инвестициялық келісімшарт
жасасу" мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесіне
қосымша

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын жасау бойынша талаптар

      1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

      1) жобаның түйіндемесі;

      2) технологиялық бөлім;

      3) коммерциялық бөлім;

      4) әлеуметтік-экономиялық ықпалы;

      5) қаржылық бөлім.

      2. Жобаның түйіндемесі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) заңды тұлға туралы ақпарат:

      елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;

      квазимемлекеттік сектордың қатысу үлесі;

      2) жоба бойынша ақпарат:

      жобаның атауы;

      жобаның мақсаты;

      болжанатын инвестициялық жобаның сипаты (жаңа өндірістерді құру, жұмыс істеп тұрғандарды кеңейту және жаңарту);

      құрылатын жаңа жұмыс орындарының (уақытша және тұрақты) саны;

      экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім жіктеуішісіне сәйкес шығарылатын өнімнің номенклатурасы (ҚР ЭҚТӨЖ);

      3. Технологиялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды;

      1) технологиялық процесте сатып алынатын және қолданатын тіркелген активтерді, сондай-ақ импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, инвестициялық жоба технологиясының сипаттамасы;

      2) инвестициялық жобадағы қазіргі заманғы технологиялардың қолданылуы;

      3) осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдардың салыстырмалы талдауы;

      4. Коммерциялық бөлім өзіне мыналарды қамтиды:

      1) шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:

      пайдаланатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;

      пайдаланылатын шикізат пен материалдардың атауы мен көлемін көрсете отырып, инвестициялық жоба шеңберінде жабдықта шығарылатын дайын өнім бірлігінің өндірісіне импортталатын шикізат пен материалдар шығыстарының орташа нормасы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектердің, шикізат пен материалдардың импорты кезінде кеден баждарын төлеуден босату, сонымен қатар шикізат пен (немесе) материалдардың импорты кезінде қосылған құн салығын төлеуден босату кезінде толтырылады);

      қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;

      технологиялық жабдықтың жаңалығы (жабдықтың шығарылған күні мен моделі);

      2) маркетинг:

      өнімді өткізу - қандай өңірлерге, қандай тұтынушыларға, шетелдегі қай елдерге беру болжанатынын, нарықта ұқсас, өзара алмастырушы немесе өзара толықтырушы тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің бар екенін көрсету;

      5. Әлеуметтік-экономиялық ықпалету өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаның тікелей қатысушылары:

      жобаны құрушы, бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында (іздену және жобалау қызметін, инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтерді орындаушы, жабдықты беруші, шикізат пен материалдарды беруші, делдалдар;

      2) осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны);

      3) тартылатын шетелдік жұмыс күшінің функционалды міндеттемелерін бөлу (инвестициялық басым жобаларды іске асырған кезде толтырылады);

      4) осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы;

      5) инвестициялық жобаны іске асыру кезінде күтілетін әлеуметтік әсер.

      6. Қаржы бөлімі өзіне мыналарды қамтиды:

      1) инвестициялық жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      меншік қаражаты;

      қарыз қаражаты (кредиттер немесе тартылған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаты) және/немесе грант;

      бюджеттік қаражат;

      2) қаржылық талдау:

      инвестициялық преференцияларды есепке алмай және тиісті инвестициялық преференцияларды есепке ала отырып, модельдерді есептеуді қамтитын жобаның қаржылық моделі;

      жобаның өмірлік циклі ішінде таза дисконттық кіріс (NPV);

      жобаның өмірлік циклі ішінде түсімдердің ішкі нормасы;

      жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (қарапайым және дисконттық);

      табыстың қарапайым нормасы (рентабельділігі);

      осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша республикалық және жергілікті бюджеттер үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі.

      7. Бизнес-жоспарды тігу және нөмірлеу, заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен расталуы қажет.

  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
1-қосымша

      Нысан

Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша импортталатын шикізат пен материалдарды салыстырмалы талдау

Тауар
дың атауы

Техникалық сипаты

Құндық сипаты

Қазақстан Республика
сында

Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде

Басқа (лар) елде(рде)

Қазақстан Республикасында

Еуразиялық экономикалық одағының елдерінде

Басқа (лар) елде(рде)








  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
2-қосымша

      Нысан

Жобаның еңбек ресурстарына мұқтаждығы (саны)

Құрылыс кезеңінде

Пайдалануға енгізгеннен кейін (1 жыл)

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші

Қазақстан Республикасының азаматтары

Шетелдік жұмыс күші





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
3-қосымша

      Нысан

Өндірісті пайдалануға енгізгеннен кейін жұмысшыларға мұқтаждығы

Р/с №

Кәсіптің атауы

Біліктілік деңгейі
(тарифтік разряды, санаты)

Саны





  Инвестициялық жобаның
бизнес-жоспарын жасау
бойынша талаптарға
4-қосымша

      Нысан

Республикалық және жергілікті бюджет үшін шартты шығындар мен кірістердің есебі

Бюджетке міндетті төлемдердің түрлері

күнтізбелік жыл

күнтізбелік жыл

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алмай бюджетке түсетін түсім

преференцияларды есепке алғанда бюджетке түсетін түсім

Корпоративтік табыс салығы





Мүлік салығы





Жер салығы





Кедендік баж салығы





Әлеуметтік салық





Зейнетақы төлемдері





  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

  "Азаматтарға арналған"
Үкімет мемлекеттік
корпорациясына
Кімнен:
_________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты
(болған жағдайда)
_________________________
Көрсетілетін қызметті
алушының ұйымының атауы
__________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекен-жайы)

Көрсетілетін қызметті алушының келісімі

      "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

_____________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда)

_____________________
(қолы және күні)

  Инвестициялық
преференцияларды беруге
арналған өтінімді қабылдау,
тіркеу және қарау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  Көрсетілетін қызметті
алушы өкілінің
(Тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
(бұдан әрі – Т.А.Ә )
немесе көрсетілетін қызметті
алушы ұйымының атауы
___________________________
(көрсетілетін қызметті
алушының мекен-жайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Мемлекеттік корпорация, Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі (мекен-жайы ___________________________________) "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттардың толық емес пакетін, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1)__________________________________________________________;

      2)__________________________________________________________;

      3)...

      Осы түбіртек екі тарапқа, әрқайсысы үшін бір-бірден жазылған.

      _______________________________________________             _______________

      (Мемлекеттік корпорация қызметкері Т.А.Ә.)                         (қолы)

      Орындаушы. __________________________

      Т.А.Ә.

      Телефон__________

      Қабылдаған: _______________________                  _________________________

      Т.А.Ә.                         көрсетілетін қызметті

                                    алушының қолы

      "__" ____ 20__жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады