"Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 10 және 11-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру актісінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеру актісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Жамаубаев |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 наурыздағы № 295 бұйрығына 1-қосымша |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 28-бабы 11-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемшекара) арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеру, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру тәртібі
2. МКО лауазымды адамы құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарларды өткізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар ұсынған көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарда қамтылған мәліметтерді:
1) МКО пайдаланатын ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған мәліметтермен салыстырады.
3. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың заңсыз өткізілуін көрсететін фактілер болмаған кезде МКО лауазымды адамы ұсынылған құжаттарды ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаның өкілдеріне, ал олар болмаған кезде – тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғаларға қайтарады.
4. ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар анықталған кезде МКО-ның лауазымды адамы Заңның 27-бабының 2-тармағына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына немесе транзитіне тыйым салу туралы шешім (бұдан әрі – Тыйым салу туралы шешім) қабылдайды.
5. МКО лауазымды адамы Тыйым салу туралы шешімді ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлға өкілдерінің назарына, ал олар болмаған кезде – көліктік (тасымалдау) құжатына белгілер қою арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалардың назарына жеткізеді.
6. Көліктік (тасымалдау) құжаттарынан алынған мәліметтерді МКО лауазымды адамы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, кері экспорты, импорты және транзиті фактілерін тіркеу журналына электрондық түрде енгізеді.
7. МКО лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде жауаптылық көзделген құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігін көрсететін фактілерді анықтаған кезде:
1) МКО басшысын дереу жазбаша хабардар етеді;
2) анықталған бұзушылық фактілерін бақылау және тіркеу аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 463-бабына сәйкес шаралар қабылдайды.
8. МКО лауазымды адамы жауаптылығы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген құқық бұзушылық белгілерінің бар екендігін көрсететін фактілерді анықтаған кезде:
1) МКО басшысын және құзыретіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес тергеп-тексеру жүргізу кіретін құқық қорғау органын дереу жазбаша хабардар етеді;
2) бақылау аяқталғаннан кейін және анықталған бұзушылық фактілері тіркелгеннен кейін, құзыретіне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес тергеп-тексеру жүргізу кіретін құқық қорғау органына материалдарды жолдайды.
3-тарау. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеруді жүргізу тәртібі
9. Заңның 28-бабының 4-тармағына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеруді жүргізу үшін:
1) ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізу кезінде рұқсаттар берілмеген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды көзбен шолып табу;
2) тәуекел бейіндерінің ұсынымдары негіздер болып табылады.
10. МКО лауазымды адамының тауарлардың қаптамасын немесе көлік құралының жүк тиейтін орынжайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар салынған немесе болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен шолып қарау жөніндегі іс-қимылдарының басталу уақыты қарап-тексерудің басталу уақыты болып табылады.
11. Қарап-тексеру тауарларды және көлік құралдарын ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізу орындарында ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлға өкілдерінің, ал олар болмаған кезде – тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі.
12. МКО лауазымды адамдары, егер:
1) ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы тауарлар өткізетін көлік құралын басқаратын жеке тұлға қапар-тексеру жүргізу кезінде қатысудан бас тартса;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті болса және кейінге қалдыруға жол бермейтін өзге де мән-жайлар туындаса, оның ішінде тауарлардың тез тұтанатын заттар, жарылыс қаупі бар заттар, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, улы, токсинді, радиоактивті заттар, ядролық материалдар болса, тауарларды екі куәгердің қатысуымен қарап-тексереді.
13. МКО лауазымды адамы Заңның 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарды, сарапшылар мен мамандарды тартады.
14. МКО лауазымды адамы тауарларды қарап-тексеруді жүзеге асырған кезде оның тиімділігін арттыру мақсатында тауарлар туралы қажетті мәліметтерді (олардың саны, құрамы, физикалық және химиялық ерекшеліктері, төлнұсқалығы, жасырын орындардың болуы) анықтауға мүмкіндік беретін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын (бұдан әрі – БТҚ) қолданады.
БТҚ қолдану кезінде МКО лауазымды адамы адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтіруге жол бермеу мақсатында қажетті қауіпсіздік шараларын сақтайды.
15. МКО лауазымды адамы Заңның 26-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеруді жүзеге асыру кезінде Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәртібіне сәйкес фактілер мен оқиғаларды бейне- және аудиожазба, кино- және фототүсірілім жүргізеді.
Тауарларды қарап-тексерудің бейнежазбасын, кино- және фототүсірілім жүргізу кезінде МКО лауазымды адамы қарап-тексерудің басталу және аяқталу уақытын, қарап-тексеруді жүргізу орнын және қарап-тексеруді жүргізетін МКО лауазымды адамының және қарап-тексеру кезінде қатысушы адамдарды қоса, олардың тегін, атын және әкесінің атын (ол болған кезде) (бұдан әрі – Т.А.Ә. (ол болған кезде)), тауарлардың геометриялық сипаттамаларын өлшеу, тауарларды өлшеу, қайта есептеу, БТҚ қолдану, салынған сәйкестендіру құралдарының болуы жөніндегі іс-қимылдың бүкіл процесіне түсіндірме береді.
Қарап-тексерудің аудиожазбасын жүргізу фототүсіріліммен сүйемелденеді.
16. МКО лауазымды адамы қолданар алдында бейне- және аудиожазбаға, кино- және фототүсірілімге арналған аппаратуралардың және БТҚ-ның жарамдылығын, қуаттау элементтерінің заряд деңгейін (қосалқы, қуаттау элементтері зарядының болуы), жинақтағышта жеткілікті бос орынның болуын, аппаратураларды іске қосу кезінде нақты күні мен уақытты қою, сондай-ақ орнатуда оңтайлы етіп іске қосу.
17. Бейнежазба, кино- және фототүсірілім көлік құралының (контейнердің) жүк бөлігінің жалпы жоспарын (сыртқы түрін), оның нөмірін жазуды және салынған қамтамасыз етудің тұтастығын, ал уақытша сақтауға орналастырылған тауарларға қарап-тексеру жүргізу кезінде тауарларды уақытша сақтау орнына орналастырудың жалпы түрін, салынған қамтамасыз етудің тұтастығын (жеке үй-жайда тауарларды уақытша сақтау кезінде) қамтиды.
Қарап-тексру процесінің бейнежазбасы, кино- және фототүсірілімі мынадай үлгілік схема бойынша жүргізіледі:
көлік құралының типін, оның мемлекеттік тіркеу нөмірін, салынған қамтамасыз ету құралдарын тіркеу;
көлік құралының тиелу дәрежесін (көлемін) мүмкіндігінше жоғары пайыздық қатынаста бағалауға мүмкіндік беретін, көлік құралының тиелу дәрежесін, жүк орындарының сипаты және тауарлардың қаптамасын түсіру.
Фото және бейнежазбаны, кино түсірілімді жүзеге асыру кезінде тауарлардың негізгі сипаттамаларын, оларды біржола сәйкестендіруге мүмкіндік беретін толық көлемде түсіру қажет.
Бейне- және аудио жазбаларды, кино- және фототүсірілімдерді цифрлық форматта сақтау МКО серверлерінде жүзеге асырылады.
18. МКО лауазымды адамы ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеруді жүзеге асыру аяқтағаннан кейін, оның қорытындылары бойынша дереу осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарап-тексеру актісін жасайды.
19. Қарап-тексеру актісі 2 (екі) данада жасалады, оның біреуі ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаның өкілдеріне, ал олар болмаған кезде ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғаларға тапсырылады.
20. Өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарап-тексеруді жүргізуге қатысқан кезде Қарап-тексеру актісінде осындай адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі.
21. Қарап-тексеру актісіне:
қарап-тексеру фотоматериалдары (осы материалдардың цифрлық жеткізгішін қосымша қосуға жол беріледі) (қолданылатын техникалық құралдарға байланысты);
қарап-тексерудің бейнематериалдары (қолданылатын техникалық құралдарға байланысты);
қарап-тексеруге қатысатын немесе болған мамандардың (олар тартылған жағдайда) және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
қарап-тексеру кезінде қатысқан адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
қарап-тексеруді жүзеге асыру барысында ресімделген және оған қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.
Қарап-тексеру актісіне қоса берілген қағаз жеткізгіштегі барлық құжаттар мен мәліметтер тексеру актісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
22. Лауазымды адамның қарап-тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру және жете тексеру актілерін тіркеу журналына (бұдан әрі – Актілерді тіркеу журналы) енгізіледі.
23. ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар анықталған кезде МКО лауазымды адамы мұндай тауарларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды және осы Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
4-тарау. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеруді жүзеге асыру тәртібі
24. Заңның 28-бабының 6-тармағына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеруді жүргізу үшін:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды рұқсатсыз өткізудің әлеуетті тәуекелі туралы ақпараттың болуы;
2) тәуекел бейіндерінің ұсынымдары қарап-тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
25. Жете тексерудің басталу уақыты МКО лауазымды адамының тауарлардың орамасын немесе көлік құралының жүк тиейтін орынжайларын не ыдыстарды, контейнерлерді және тауарлар салынған немесе болуы мүмкін өзге де орындарды көзбен шолып қарау жөніндегі іс-қимылдарының басталу уақыты болып табылады.
26. Жете тексеру тауарларды және көлік құралдарын ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізу орындарында ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлға өкілдерінің, ал олар болмаған кезде – тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалардың қатысуымен жүргізіледі.
27. МКО лауазымды адамы, егер:
1) ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі, сондай-ақ тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлға жете тексеруді жүргізу кезінде қатысудан бас тартса;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қауіпті және кейінге қалдыруға жол бермейтін өзге де мән-жайлардың туындауын, оның ішінде тауарлардың тез тұтанатын заттар, жарылыс қаупі бар заттар, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, улы, токсинді, радиоактивті заттар, ядролық материалдар болса, екі куәгердің қатысуымен жете тексеруді жүргізеді.
28. МКО лауазымды адамы Заңның 26-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы білім мен дағдыларды талап ететін мәселелерді зерттеу үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, ұйымдардың, сарапшылары мен мамандарын тартады.
29. МКО лауазымды адамы жете тексеруді жүзеге асырған кезде оның тиімділігін арттыру мақсатында тауарлар туралы қажетті мәліметтерді (олардың саны, құрамы, физикалық және химиялық сипаттары, төлнұсқалығы, тайниктердің болуы) анықтауға мүмкіндік беретін БТҚ-ның әртүрлі түрлерін қолданады.
БТҚ қолдану кезінде МКО лауазымды адамы адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтіруге жол бермеу мақсатында қажетті қауіпсіздік шараларын сақтайды.
30. МКО лауазымды адамы Заңның 26-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде Заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану тәртібіне сәйкес фактілер мен оқиғалардың бейне- және аудиожазбасын, кино- және фототүсірілімін жүргізеді.
Бейне- және аудиожазба, кино түсірілім жүргізу кезінде МКО лауазымды адамы жете тексерудің басталу және аяқталу уақытын, жете тексеруді жүргізу орнын, жете тексеруді жүргізетін лауазымды адамның Т.А.Ә. (ол болған кезде) және жете тексеруді жүргізетін адамдардың лауазымын, барлық орындалатын іс-әрекеттерді, жете тексеру нәтижелерін қоса алғанда, бүкіл процеске түсіндірме береді.
Жете тексерудің аудиожазбасын жүргізу фототүсіріліммен сүйемелденеді.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүзеге асыру кезеңіне бейне- және аудиожазба, кино түсірілім өндірісі жете тексеруді жүзеге асыратын МКО лауазымды адамының жете тексеруді тоқтата тұру (қайта бастау) уақыты және тоқтата тұру негіздері туралы тиісті түсіндірмесімен тоқтатыла тұрады.
31. МКО лауазымды адамы қолданар алдында бейне- және аудиожазба, кино- және фототүсірілім аппаратураның және БТҚ жарамдылығын, қуаттау элементтерінің заряд деңгейін (қосалқы, қуаттау элементтері зарядының болуы), жинақтауышта жеткілікті бос орынның болуын, аппаратураларды іске қосу кезінде нақты күні мен уақытты қою, сондай-ақ орнатуда оңтайлы етіп іске қосуды тексереді.
32. Бейнежазба, кино- және фототүсірілім көлік құралының (контейнердің) жүк бөлігінің жалпы жоспарын (сыртқы түрін), оның нөмірін және салынған қамтамасыз етудің тұтастығын, ал уақытша сақтауға орналастырылған тауарларды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде тауарларды уақытша сақтау орнына орналастырудың жалпы түрін, салынған қамтамасыз етудің тұтастығын (жеке үй-жайда тауарларды уақытша сақтау кезінде) қамтиды.
Жете тексеру процесінің бейнежазбасы, кино- және фототүсірілімі мынадай үлгілік схема бойынша жүргізіледі:
көлік құралының түрін, оның мемлекеттік тіркеу нөмірін, салынған қамтамасыз ету құралдарын тіркеу;
жүк орындарының сипатын және тауарлардың қаптамасын барынша мүмкін болатын пайыздық қатынаста көлік құралының тиелу дәрежесін (көлемін) бағалауға мүмкіндік беретін көлік құралының тиелу дәрежесін бекіту;
тауарларды көлік құралынан түсіруді тіркеу (тауарларды ішінара түсіру кезінде – көлік құралынан түсірілмеген тауарларға қатысты түсірілген тауарлардың пайыздық қатынасын бағалауға мүмкіндік береді):
тауарлардың түсірілген бөлігін бекіту нақты түсірілген тауардың санын немесе көлемін сәйкестендіру мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп жүргізіледі;
тауарлардың түсірілмеген бөлігін не толық түсіру кезінде көлік құралын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін деректері бар көлік құралының бос бөлігін (автокөлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі) бекіту;
жүк орындарын бөлшектеуді (ашуды) және олардың ішіндегісін жете тексеруді тіркеу.
Фото және бейнежазба, кино түсірілімді жүргізу кезінде оларды біржола сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, тауарлардың негізгі сипаттамаларын толық көлемде бекіту қажет.
Фототүсірілімдерді (бейнежазбаларды) цифрлық форматта сақтау МКО серверлерінде жүзеге асырылады.
33. Жете тексеруді жүзеге асыру кезінде тауар көлік құралынан түсірілуге тиіс.
Егер көлік құралы тек біртекті тауарлармен (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының он белгі деңгейіндегі бір кодының тауарлары) тиелген болса, көлік құралының жүк бөлігінің бүкіл ұзындығы бойынша "дәліз" үлгісіндегі өткелді қалыптастыру жолымен тауарларды ішінара түсіру жүзеге асырылады.
Түсіру үйінді, ақтару, немесе құймалы түрде өткізілетін тауарлар бойынша жүзеге асырылмайды.
34. МКО лауазымды адамы жете тексеруді:
1) тауардың қаптамасын аша отырып, барлық жүк орындарын қайта санау, тауар қаптамасының әрбір түрінің тек 1 (бір) данасын ғана қайта санау және өлшеу:
бірдей таңбалануы бар, бірдей орамдағы біртекті тауарларға;
тез бүлінуге ұшырайтын тауарларға қатысты, кейіннен тауардың барлық партиясының саны мен салмағын есептеу жолымен айқындау арқылы;
2) төменде көрсетілген:
Қазақстан Республикасында есептік тіркеуден өткен халықаралық ұйымдардың атына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жеткізілетін;
табиғи және техногендік сипаттағы табиғи зілзалалардың, төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында жеткізілетін;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және (немесе) олардың өкілдіктерінің, халықаралық ұйымдар жанындағы мемлекеттердің өкілдіктері ресми пайдалану үшін өткізілетін және арналған тауарлар санаттарына;
тауар ретінде мәлімделген көлік құралдарына;
жете тексеруді жүргізетін лауазымды адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және арнайы танымды және (немесе) жарақтандыруды талап ететін заттарға;
"Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оның жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 206 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11395 болып тіркелген) сәйкес берілген тасымалдауға арнайы рұқсаты бар ірі габаритті және ауыр салмақты тауарларға қатысты көлік құралының жүк бөлігін оның ішіндегілерді бейнетүсірілім (тауарларды көлік құралынан түсірмей) не уақытша сақтау орнында орналастырылған тауарларды бейнетүсірілім жүргізе отырып ашу жолымен жүзеге асырады.
35. Қаптаманы ашуды МКО лауазымды адамы ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлға өкілдерінің, ал олар болмаған кезде – тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалардың қатысуымен жүргізеді.
ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалар немесе заңды тұлғаның өкілдері, сондай-ақ тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалар болмаған кезде қаптаманы ашуды МКО уәкілетті лауазымды адамы екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
36. Жүк орындарын ашу олардың тұтастығын және оларды сәйкестендіру құралдарын бұзуды, кейіннен тауарлардың жекелеген бірліктерін олардың қаптамасынан (жәшіктерден, қораптардан), технологиялық ыдыстардан, санына және атауына бақылау жасау, шығарылған елін айқындау және тауарлар туралы басқа да мәліметтер алу, басқа тауарлардың түрімен өткізілетін тауарларды анықтау үшін арнайы дайындалған тайниктерден алуды көздейді.
Жасырын тауардың бетіне бояу қабаттарын, металдарды, өзге де материалдарды жағу арқылы не тауарларды арнайы дайындалған бөлшектелмейтін тайниктерге салу арқылы бақылаудан жасырылған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды айқындау, сондай-ақ тауарлардың химиялық құрамын, олардың жеке сипаттамаларын айқындау мақсатында жете тексеруді жүзеге асыру кезінде МКО лауазымды адамы аралауды, егеуді, кесуді және конструкцияны бұзып ашуды жүзеге асырады.
37. Тауардың сипаттамалары туралы мәліметтер жеткіліксіз болған және белгілі бір таным болмаған кезде, тауарды сәйкестендіру үшін МКО лауазымды адамы Заңның 8-бабының 8) тармақшасы негізінде берілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды алу үшін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы уәкілетті органға сұрау салу жолдайды.
38. Объективті себептерге (үзіліс, жұмыс уақытының аяқталуы) байланысты жете тексеру процесі үзілген кезде МКО лауазымды адамы тауарлардың өзгермейтін күйде сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде жүк орындарына, көлік құралдарына не тауарлар орналасқан үй-жайларға сәйкестендіру құралдарын салу жолымен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдайды.
39. МКО лауазымды адамы ЕАЭО мүше мемлекеттердің Мемшекара арқылы өткізетін тауарларды жете тексеру қорытындылары бойынша ол аяқтағаннан кейін осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дереу жете тексеру актісін жасайды.
40. Жете тексеру актісі 2 (екі) данада жасалады, оның біреуі ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаның өкілдеріне, ал олар болмаған кезде – ЕАЭО мүше мемлекеттер мен Мемшекара арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғаларға тапсырылады.
41. Өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жете тексеруді жүзеге асыруға қатысқан кезде Жете тексеру актісінде осындай адамдар туралы мәліметтер көрсетіледі.
42. Жете тексеру актісіне:
тауарлардың қаптамасында бар таңбалау үлгілері, затбелгілер, тауарлық жапсырмалар және тауарларды сәйкестендірудің басқа құралдары (бар болса);
жете тексеру фотоматериалдары (осы материалдардың цифрлық жеткізгішін қосымша қосуға жол беріледі) (қолданылатын техникалық құралдарға байланысты);
жете тексеру бейнематериалдары (қолданылатын техникалық құралдарға байланысты);
жете тексеруге қатысатын немесе болатын мамандардың (олар тартылған жағдайда) және өзге де мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының өкілеттіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері;
жете тексеру кезінде қатысатын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
жете тексеруді жүзеге асыру барысында ресімделген және оған қатысы бар өзге де құжаттар қоса беріледі.
Жете тексеру актісіне қоса берілген қағаз жеткізгіштегі барлық құжаттар мен мәліметтер Жете тексеру актісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
43. Лауазымды адам жете тексеру актілерінің нәтижелерін Актілерді тіркеу журналына енгізеді.
44. ЕАЭО мүше мемлекеттермен Мемшекара арқылы рұқсатсыз өткізілетін ерекше тауарлар анықталған кезде МКО лауазымды адамы осы тауарларды өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдайды және осы Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, кері экспорты, импорты және транзиті фактілерін тіркеу журналы
____________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы өткізу пунктінің атауы)
р/н № | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күн | Автокөлік құралының / тіркеменің мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісі | Жүк жөнелтуші | Жүк алушы | Тауар (тасымалдау) құжаты | |||
Т.А.Ә. (ол болған кезде)/ атауы |
ЖСН/ | Т.А.Ә. (ол болған кезде)/ атауы |
ЖСН/ | Серия сы, нөмірі | Күні | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Кестенің жалғасы
Тауардың атауы | Тауардың СЭҚ ТН коды (бар болса) | Тауардың өлшем бірлігі (тонн, дана, литр) | Тауардың мөлшері | Тауардың құны | Қабылданған шаралар | Қабылданған шаралардың нәтіжесі | Ескертпе |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
р/н – реттік нөмірі.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру және жете тексеру актілерін тіркеу журналы
20___ жылға _______________________________________________ (мемлекеттік кірістер органының атауы)
р/н № | ТІЖ нөмірі | Қарап-тексеру/жете тексеру актісін тіркеу күні мен уақыты | Жолдама (әкелу/әкету) | Тауарды жөнелтушінің/алушының атауы ЖСН/БСН | Тауардың қысқаша сипаттамасы | Қарап-тексеруді/жете тексеруді жүргізу үшін негіздеме, оның ішінде іске қосылған тәуекел бейінінің нөмірі | Көлік құралының нөмірі | Қарап-тексеруді, жете тексеруді жүргізу орны | Қарап-тексерудің, жете тексерудің нәтижесі | Қарап-тексеруді/жете тексеруді жүргіз ген мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының Т.А. Ә, (ол болған кезде) | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Ескерту: аббревиатураларды ашып жазу:
ТІЖ – тауарға ілеспе құжат;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
р/н – реттік нөмірі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 наурыздағы № 295 бұйрығына 2-қосымша |
|
Нысан |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қарап-тексеру актісі № ________
20_ жылғы "___" ______ __: _ _ сағат _______________________
(тексеру орны)
Осы акт "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 28-бабына сәйкес: _______________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(МКО лауазымды адамдарының лауазымы, тегі, аты-жөні)
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
жүргізілген қарап-тексеру нәтижелері бойынша (тиісті торкөзді белгілеу қажет):
көлік құралы [ ];
багаж құралдары [ ];
тауар (тауарлар партиясы) [ ]
жөнелтуші: _____________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
(ұйымның атауы; БСН, жеке тұлға үшін – Т.А.Ә, (ол болған кезде), ЖСН, жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі)
__________________________________________________________ ден (ға)
(елдің атауы)
алушының атына: ________________________________________________________________
(ұйымның атауы; БСН, жеке тұлға үшін – Т.А.Ә, (ол болған кезде), ЖСН, жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі)
________________________________________________________________________________
(күні мен нөмірі көрсетілген көліктік (тасымалдау) құжаттарының, коммерциялық және өзге
де құжаттардың атауы)
құжаттар бойынша жібергені(дері) туралы жасалды.
Қарап-тексеру жүргізілді:
қатысқандар: көлік құралын басқаратын жеке тұлғаның: ___________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, жеке басын куәландыратын
құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері) Көлік құралдарын басқаратын жеке
тұлғалардың болмауына
байланысты_____________________________________________________________________
(себептерін көрсету керек)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
куәгерлер:
1) ______________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
_____;
2) _____________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
_____;
маманның (сарапшының) қатысуымен): _________________________________ (Т.А.Ә. (ол
болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
Қарап-тексеру жүргізу үшін негіздер (тиісті ұяшықты белгілеу қажет) болып табылады:
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
өткізу кезінде рұқсаттар ұсынылмаған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды көзбен шолып
табу [ ];
тәуекел бейінінің ұсыныстары [ ].
Қарап-тексеру кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдары
қолданылды: ____________________________________________________________________
(техникалық құралдардың атауы)
Жүргізілген қарап-тексеру нәтижесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар
тауарлардың өткізілуі анықталды/анықталмады (қажеттісінің астын сызу).
Анықталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлар бойынша мәліметтер:
1) атауы ________________________________________________;
2) тауардың нақты салмағы:
нетто _____________ килограмм;
брутто ____________ килограмм;
Тауардың нақты салмағы анықталды (тиісті ұяшықты белгілеу қажет):
нақты өлшеу тәсілімен [ ];
тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес [ ];
есептеу арқылы_________________________________________ [ ].
(есептеу деректері көрсетіледі)
3) сәйкестендіру құралдарының болуы: бар [ ];
сәйкестендіру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді [ ];
сәйкестендіру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді [ ].
жоқ [ ].
Анықталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды алып қою:
жүргізілді [ ];
жүргізілген жоқ [ ].
"___" _________ жылғы № _______Актіге сәйкес тауарлардың сынамаларын және (немесе)
үлгілерін іріктеу жүргізілді
Сәйкестендіру құралдары ________мөлшерде ________данада салынды.
Актіге қоса беріледі: _____________________________________________________________
(құжаттар, фотосуреттер, затбелгілер және өзге де растайтын құжаттар)
_______________________ _________________
(МКО лауазымды адамының
лауазымы, Т.А.Ә. (олр болған кезде), (қолы)
________________________ _________________
(ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен
Мемшекара арқылы өткізілетін,
тауарларға қатысты өкілеттіктері бар
жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің,
не көлік құралын басқаратын жеке тұлғанің
лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
________________________ _________________
((ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен
Мемшекара арқылы өткізілетін,
тауарларға қатысты өкілеттіктері бар
жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің,
не көлік құралын басқаратын жеке тұлғанің
лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
________________________________________ ____________
(куәгердің лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
____________________________________ ___________
(куәгердің лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
_______________________________________ ___________
(маманның (сарапшының) лауазымы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә – тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
МКО – мемлекеттік кірістер органы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы - Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 27 наурыздағы № 295 бұйрығына 3-қосымша |
|
Нысан |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды жете тексеру актісі № ________
"___" ______ 20_ жылғы__: _ _ сағат _______________________
(тексеру орны)
Осы акт "Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 28-бабына сәйкес: __________________________________________________
___________________________________________________________________________
(МКО лауазымды адамдарының лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде)
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
жүргізілген жете тексеру нәтижелері бойынша (тиісті торкөзді белгілеу қажет):
көлік құралы [ ];
багаж құралдары [ ];
тауар (тауарлар партиясы) [ ]
жөнелтуші жібергені туралы жасалды: __________________________________________
___________________________________________________________________________
(ұйымның атауы; БСН, жеке тұлға үшін – Т.А.Ә, (ол болған кезде), ЖСН, жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі)
__________________________________________________________ дан (ға)
(елдің атауы)
алушының атына: ______________________________________________________________
(ұйымның атауы; БСН, жеке тұлға үшін – Т.А.Ә, (ол болған кезде), ЖСН, жеке басын
куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі)
______________________________________________________________________________
(күні мен нөмірі көрсетілген көлік (тасымалдау) құжаттарының, коммерциялық және өзге де
құжаттардың атауы)
құжаттар бойынша жібергені(дері) туралы жасалды.
Жете тексеру жүргізілді:
қатысқандар:
көлік құралын басқаратын жеке тұлғаның: ___________
________________________________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері) Көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалардың
болмауына
байланысты_____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(себептерін көрсету керек)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
куәгерлер:
1) _____________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
_______________________________________________________________________________;
2) ___________________________________________________________
(Т.А.Ә. (ол болған кезде), жұмыс орны, лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың
атауы мен нөмірі, тұрғылықты жері)
_______________________________________________________________________________;
маманның (сарапшының) қатысуымен: ______________________________________ Т.А.Ә.(ол
болған кезде), жұмыс орны,лауазымы, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және
нөмірі, тұрғылықты жері)
________________________________________________________________________________
Жете тексеру жүргізу үшін негіздер (тиісті торкөзді белгілеу қажет) болып табылады:
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды рұқсатсыз өткізудің ықтимал тәуекелі туралы Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарынан ақпараттың болуы
[ ];
тәуекел бейнінің ұсыныстары [ ].
Жете тексеру кезінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдары
қолданылды: ____________________________________________________________________
(техникалық құралдардың атауы)
________________________________________________________________________________
Жүргізілген жете тексеру нәтижесінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар
тауарлардың өткізілуі анықталды/анықталмады (қажеттісінің астын сызу).
Анықталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлар бойынша мәліметтер:
1) атауы ________________________________________________;
2) тауардың нақты салмағы:
нетто _ _ _ _ _ _ _ _ килограмм;
брутто _ _ _ _ _ _ _ _ килограмм;
Тауардың нақты салмағы анықталды (тиісті ұяшықты белгілеу қажет):
нақты өлшеу тәсілімен [ ];
тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес [ ];
есептеу арқылы_________________________________________ [ ].
(есептеу деректері көрсетіледі)
3) сәйкестендіру құралдарының болуы:
бар [ ];
сәйкестендіру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді [ ];
сәйкестендіру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейді [ ].
жоқ [ ].
Анықталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды алып қою:
жүргізілді [ ];
жүргізілген жоқ [].
"___" _________ жылғы № _______актіге сәйкес тауарлардың сынамаларын және (немесе)
үлгілерін іріктеу жүргізілді
Сәйкестендіру құралдары ________ мөлшерде ________ дана салынды.
Актіге қоса беріледі: ______________________________________________
(құжаттар, фотосуреттер, затбелгілер және өзге де растайтын құжаттар)
_______________________________ _______________
(МКО лауазымды адамының лауазымы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
_______________________________ _______________
(көлік құралын басқарушы жеке
тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
_______________________________ _______________
(куәгердің лауазымы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
_______________________________ _______________
(куәгердің лауазымы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
______________________________ _______________
(куәгердің лауазымы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
_______________________________ _______________
(маманның (сарапшының)
лауазымы,
Т.А.Ә. (ол болған кезде) (қолы)
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
Т.А.Ә. (ол болған кезде) – тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде);
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ;
МКО – мемлекеттік кірістер органы.